«Солтүстік Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тамақтандыруға кететін шығынды өтеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 209 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Солтүстік Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тамақтандыруға кететін шығынды өтеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 209 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1.«Солтүстік Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тамақтандыруға кететін шығынды өтеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 209 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулының кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына, «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының 5-тармағына, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелді) бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының 17-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

    көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Мемлекеттік мектепке дейінгі білім ұйымдарында, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған, жекеменшік мектепке дейінгі білім ұйымдарында төмендегі жекелеген санаттағы тәрбиеленушілерге тамақтану шығыстары толық көлемде өтелсін:

    1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

    2) мүгедектігі бар балаларға;

    3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;

    4) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға.

    2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

    1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

    2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

    Ғ. Нұрмұхамбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.