Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 сәуір 2026 ж.

    Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

    А. Ертаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2026 жылғы 14 сәуірдегі

    № 133

    бұйрықпен бекітілген

    Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

    1. «Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 909 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12601 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушінің қызметін декларациялау қағидаларында:

    3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «8) Электрондық еңбек биржасы – Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыс іздеуді және персоналды іріктеуге, жұмыспен қамту саласында электрондық және проактивті форматта қызметтер көрсетуге жәрдемдесуді қамтамасыз ететін, ізденушілер мен жұмыс берушілер үшін жұмыспен қамтудың бірыңғай цифрлық платформасы болып табылатын цифрлық объектісі;»;

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Жұмыс беруші «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік цифрлық порталындағы жеке кабинетінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы бойынша жұмыс берушінің қызметі туралы декларацияны (бұдан әрі – декларация) толтырады.

    Жұмыс беруші декларацияны толтырғаннан және растағаннан кейін ол автоматты түрде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ұйымның орналасқан жеріндегі аумақтық бөлімшесіне «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік цифрлық порталы мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – «ЕҚжҚ» АЦЖ) арасындағы интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы жіберіледі.

    Декларация «ЕҚжҚ» АЦЖ-ға берілген сәттен бастап, ол бірегей сәйкестендіру нөмірі мен тіркеу күні қойыла отырып автоматты түрде тіркеледі, бұл декларацияның еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ресми келіп түскен күні болып есептеледі.»;

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Комиссия келіп түскен декларацияны қарайды және «ЕҚжҚ» АЦЖ-да тіркелген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.

    Қабылданған шешім туралы хабарлама жұмыс берушіге оны «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік цифрлық порталындағы жеке кабинетінде орналастыру арқылы жіберіледі.»;

    11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «11. Мемлекеттік еңбек инспекторлары бару нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 904 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12498 болып тіркелген) 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысын жасайды, ол комиссия қарауына шығарылады.»;

    15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «15. Сенім сертификаты еңбек заңнамасының өрескел бұзушылық фактілері анықталған (расталған) сәттен бастап жоспардан тыс тексеру нәтижесі бойынша, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты ауыр немесе өліммен аяқталған жазатайым оқиға туындаған күннен бастап дереу күшін жояды.»;

    көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту және «Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 509 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 988 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14625 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    «Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер» өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеде (индексі 1- МЕИЖМ, кезеңділігі ай сайын):

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Нысан «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» цифрлық жүйесінен автоматты түрде қалыптастырылады және жүктеледі.»;

    көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    «Өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы мәліметтер» өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеде (индексі 2-ӨЖ, кезеңділігі ай сайын):

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Нысан «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» цифрлық жүйесінен автоматты түрде қалыптастырылады және жүктеледі.».

    3. «Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді жіберу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33936 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    Жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шартын жасасу туралы мәліметтерді жіберу жөніндегі қағидаларында:

    2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» цифрлық жүйесі – мемлекеттік еңбек инспекторларын тексеру, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу нәтижелерін есепке алуды автоматтандыруға арналған цифрлық жүйе;»;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Жұмыс берушінің еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген, жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру жөнінде жасалған шарт туралы мәліметтерді жіберуі мәліметтерді дерекқордан «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» цифрлық жүйесіне автоматтандырылған беру жолымен жүзеге асырылады.»;

    6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Дерекқордан «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» цифрлық жүйесіне мынадай мәліметтер беріледі:».

    4. «Жазатайым оқиға туралы актіні электрондық форматта еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33937 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жазатайым оқиға туралы актіні электрондық форматта еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберу қағидаларында:

    2-тармақта:

    2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі цифрлық жүйе – мемлекеттік еңбек инспекторларын тексеру, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу нәтижелерін есепке алуды автоматтандыруға арналған цифрлық жүйе;»;

    5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

    «5) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);

    6) «Электрондық еңбек биржасы» цифрлық порталы – еңбек нарығының бірыңғай цифрлық базасы бар цифрлық жүйе.»;

    4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актіні «Электрондық еңбек биржасы» цифрлық порталы арқылы жібереді.

    5. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актіні жіберу үшін жұмыс беруші электрондық цифрлық қолтаңбасымен растап, «Электрондық еңбек биржасы» цифрлық порталында жеке кабинетін тіркейді.

