Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
3-тармақтың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«30) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі – «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5), 6), 7), 10), 12), 13), 19), 20) тармақшалары, 12-бабының 1), 2), 3), 6), 7), 9), 10), 11), 13), 14), 19), 20), 22), 23), 26), 28), 29), 31) тармақшалары, 13-бабының 3), 5) тармақшалары, 14-бабының 16), 17), 19) тармақшалары;».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.Тоқаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.