2026 жылға тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 сәуір 2026 ж.

    2026 жылға тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5, 64 тармақтарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылға тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литрiне, килограмына) арналған субсидиялар нормалары бекітілсін.

    2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

    2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алматы қаласының әкімі

    Д. Сатыбалды

    Әзірлеуші: Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Б. Мәндібаев

    Келісушілер: Алматы қаласы әкімінің орынбасары О. Смағұлов

    Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Е. Исабеков

    Алматы қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы Г. Мырзабекова

    Алматы қаласы әкімдігінің

    2026 жылғы «___»__________ № ___

    қаулысына қосымша

    2026 жылға тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидияланатын түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары

    Суб­си­ди­я­ла­на­тын ты­ңайт­қы­штар­дың түр­ле­рі
    Ты­ңайт­қы­штың әсер ету затта­ры­ның құ­ра­мы, %
    Өл­шем бір­лі­гі
    Суб­си­ди­я­лар нор­ма­сы, тең­ге/тон­на, литр, ки­ло­грамм
    1
    Ам­ми­ак се­лит­ра­сы
    N - 34,4
    тон­на
    81 000
    Б мар­ка­лы ам­ми­ак се­лит­ра­сы
    N - 34,4
    2
    Та­зар­ты­л­ған кү­кірт қыш­қыл­ды ка­лий (ка­лий суль­фа­ты)
    K2O-53, SO3- 45
    тон­на
    190 000
    Ка­лий суль­фа­ты (Кrista SOP)
    K2O-52, SO3- 45
    Ка­лий суль­фа­ты
    K2O-51, SO3- 45
    Ка­лий суль­фат аг­ро­хи­ми­ка­ты
    K2O-52, SO3- 45
    3
    Мо­но­ка­лий­фос­фат аг­ро­хи­ми­ка­ты
    P-52, K-34
    тон­на
    499 000
    Krista MKP ты­ңайт­қы­шы (мо­но­ка­лий фос­фа­ты)
    P2O5-52, K20-34
    Мо­но­ка­лий фос­фат
    P2O5-52, K20-34
    4
    Yara Liva ТМ Calcinit ты­ңайт­қы­шы
    (каль­ций нит­ра­ты)
    N- 15,5, NH4-1,1, NO3-14,4, CaO-26,5
    тон­на
    187 500
    Yara Liva ТМ Calcinit
    каль­ций нит­ра­ты
    N- 15,5, NH4-1,1, NO3-14,4, CaO-26,5
    Каль­ций нит­ра­ты
    N-17; CaO-33
    Каль­ций нит­ра­ты (каль­ций се­лит­ра­сы), А мар­ка­сы
    N-14,2; Ca-79
    Кон­цен­тра­ци­я­лан­ған каль­ций нит­ра­ты
    N-17; CaO-32
    5
    ДТТ­ПА Fe мар­ка­лы «Хе­лат­эм» мик­ро­ты­ңайт­қы­шы
    Fe-16
    ки­ло­грамм
    2 901
    ДТ­ПА Fe мар­ка­лы «Хе­лат­эм» мик­ро­ты­ңайт­қы­шы
    Fe-11
    6
    ДТ­ПА Zn мар­ка­лы «Хе­лат­эм» мик­ро­ты­ңайт­қы­шы
    Zn-15
    ки­ло­грамм
    2 008
    7
    ДТ­ПА Mn мар­ка­лы «Хе­лат­эм» мик­ро­ты­ңайт­қы­шы
    Mn-13
    ки­ло­грамм
    2 008
    8
    Ам­мо­фос
    N-12, Р-52
    тон­на
    120 000
    9
    YaraVita BORTRAC 150
    N-4,7, B-11
    литр
    2 150
    10
    Кү­кірт қыш­қыл­ды 7-су­лы маг­ний
    MgO-16,4, S-12,9
    тон­на
    169 643
    Кү­кірт қыш­қыл­ды 7-су­лы маг­ний (маг­ний суль­фа­ты)
    MgO-16,7, S-13,3
    Кү­кірт қыш­қыл­ды 7-су­лы маг­ний (маг­ний суль­фа­ты)
    Mg-16, S-13,3
    Кү­кірт қыш­қыл­ды маг­ний (маг­ний суль­фа­ты)
    MgO-29,1-29,8; S-23
    11
    Krista K Plus ты­ңайт­қы­шы (ка­лий нит­ра­ты)
    N-13,5, NO3-13,5, K2O - 45,5
    тон­на
    357 143
    Ка­лий нит­ра­ты
    N-13,5, K2O -46
    СХ мар­ка­лы тех­ни­ка­лық ка­лий се­лит­ра­сы
    N-13,5, K-37,6
    12
    Кү­кірт қыш­қыл­ды 7-су­лы маг­ний
    MgO-16,4; S-12,9
    тон­на
    169 643
    Кү­кірт қыш­қыл­ды маг­ний (маг­ний суль­фа­ты)
    MgO - 29,1-29,8;
    S-23

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.