    6. Жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы актіні электрондық форматта сканерленген көшірме түрінде жеке кабинетте бекітіп және электрондық цифрлық қолтаңбасымен растап еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі цифрлық жүйеге жібереді.».

    5. «Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеу және есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 21 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33955 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеу және есепке алуды жүргізу қағидаларында:

    2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «3) еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі цифрлық жүйе – мемлекеттік еңбек инспекторларын тексеру, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру нәтижелерін есепке алуды автоматтандыруға арналған цифрлық жүйе;»;

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тіркеуді және есепке алуды жұмыс берушінің мемлекеттік тіркелген жері бойынша аумақтық бөлімше еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі цифрлық жүйеде жүзеге асырады.»;

    7-тармақта:

    бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Жазатайым оқиға туралы әрбір актіні аумақтық бөлімшемен еңбекті қорғау және қауіпсіздік жөніндегі цифрлық жүйе арқылы жұмыс берушіден еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы акт келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде енгізіледі, онда мынадай мәліметтер қамтылған:»;

    6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «6) зардап шегушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);».

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2026 жылғы 14 сәуірдегі

    № 133 бұйрығына

    1-қосымша /

    Жұмыс берушінің

    қызметін декларациялау

    қағидаларына

    1-қосымша

    Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне

    _____________________________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атауы)

    Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша жұмыс берушінің қызметі туралы өтініш-декларация

    1.

    ________________________________________________________________

    (заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы, заңды мекенжайы)

    2. Қызмет түрі ___________________________________________________

    3. Жұмыскерлер саны ____________ адам

    4. Осымен Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын сақтау туралы хабарлаймыз:

