«Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандырудыұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 107-1367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 қыркүйек 2025 ж.

    «Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 107-1367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысының 5 тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 107-1367 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілердің мынадай санаттарына тегін тамақтану ұйымдастырылсын:

    1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

    2) мүгедектігі бар балаларға, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға;

    3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;

    4) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға;

    4-тармақ алынып тасталсын.

    2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Әкім

    Ж. Қасымбек

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.