2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 сәуір 2026 ж.

    2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтерді бекіту туралы

    «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32987 болып тіркелген) сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тарифтер осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Қ. Жолдыбай

    2026 жылғы 3 сәуірдегі

    № 122 қаулыға қосымша

    2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер

    Мекемелердің түрлері
    Қызмет алушылардың түрлері
    Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге)
    Айына 1 қызмет алушының тарифі (теңге)
    Кіші түрі
    Қызмет алушының жағдайы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1.
    Үйде қызмет көрсету
    Балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға және қарт адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру
    Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдар (отбасылар).
    4584,3
    96270,98

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.