Түркістан қаласы әкімдігінің «Бизнесті қолдау және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 кыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан қаласы әкімдігінің «Бизнесті қолдау және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауы Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі жаңа редакцияда бекітілсін.
3. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеменің ережесін Әділет органдарына тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
4. Түркістан қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 07 сәуірдегі № 181 санды «2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 840 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және 2025 жылғы 08 тамыздағы № 457 «Бизнесті қолдау және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы» қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуы Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Қала әкімі әкімі
Ә. Пазылбекұлы
Түркістан қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «____» наурыздағы
№_______ қаулысымен бекітілді
Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы үлгілік ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлікті (оның ішінде ауыл шаруашылық саласы бойынша) және туризм салаларындағы мәселелер бойынша басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады .
2. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомствосы «Visit Turkistan» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
3. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
6. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда ол мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі, № 28 үй.
10. Осы Ереже Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.
11. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi бюджетiнен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер жергілікті бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен өкілеттіктері:
2.1. Мекеменің мақсаттары: Кәсіпкерлік пен туризм, ауыл шаруашылық саласындағы мемлекеттiк саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
2.2. Мекеменің өкілеттіктері:
Құқықтары:
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;
2) өзінің құзыреті шегінде шешімдер қабылдау;
3) мемлекеттің мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау; Міндеттері:
1) кәсіпкерлік пен туристік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау; 2) кәсіпкерлік пен туристік қызметті қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету;
3) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;
4) қаланы дамыту үшін инвестициялар тарту;
5) қалада кәсіпкерлік пен туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау, қолдау және олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау.
6) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау;
7) Бөлімнің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;
8) Мақсаттар мен өкілеттіктерді іске асыру мемлекеттік органдар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттер шегінде жүзеге асырылады.
2.3. Бөлімнің функциялары:
Инвестиция және сауда саласында:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұйымдардың сатып алуында жергілікті қамту жөнінде ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы жергілікті органға ұсыну;
2) Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы жергілікті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат ұсыну:
3) жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізу; 4) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастыру және үйлестіру;
5) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;
6) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға талдау жүргізу;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмекті ұйымдастыру;
8) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
9) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;
10) жеке кәсіпкерлікке мемлекет қолдауын жергілікті дәрежеде іске асырады;
11) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзырет шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
11/1) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 199, 204, 353, 405, 407-1, 407-2, 408 баптары бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру мен іс-қағаздарын жүргізу жұмыстары;
12) жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiн аккредиттеудi жүргiзуді заңға сәйкес іске асыру;
13) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;
14) стационарлық емес сауда обьектілерін орналастыру орындары мен бағыттарын бөлу және конкурстық негізде өткізілуін қамтамасыз ету;
14/1) Түркістан қаласының аумағында стационарлық емес объектілерді және стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидаларын, орнату, олардың жұмыс істеуі және оларды бөлшектеп алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
15) қалада сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлеу;
16) сауда инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;
17) сауда қызметі субъектілерін, оның ішінде отандық өндірістің азық-түлік тауарлары саудасын жүзеге асырушыларға экономикалық ынталандыру шараларын қолдану;
18) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізу;
19) ауыл шаруашылығы субьектілерінің бәсекелестікке қабілеттігін арттыру және қызметін белсендіру;
20) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметін жүзеге асырады;
21) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн бере отырып, тiркеу, қайта тiркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметін жүзеге асырады;
22) «Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызметін жүзеге асырады;
23) «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметті жүзеге асырады;
Туризмді дамыту саласында:
24) Қала аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
25) қала аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады;
26) туризмді дамыту жоспарын әзірлейді және қалалық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды енгізеді;
27) туристік бірлестіктердің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді; балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктері мен өзіндік туризмді дамыту қызметіне қолдау көрсету;
28) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;
29) қаладағы туристік маршруттардың және жолдардың тізілімін жүргізеді; 30) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасау және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді жергілікті органға табыс ету;
31) қаланың туристік ресурстарын қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
32) Түркістан қаласының туристік мүмкіндігі жайлы ақпарат тарату және қалыптастыру;
33) Түркістан қаласының туристік өнімін халықаралық туристік нарығында және мемлекет ішінде ілгерлету;
34) Түркістан қаласы аумағында жаңа кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жағдай жасау болып табылады.
35) қаланың аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіру;
36) туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде туристік қызмет субъектілеріне әдістемелік және консультативтік көмек көрсету;
37) Түркістан қаласы аумағында туристік қызметті реттеу шараларын ұйымдастыру;
38) Қазақстан Республикасының заңнамасына бизнесті дамыту, кәсіпкерлік және туризм мәселелері жөніндегі Бөлімге жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
39) Түркістан қаласының ұлттық қолөнерін және оның инфрақұрылымын құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіреді;
40) Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеу қағидаларын әзірлейді;
41) Түркістан қаласының ұлттық қолөнер саласындағы шеберлері шығындарының бір бөлігін жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтейді;
42) Түркістан қаласының аумағында туризмді дамыту мақсатында:
- туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
- туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
- экскурсоводтарды, гидтерді және туризм нұсқаушыларын кәсіптік даярлауды ұйымдастыру жөніндегі қызметті үйлестіреді;
- туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбесін бекітеді;
- туристік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Түркістан қаласының аумағында туристерді тасымалдау жөнінде туристік қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді;
- туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
- кәсіпкерлік субъектілерінің халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;
- кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;
- туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын есепке алмағанда сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлігі құралдарын сатып алу шығындарының бір бөлігін өтейді;
3. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты осы мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
2. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
3. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
4. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi: бөлімнің алдына қойылған нормалар мен міндеттерді орындау;
5. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. 6. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi. 7. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
4. Мемлекеттiк органның мүлкi
1. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.
2. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
3. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату
1. Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Түркістан қаласы әкімдігінің «Кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және оның ведомствосы «Visit Turkistan» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.