Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 сәуір 2026 ж.

    Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 1100 «Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларымен, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерімен емтихан тапсыру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 12479 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері емтихан тапсыру қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1.Өнеркәсіпті қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты емтихан комииссиялары мүшелерінің емтихан тапсыруының осы Қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Азаматтық қорғау туралы»Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабының 8-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және аталған заңды тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ тұрақты емтихан комиисиялары (бұдан әрі - ТЖЕК) мүшелерінің емтихан тапсыру тәртібін анықтайды.»

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) емтиханды тапсыру үшін «цифрлық үкіметтің» www.egov.kz (бұдан әрі – портал) веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті жолдайды.»;

    7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағиданың 2- қосымшасы на сәйкес белгіленеді.»;

    9-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.»;

    18-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.»;

    18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «18-1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты үш жұмыс күні ішінде «цифрлық үкімет» операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жолдайды.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 3-1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енетін осы бұйрықтың бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтары және 1, 2, 3-қосымша ларды қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Осы бұйрықтың 1-тармағының он екінші абзацы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

    «Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.»

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Ч. Аринов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және цифрлық

    даму министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар министрі

    2026 жылғы 13 сәуірдегі

    № 156 Бұйрыққа

    1 -қосымша

    Өнеркәсіптік қауіпсіздікті

    декларациялайтын заңды

    тұлғалар басшыларымен,

    сондай-ақ аталған заңды

    тұлғалардың тұрақты жұмыс

    істейтін емтихан комиссиялары

    мүшелерімен емтихан

    тапсыру қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    [Заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, телефоны)]

    [Мемлекеттік органның атауы]

    Басшысына

    Өтініш нөмірі: [Нөмірі]

    Өтініш күні: [Күні]

    Өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеруге ӨТІНІШ

    «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 79-бабы 8-тармағының талаптарына сәйкес сізден басшылардан және тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша емтихандар қабылдауыңызды сұраймын

    _____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы, өнеркәсіптік саласы, қызмет саласы) 1. ___________________________________________________________________ 2. ___________________________________________________________________ 3. ___________________________________________________________________ 4. __________________________________________________________________________________ (Емтихан тапсырушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы)

    Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді бергені үшін жауаптылық туралы хабардармын.

    ____________________________

    [Тегі, аты, әкесінің аты

    (бар болса), электрондық

    цифрлық қолтаңба]

    Бұйрыққа 2-қосымша

    Өнеркәсіптік қауіпсіздікті

    декларациялайтын заңды

    тұлғалар басшыларымен,

    сондай-ақ аталған заңды

    тұлғалардың тұрақты жұмыс

    істейтін емтихан комиссиялары

    мүшелерімен емтихан

    тапсыру қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    «Өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік­ті де­кла­ра­ци­я­лай­тын заң­ды тұ­лға­лар бас­шы­ла­ры­ның, сон­дай-ақ көр­се­ті­л­ген заң­ды тұ­лға­лар­дың тұ­рақ­ты жұ­мыс іс­тей­тін ем­ти­хан ко­мис­си­я­ла­ры мү­ше­ле­рі­нің ем­ти­хан тап­сы­руы» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші
    Өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган ве­дом­ст­во­сы­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің (бар бол­са) ата­уы
    -
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту тә­сіл­де­рі
    «Цифр­лық үкі­мет» веб-пор­та­лы www.​egov.​kz (бұ­дан әрі – пор­тал).
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    15 (он бес) жұ­мыс кү­ні
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (то­лық цифр­лан­ды­ры­л­ған)
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі
    Сер­ти­фи­кат неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
    Мем­ле­кет­тiк қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­ның неме­се оның ор­нын ауы­сты­ра­тын адам­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы (бұ­дан әрi - ЭЦҚ) қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» жі­бе­рі­ле­ді және сақ­та­ла­ды.
    7
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рін және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    8
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс гра­фи­гі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс гра­фи­гіне сәй­кес дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, түс­кі үзіл­іспен.
    2) пор­тал - тех­ни­ка­лық жұ­мыстар­ды жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­л­ген қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік цифр­лық жүй­е­лер­ден «цифр­лық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) уәкі­лет­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ке­лі­сі­мі ту­ра­лы сұ­рау са­лу­ға бе­рі­л­ген те­ріс жа­у­ап, сон­дай-ақ са­рап­та­ма­ның, зерт­те­удің не тек­се­ру­дің те­ріс қо­ры­тындысы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша;
    6) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік неме­се әле­умет­тік жа­у­ап­кер­ші­лі­гі бар қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
    11
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып, өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сы;
    2) www.​egov.​kz пор­тал­да.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фо­ны: «1414», +7 (800) 080 7777.

    Бұйрыққа 3-қосымша

    Өнеркәсіптік қауіпсіздікті

    декларациялайтын заңды

    тұлғалар басшыларымен,

    сондай-ақ аталған заңды

    тұлғалардың тұрақты жұмыс

    істейтін емтихан комиссиялары

    мүшелерімен емтихан

    тапсыру қағидаларына

    3-1-қосымша

    нысан

    Тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтауға қойылатын ең төменгі техникалық талаптар

    1. Тестілеуді өткізу кезінде емтихан тапсыратын тұлғалар жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну арқылы сәйкестендіруден өтеді

    2. Тестілеуге кіргізу кезінде қол немесе рамалық типтегі металл іздегіштер пайдаланылады. Металл іздегіштерді тестілеуге кіргізу кезінде қолдану тестілеуді өткізу барысында емтихан тапсыратын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа байланыс құралдарын, электрондық-есептеу техникасын, фото-, аудио- және бейнеаппаратураны, анықтамалық материалдарды, жазбаша жазбаларды және ақпаратты сақтау мен берудің өзге де құралдарын алып кіруіне жол бермеу мақсатында жүзеге асырылады.

    3. Тестілеуді бастау үшін емтихан тапсыратын тұлға биометриялық сәйкестендіру арқылы жеке басын растауы қажет.

    4. Тестілеу залдары жұмыс станцияларымен (процессор — кемінде Intel Core i3, жедел жад — кемінде 4 Гб), үй-жайларды ауа баптау жүйелерімен, диспенсермен, күту залымен жабдықталуы тиіс.

    5. Әрбір жұмыс станциясы тестілеу процесінің бейнежазбасын жүргізу үшін веб-камералармен жабдықталуы тиіс.

    6. Тестілеу залдары заманауи цифрлық бейне және аудиобақылау жүйесімен жабдықталуы тиіс.

    Тестілеуді өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында өткізу пункттеріндегі аудиториялар жалпы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.

    7. Әрбір тестілеу залында басып шығару мүмкіндігі бар принтер орнатылуы тиіс.

    8. Әрбір тестілеу залы басқарылатын коммутатормен және жергілікті желімен жабдықталуы әрі киберқауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.