Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 15 сәуір 2026 ж.
Түркістан облысы Сауран аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 140 «Сауран ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Сауран ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Түркістан облысы Сауран аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №140 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6488-13 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Сауран аудандық мәслихатының төрағасы
С. Байсбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.