«Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығы және «Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 20 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35311 болып тіркелген);
2. «Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының м.а. 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 11 желтоқсандағы № 20 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37662 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жедел талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Ж. Элиманов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.