    № р/с
    Ең­бек заң­на­ма­сы та­лап­та­ры­ның маз­мұ­ны
    Де­кла­ра­ция (ия/жоқ)
    1.
    Бар­лық жұ­мыс­кер­лер­мен ең­бек шар­тта­ры жа­сал­ды. Ең­бек шар­тын жа­са­су ке­зін­де заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген шек­те­улер сақ­та­ла­ды. Жұ­мыс­кер­лер­мен жа­сал­ған ең­бек шар­тта­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер ең­бек шар­тта­рын есеп­ке алу­дың бі­рың­ғай жүй­е­сіне ен­гі­зі­л­ген
    2.
    Ең­бек тәр­ті­бі­нің қа­ғи­да­ла­ры бе­кі­тіл­ді (бе­кі­ту кү­ні) және қол­да­ны­сқа ен­гі­зіл­ді
    3.
    Ағым­да­ғы жы­л­ға жұ­мыс­кер­лер­дің жыл сай­ын­ғы ақы­лы ең­бек де­ма­лы­сы­ның кесте­сі бе­кі­тіл­ді, ал оның өн­ді­рі­стік қа­жет­ті­лік­ке бай­ла­ны­сты өзге­руі ең­бек де­ма­лы­сы­ның ба­ста­луы­на дей­ін кем де­ген­де екі ап­та қал­ған­да жұ­мыс­кер­ге ха­бар­лау ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды. Қа­та­ры­нан екі жыл бойы жұ­мыс­кер­ге ең­бек де­ма­лы­сын неме­се оның бө­лі­гін бер­меу, жыл сай­ын­ғы ақы­лы ең­бек де­ма­лы­сы­нан заң­сыз ша­қы­рып алу жағ­дай­ла­ры жоқ
    4.
    Жа­ла­қы бел­гі­лен­ген мер­зім­де то­лық мөл­шер­де тө­ле­не­ді. Жұ­мыс­кер­ге ти­е­сі­лі өте­ма­қы тө­лем­де­рін, оның ішін­де жұ­мыс­кер­дің өмі­рі мен ден­са­улы­ғы­на кел­ті­рі­л­ген зи­ян­ды өтеу со­ма­сын тө­леу бой­ын­ша бе­ре­шек неме­се кі­ді­ріс жоқ
    5.
    Зей­не­та­қы­лық және әле­умет­тік ауда­рым­дар, жұ­мыс­кер­лер­ді ең­бек қыз­ме­ті­мен бай­ла­ны­сты жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­дан және кә­сіп­тік ау­ру­лар­дан сақ­тан­ды­ру жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
    6.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс және де­ма­лыс тәр­ті­бі сақ­та­ла­ды. Мер­зім­нен тыс жұ­мыстар­ға, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін­де­гі жұ­мыстар­ға заң­сыз тар­ту жағ­дай­ла­ры жоқ
    7.
    Өн­ді­ріс ұй­ым­да­рын­да­ғы, оның ішін­де қай­та ұй­ым­да­сты­ру, жұ­мыс кө­ле­мін қы­сқар­ту және адам са­нын неме­се штат­ты қы­сқар­ту ке­зін­де­гі өзге­рі­стер­ге бай­ла­ны­сты жұ­мыс­кер­лер жұ­мыс бе­ру­ші та­ра­пы­нан жа­з­ба­ша түр­де ке­мін­де бір ай бұ­рын ес­кер­ті­ле­ді.
    8.
    Тәр­тіп­тік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке заң­сыз тар­ту фак­ті­ле­рі жоқ
    9.
    Ең­бек шар­тын заң­сыз бұ­зу фак­ті­ле­рі жоқ
    10.
    Өн­ді­рі­сте жа­за­тай­ым оқи­ға­лар жоқ
    11.
    Ең­бек жағ­дай­ла­ры бой­ын­ша өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер­ге бел­гі­лен­ген мер­зім­де ат­те­стат­тау жүр­гі­зіл­ді
    12.
    Ең­бек­ті қор­ғау қыз­ме­ті бар (ең­бек­ті қор­ғау жө­нін­де­гі ма­ман­ның ла­у­а­зы­мы)
    13.
    Ұй­ым­дар­да­ғы же­тек­ші жұ­мыс­кер­лер және ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі мен ең­бек­ті қор­ғауды қам­та­ма­сыз ету­ге жа­у­ап­ты адам­дар ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі және ең­бек­ті қор­ғау мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша оқу­дан және бі­лім­де­рін тек­се­ру­ден өт­ті
    14.
    Бар­лық жұ­мыстар мен кә­сіп­тер үшін ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі және ең­бек­ті қор­ғау жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тар әзір­лен­ді және бе­кі­тіл­ді
    15.
    Жұ­мыс­кер­лер ең­бек жағ­дай­ла­ры бой­ын­ша ұжым­дық және же­ке қор­ға­ну құ­рал­да­ры­мен қам­та­ма­сыз етіл­ді
    16.
    Зи­ян­ды ең­бек жағ­дай­ла­рын­да жұ­мыс іс­тей­тін жұ­мыс­кер­лер­ге бе­кі­ті­л­ген нор­ма бой­ын­ша уақ­ты­лы сүт неме­се ем­дік-про­фи­лак­ти­ка­лық та­ғам те­гін бе­рі­ле­ді
    17.
    Ең­бек­ті қор­ғауды бас­қа­ру жүй­е­сі­нің ұлт­тық стан­дарт­та­ры ен­гі­зіл­ді және оның іс­ке асы­ры­луын ба­қы­лау жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
    18.
    Ауыр жұ­мыстар­да, зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дай­ла­рын­да жұ­мыс іс­тей­тін жұ­мыс­кер­лер­ді мер­зім­дік ме­ди­ци­на­лық тек­се­ру­лер жүр­гі­зі­ле­ді
    19.
    Ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі және ең­бек­ті қор­ғау жағ­дай­ла­рын жақ­сар­ту бой­ын­ша іс-ша­ра­лар­ды қар­жы­лан­ды­ру жү­зе­ге асы­ры­лу­да
    20.
    Өн­ді­рі­стер­дің, цех­тар­дың, учас­ке­лер­дің, жұ­мыс орын­да­ры­ның қыз­ме­ті және жаб­дық­тың, ме­ха­н­из­дер­дің пай­да­ла­ны­луы ең­бек қа­уіп­сіз­ді­гі және ең­бек­ті қор­ғау ту­ра­лы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер та­лап­та­ры­на сәй­кес ке­ле­ді
    21.
    Жұ­мыс­кер­лер­дің кә­сі­би бі­лік­ті­лі­гін та­ну ту­ра­лы құ­жа­ты бар
    5. Сенім сертификатын беруіңізді сұраймын

    Жұмыс беруші ___________________________________________________ (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Кәсіподақ органының төрағасы

    _____________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    20__ жылғы «__»_______

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2026 жылғы 14 сәуірдегі

    № 133 бұйрығына

    2-қосымша

    Денсаулық сақтау және

    әлеуметтік даму министрінің

    2016 жылғы 28 қарашадағы

    № 988 бұйрығына

    1-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан

    Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне ұсынылады.

