«Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 сәуір 2026 ж.

    «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 187 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20338 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Ч. Аринов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар

    министрі

    2026 жылғы 13 сәуірдегі

    № 155

    Бұйрыққа қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Индустрия және

    инфрақұрылымдық

    даму министрінің

    2020 жылғы 6 сәуірі

    № 187 бұйрығымен

    бекітілген

    «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу тәртібін айқындайды.

    2. «Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

    3. Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген) бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу өлшемшарттарын айқындайтын қағидаларға және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларына сәйкес әзірленеді.

    2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

    4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін заңды немесе жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz (бұдан әрі – портал):

    қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу кезінде:

    1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

    2) қауіпті өндірістік объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесі.

    қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеуден шығарған жағдайда:

    1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш;

    2) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесін жолдайды.

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес баяндалған.

    Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

    Ұсынылған құжаттардың және онда қамтылған мәліметтердің дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.

    Мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

    5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттар мен мәліметтерді олар келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, не болмаса оны алмастыратын тұлғаға жібереді, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.

    Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    6. Жауапты орындаушы осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген, ұсынылған құжаттардың толықтығын бір жұмыс күні ішінде тексереді, және құжаттардың пакетінің толық болмауы фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық-цифрлік қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған дәлелді бас тарту жауабын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға жеке кабинетке портал арқылы электрондық құжат түрде жолдайды.

    Заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы алады.

    Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 4, 5 немесе 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық-цифрлік қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған нәтижесін ресімдейді, және оны электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды.

    Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 3-қосымшада баяндалған.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес тыңдау рәсімін жүзеге асырады.

    7. Көрсетілетін қызметті беруші цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

    Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

    8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 жұмыс күні ішінде «цифрлық үкіметтің» операторын (Оператор) мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініштің әкімшілік құжат нөмірі және коды (ӘҚНЖК), немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (ӨБСН), әкімшілік құжаттың нөмірі және коды (ӘҚНЖК РҚ) немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (РҚБСН), көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) бойынша ақпаратты міндетті түрде ұсыну арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі [email protected]. электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.

    9. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты «цифрлық үкіметтің» операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.

    3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган)жүргізеді.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушіге, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

    Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) күн ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

    11. Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    12. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

    1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

    2) қосымша ақпарат алу.

    Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

    13. Егер Заңда өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

    «Қауіпті өндірістік объектінің

    өнеркәсіптік қауіпсіздік

    декларацияларын тіркеу»

    мемлекеттік қызметін

    көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    [Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

    Басшысына

    [Мемлекеттік органның атауы]

    Өтініш нөмірі: [нөмірі]

    Өтініш күні: [күні]

    Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының тіркеу шифрын беруге ӨТІНІШ

    _______________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

    Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 76-бабын басшылыққа ала отырып, сізден қоса беріліп отырған ______________________________________________ қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын қарауды және оған тіркеу шифрын беруді сұрайды.

    Қосымша:

    1) Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесі.

    Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәйексіз мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы растаймын.

    _____ ____________________________

    [Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба

    «Қауіпті өндіріс объектісінің

    өнеркәсіптік қауіпсіздік

    декларацияларын тіркеу»

    мемлекеттік қызметін

    көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    [Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

    Басшысына

    [Мемлекеттік органның атауы]

    Өтініш нөмірі: [нөмір]

    Өтініш күні: [күні]

    Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеуден шығару туралы ӨТІНІШ

    __________________________________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

    «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 76-бабын басшылыққа ала отырып, сізден қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеуден шығаруды сұрайды:

    ____________________________________________________________________ (декларацияның атауы, шифры)

    Себебі _____________________________________________________________

    Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәйексіз мәліметтер бергені үшін жауапкершілік туралы хабардармын.

    ____________________________

    [Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), электрондық цифрлық қолтаңба]

    «Қауіпті өндірістік объектінің

    өнеркәсіптік қауіпсіздік

    декларацияларын тіркеу»

    мемлекеттік қызметін

    көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    «Қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­нің өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік де­кла­ра­ци­я­ла­рын тір­кеу» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тө­тен­ше жағ­дай­лар ми­ни­стр­лі­гі­нің Өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші).
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уы
    -
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    www.​egov.​kz «Цифр­лық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі - пор­тал)
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    3 (үш) жұ­мыс кү­ні
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра цифр­лан­ды­ры­л­ған)
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі
    Тір­кеу шиф­рын бе­ре оты­рып тір­кеу неме­се өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік де­кла­ра­ци­я­сын тір­ке­уден алу не дәлел­ді бас тар­ту
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    8
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен.
    Пор­тал, жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, ко­дек­с­ке сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­нің өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік де­кла­ра­ци­я­сы тір­кел­ген жағ­дай­да:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес өті­ніш;
    2) қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­нің өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік де­кла­ра­ци­я­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
    қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­нің өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік де­кла­ра­ци­я­сын тір­ке­уден шы­ғар­ған жағ­дай­да:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес өті­ніш;
    2) қа­уіп­ті өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­нің өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік де­кла­ра­ци­я­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік цифр­лық жүй­е­лер­ден «цифр­лық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды».
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша;
    6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сы;
    2) www.​egov.​kz пор­тал­да.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фо­ны: «1414», +7 (800) 080 7777.

