«Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 сәуір 2026 ж.

    «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36055 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

    19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «19. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін цифрлық объектісі арқылы www.otbasybank.kz (бұдан әрі - Сайт) сілтемесі бойынша дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауға өтінішке қол қояды және көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.

    Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауға өтініштерді көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілдері береді және көрсетілетін қызметті берушінің филиалдарында қаралады.»;

    23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «23. Көрсетілетін қызметтерді алушыға және оның отбасы мүшелеріне қойылатын негізгі талаптарға сәйкестігін тексеруді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелер арқылы жүргізеді.»;

    26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «26. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сатысы туралы мәліметтердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

    Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты түрде енгізіледі.»;

    31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «31. Жергілікті атқарушы орган көрсетілетін қызметті алушы жеке тұрғын үй қорынан жалға алатын тұрғынжайдың нысаналы пайдаланылуына кемінде тоқсанына бір рет мониторингті жүзеге асырады.

    Жалға алу шартында көрсетілген мекенжай бойынша үшінші тұлғалардың тұру фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы күнтізбелік үш күн ішінде өзі қоныстанады.

    Бұзушылықтар жойылмаған және (немесе) жалдау шартын талаптарының бұзушылықтары қайта анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде, оларды қайта бастау мүмкіндігінсіз субсидиялауды тоқтату туралы көрсетілетін қызметті берушіге мәлімет жібереді.

    Жергілікті атқарушы органнан түскен мәліметтерді қарау нәтижесі бойынша қызмет беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданған шешімдер туралы ақпаратты оның мекенжайына жібереді.

    Жақын туыстарынан және ерлі-зайыптылардан, оның ішінде бұрынғы ерлі-зайыптылардан, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың жақын туыстарынан тұрғынжайды жалдау фактісі анықталған жағдайда, болашақта оларды қайта бастау мүмкіндігінсіз субсидиялауды тоқтату үшін мәліметтер екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.»;

    көрсетілген Қағидаға 5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты оның ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын қоспағанда, ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы

    Р. Исакулов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және цифрлық

    даму министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және

    құрылыс министрінің

    міндетін атқарушы

    2026 жылғы 10 сәуірдегі

    № 158

    Бұйрыққа қосымша

    Жеке тұрғын үй қорынан жалға

    алынған тұрғынжай үшін

    жалдау ақысының бір бөлігін

    субсидиялау қағидаларына

    5-қосымша

    «Же­ке тұр­ғын үй қо­ры­нан жал­ға алын­ған тұр­ғы­н­жай үшін жал­дау ақы­сы­ның бір бө­лі­гін суб­си­ди­я­лау» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің негіз­гі та­лап­та­ры­ның тіз­бе­сі
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Ұлт­тық да­му ин­сти­ту­ты мәр­те­бе­сіне ие тұр­ғын үй құ­ры­лыс жи­нақ бан­кі (бұ­дан әрі – «От­ба­сы банк» АҚ).
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уын
    Жоқ
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    «От­ба­сы банк» АҚ ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сы Ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган ай­қын­да­ған www.​otb​asyb​ank.​kz цифр­лық объ­ек­ті­сі ар­қы­лы.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    3 (үш) жұ­мыс кү­ні
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра цифр­лан­ды­ры­л­ған).
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі
    Тө­лем­дер­ді та­ғай­ын­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уәжді жа­у­ап.
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    8
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ші - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, түс­кі үзіл­іспен бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма күн­де­рін қо­са ал­ған­да көр­се­ті­ле­ді.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алушы­ның ку­әлан­ды­ры­л­ған ЭЦҚ ар­қы­лы же­ке тұр­ғын үй қо­ры­нан жал­ға алын­ған тұр­ғы­н­жай үшін аза­мат­тар­дың же­ке­лен­ген са­нат­та­ры­на тө­лем та­ғай­ын­дау ту­ра­лы өті­ні­ші Өті­ніш бе­ру­ші­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат цифр­лық жүй­е­лер­ге сұ­рау са­лу­лар­ға сәй­кес «цифр­лық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік цифр­лық жүй­е­лер­ден алы­на­ды.
    10
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алушы ұсын­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді алу үшін құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі анық­тал­са:
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алушы­ға қа­ты­сты бел­гі­лі бір мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді алу­ды та­лап ете­тін қыз­мет­тер­ге неме­се же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі (үкі­мі) бар екен­ді­гі;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі бар, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­рыл­са
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бар, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­л­ған.
    6) «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са), оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да, мем­ле­ке­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414» Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. 8-800-080-7777.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу үшін қыз­мет­тер­ді элек­трон­дық ны­сан­да алу субъ­ек­ті­ле­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес бір рет­тік па­роль­дер­ді пай­да­ла­на ала­ды.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.