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан өтеусіз негізде интернет- ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgit?lang=ru.

    Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер.

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан индексі өтеусіз негізде:

    1-МЕИЖМ.

    Жиілігі: ай сайын.

    Есепті кезең 20 ___ жылғы _____ай.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері.

          Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» цифрлық жүйесінде автоматтандырылған режимде есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне (қоса алғанда) дейін.

    БСН:

          Жинау әдісі - электронды түрде

    Өңір
    Жүр­гі­зі­л­ген тек­се­ру­лер са­ны
    (бір­лік)
    оның ішін­де
    Анық­тал­ған
    бұ­зу­шы­лық­тар
    Бұ­зу­шы­лық­тар жой­ыл­ды
    Ұй­ға­рым бе­ріл­ді
    про­фи­лак­ти­ка­лық ба­қы­лау
    жос­пар­дан тыс
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
          Кестенің жалғасы
    Са­лын­ған әкім­ші­лік ай­ып­пұл­дар са­ны (бар­лы­ғы)
    Әкім­ші­лік ай­ып­пұл­дар со­ма­сы (мың тең­ге)
    Тоқ­та­ты­л­ған (тый­ым са­лын­ған) жұ­мыс
    Жұ­мысы нан шет­те­ті­л­ген жұ­мыс­кер­лер­дің са­ны (адам)
    Мем­ле­кет­тік ең­бек ин­спек­тор­ла­ры жа­за­тай­ым оқи­ға­ға жүр­гіз­ген тер­ге­улер са­ны (аяқ­тал­ған) Бар­лы­ғы (бір­лік)
    Құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­на бе­рі­л­ген ма­те­ри­ал­дар­дың са­ны
    Жа­за­тай­ым оқи­ға­ға ар­найы тер­геп-тек­се­ру ма­те­ри­ал­да­ры бой­ын­ша қыл­мыстық жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­л­ған адам­дар­дың са­ны Бар­лы­ғы (бір­лік)
    ста­н­ок­тар, жаб­дық­тар
    өн­ді­рі­стік объ­е­ті­лер
    ұй­ым­дар­дың қыз­ме­ті
    Бар­лы­ғы (бір­лік)
    оның ішін­де қоз­ғал­ған қыл­мыстық іс­тер
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    Атауы__________________________________________________________
    Мекенжайы_____________________________________________________
    Телефон ________________________________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________

    Орындаушы: _____________________________________ ______________ Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

    Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға:

    ____________________________________________________________ Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

    Күні: 20__ жылғы «___» _________________

    Мөр орны (бар болса)

    Қазақстан Республикасы

    Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    2026 жылғы 14 сәуірдегі

    № 133 бұйрығына

    3-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау және

    әлеуметтік даму министрінің

    2016 жылғы 28 қарашадағы

    № 988 бұйрығына

    3-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан     

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне ұсынылады.

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан өтеусіз негізде интернет- ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgit?lang=ru.

    Әкімшілік нысанның атауы: Өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы мәліметтер.

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан индексі өтеусіз негізде: 2-ӨЖ.

    Жиілігі: ай сайын.

    Есепті кезең 20 ___ жылғы _____ай.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» цифрлық жүйесінде автоматтандырылған режимде есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне (қоса алғанда) дейін.

    БСН:

          Жинау әдісі - электронды түрде

    Өңір
    Бар­лы­ғы жа­за­тай­ым оқи­ға­лар са­ны (бір­лік)
    Оның ішін­де топ­тық (бір­лік)
    Бар­лы­ғы за­рдап шек­кен­дер са­ны (адам)
    оның ішін­де
    Топ­тық жа­за­тай­ым оқи­ға­лар­да за­рдап шек­кен­дер­дің са­ны (адам)
    Же­ңіл және ор­та­ша дә­ре­же­де­гі за­рдап шек­кен­дер­дің са­ны (адам)
    Ауыр нәти­же­мен за­рдап шек­кен­дер са­ны (адам)
    Қа­за тап­қан­дар са­ны (адам)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
         
    Атауы _____________________________________________________________
    Мекенжайы_______________________________________________________________
    Телефон __________________________________________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________________

    Орындаушы: ________________________________________________ ______________ Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

    Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға:

    ____________________________________________________________ ______________ Тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы

    Күні: 20__ жылғы «___» _________________

    Мөр орны (бар болса)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.