    «Қауіпті өндірістік объектінің

    өнеркәсіптік қауіпсіздік

    декларацияларын тіркеу»

    мемлекеттік қызметін

    көрсету қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    [Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы]
    [На­име­но­ва­ние го­су­дар­ствен­но­го ор­га­на]
    [Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның де­ректе­ме­ле­рі]
    [Рек­ви­зи­ты го­су­дар­ствен­но­го
    ор­га­на]
    Кү­ні: [Бе­рі­л­ген кү­ні]
    [Же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның
    ата­уы]
    Нө­мі­рі: [Құ­жат нө­мі­рі]
    [Же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның
    де­ректе­ме­ле­рі (ме­кен­жайы, же­ке
    сәй­кестен­ді­ру/биз­нес-
    сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, те­ле­фо­ны)]
    ДӘЛЕЛ­ДІ БАС ТАР­ТУ
    [Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы], Сіз­дің [Өті­ніш кү­ні] жы­л­ғы № [Өті­ніш­тің нө­мі­рі] өті­ні­ші­ң­із­ді қа­рап, мы­на­ны ха­бар­лай­ды:
    [Бас тар­ту­дың негі­зі]
    [Қол қо­ю­шы­ның ла­у­а­зы­мы]
    [Те­гі, аты, әке­сі­нің аты
    (бар бол­са), элек­трон­дық
    цифр­лық қол­таң­ба­сы]

    «Қауіпті өндірістік объектінің

    өнеркәсіптік қауіпсіздік

    декларацияларын тіркеу»

    мемлекеттік қызметін

    көрсету қағидаларына

    5-қосымша

    Нысан

    [Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы]
    [На­име­но­ва­ние го­су­дар­ствен­но­го
    ор­га­на]
    [Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның де­ректе­ме­ле­рі]
    [Рек­ви­зи­ты го­су­дар­ствен­но­го
    ор­га­на]
    Нө­мі­рі: [Құ­жат нө­мі­рі]
    [Же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның
    ата­уы]
    Өті­ніш нө­мі­рі: [Нө­мі­рі]
    [Же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның
    де­ректе­ме­ле­рі (ме­кен­жайы, же­ке
    сәй­кестен­ді­ру/биз­нес-
    сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, те­ле­фо­ны)]
    Бе­рі­л­ген кү­ні: [Кү­ні]
    ӨНЕР­К­Ә­СІП­ТІК ҚА­УІП­СІЗ­ДІК ДЕ­КЛА­РА­ЦИ­Я­СЫН ТІР­КЕУ
    [Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы], «Аза­мат­тық қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 76-ба­бы­на және «Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік де­кла­ра­ци­я­сын [Объ­ек­ті­нің ата­уы] тір­кел­ді және оған [Шифр] шиф­рі бе­ріл­ді.
    [Қол қо­ю­шы­ның ла­у­а­зы­мы]
    [Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са),
    элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы]

    «Қауіпті өндірістік объектінің

    өнеркәсіптік қауіпсіздік

    декларацияларын тіркеу»

    мемлекеттік қызметін

    көрсету қағидаларына

    6-қосымша

    Нысан

    Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы]
    [На­име­но­ва­ние го­су­дар­ствен­но­го ор­га­на]
    [Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның де­ректе­ме­ле­рі]
    [Рек­ви­зи­ты го­су­дар­ствен­но­го ор­га­на]
    Нө­мі­рі: [Құ­жат нө­мі­рі]
    [Же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның ата­уы]
    Өті­ніш нө­мі­рі: [Нө­мі­рі]
    [Же­ке неме­се заң­ды тұл­ға­ның
    де­ректе­ме­ле­рі (ме­кен­жайы, же­ке
    сәй­кестен­ді­ру/биз­нес-
    сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі, те­ле­фо­ны)]
    Бе­рі­л­ген кү­ні: [Кү­ні]
    ӨНЕР­К­Ә­СІП­ТІК ҚА­УІП­СІЗ­ДІК ДЕ­КЛА­РА­ЦИ­Я­СЫН ТІР­КЕ­УДЕН ШЫ­ҒА­РУ
    [Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ата­уы], «Аза­мат­тық қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 76-ба­бы­на және «Рұқ­сат­тар және ха­бар­ла­ма­лар ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік де­кла­ра­ци­я­сы [де­кла­ра­ци­я­ның ата­уы, шиф­рі] тір­ке­уден шы­ға­рыл­ды.
    [Қол қо­ю­шы­ның ла­у­а­зы­мы]
    [Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са),
    элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы]

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.