Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сорттарын бекіту туралы» 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 780 және «Есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігін өсіру шарттарына және ондағы тетрагидроканнабинолдың жол берілетін құрамын айқындауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 797 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 сәуір 2026 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сорттарын бекіту туралы» 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 780 және «Есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігін өсіру шарттарына және ондағы тетрагидроканнабинолдың жол берілетін құрамын айқындауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 797 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

    1) «Есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 780 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сорттары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    2) «Есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігін өсіру шарттарына және ондағы тетрагидроканнабинолдың жол берілетін құрамын айқындауға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 797 қаулысында:

    көрсетілген қаулымен бекітілген есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігін өсіру шарттарына қойылатын талаптарда:

    2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) Пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) – өндiрiсте шаруашылық мақсатта Пайдалану үшiн ұсынылатын сортты, тұқымды қамтитын Қазақстан Республикасының пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетiстiктерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi;»;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсірілетін сора (каннабис) өсімдігінің егістері елді мекендерден, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарынан және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының егістерінен кемінде 300 (үш жүз) метр қашықтықта, тұқым өндіру үшін өсірілетін сора (каннабис) өсімдігінің егістері кемінде 2 (екі) километр қашықтықта орналастырылуға тиіс және егіс алаңдарының шекаралары нақты айқындалған қорғау аймағымен қамтамасыз етіледі, учаскенің периметрі бойынша тор немесе тікенек сымды қоршау орнатылады, тәулік бойғы күзет қамтамасыз етіледі және кіріп-шығатын бір орын белгіленеді не санкциясыз кірудің алдын алуды қамтамасыз ететін күзет пен мониторингтің техникалық құралдары (бейнебақылау, пилотсыз ұшу аппараттары, сигнал беру жүйелері, GPS-бақылау) қолданылады»;

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Пайдаланар алдында сора (каннабис) өсімдігінің тұқымдары міндетті түрде зерттеліп, ТГК құрамының осы қаулының 2-тармағында белгіленген нормадан аспайтыны расталады.

    Себуге дайын сора (каннабис) өсімдігінің тұқымдарын зерттеу егіс жұмыстары басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын жүргізіледі.

    Сора (каннабис) өсімдігінде ТГК-ның болуына зерттеу жүргізу вегетациялық кезең ішінде міндетті болып табылады және мына мерзімдерде жүзеге асырылады:

    1) белсенді өсу кезеңінде – сепкеннен кейін 40-45 күн ішінде;

    2) орып-жинау алдындағы кезеңде – сепкеннен кейін 90-120 күн ішінде/өнім жинауды бастар алдында.

    Сора (каннабис) тұқымдары мен өсімдігінде ТГК-ның болуын зерттеуді сот сараптамасы органы лицензия негізінде сора (каннабис) өсімдігін өсірумен айналысатын заңды тұлғалардың қаражаты есебінен шарттық негізде жүргізеді.

    Зерттеу нәтижелері бойынша сот сараптамасы органы сора (каннабис) тұқымдарында немесе өсімдігінде ТГК-ның болуына қатысты маманның қорытындысын ресімдейді.

    Зерттеу нәтижелері бойынша TГК-ның болуы белгіленген деңгейден асып кеткен жағдайда барлық егіс алаңы тексерілуге тиіс.

    Бүкіл егіс алаңында ТГК болуының белгіленген деңгейден асып кеткені анықталған жағдайда сот сараптамасы органы тиісті ақпаратты үш жұмыс күні ішінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.».

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2026 жылғы « »            

    № қаулысына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы 22 қыркүйектегі

    № 780 қаулысымен

    бекітілген

    Есірткі және психотроптық заттарды өндірумен немесе дайындаумен байланысты емес өнеркәсіптік мақсаттарда өсіруге рұқсат етілген сора (каннабис) өсімдігінің сорттары

    Р/с
    Сорттың атауы
    Латынша атауы
    1
    2
    3
    Америка Құрама Штаттары
    1.
    Бялобжеске
    Bialobrzeskie
    2.
    Канда
    Canda
    3.
    Карманьола
    Carmagnola
    4.
    Карманьола Селект
    Carmagnola Select
    5.
    Гранди
    Grandi
    6.
    Катани
    Katani
    7.
    Силезия
    Silesia
    8.
    Унико Б
    Uniko B
    9.
    УСО 4
    USO 4
    10.
    Тиборсаллаша
    Tiborszállási
    11.
    Тиса
    Tisza
    12.
    Зенит
    Zenit
    Аустралия
    13.
    Банди Джем
    Bundy Gem
    14.
    Хан ФНКью
    Han FNQ
    15.
    Хан ФНХ
    Han FNH
    16.
    Хан НЕ
    Han NE
    17.
    Хан КОЛД
    Han COLD
    18.
    Морпет
    Morpeth
    Германия Федеративтік Республикасы
    19.
    Анджело
    Angelo
    20.
    Энджи
    Angie
    21.
    Анка
    Anka
    22.
    КанМа
    CanMa
    23.
    Краг
    Crag
    24.
    Дени
    Deni
    25.
    Эйти Эйт
    Eighty Eight
    26.
    ESTA-1
    ESTA-1
    27.
    Фасамо
    Fasamo
    28.
    Фелина 34
    Felina 34
    29.
    Феримон
    Ferimon
    30.
    Фибранова
    Fibranova
    31.
    Фибрико
    Fibriko
    32.
    Фибримон 24
    Fibrimon 24
    33.
    Фибримон 56
    Fibrimon 56
    34.
    Георгина
    Georgina
    35.
    ГранМа
    GranMa
    36.
    Индиго
    Indigo
    37.
    IPB45
    IPB45
    38.
    Джои
    Joey
    39.
    Джуди
    Judy
    40.
    Надин
    Nadine
    41.
    NWG 2463
    NWG 2463
    42.
    NWG 2730
    NWG 2730
    43.
    Пембина
    Pembina
    44.
    Петера
    Petera
    45.
    Пиколо
    Picolo
    46.
    Рак
    Rak
    47.
    Фасамо
    Fasamo
    48.
    Каннакомп
    Cannakomp
    49.
    Дельта-405
    Delta-405
    50.
    Фибранова
    Fibranova
    51.
    Фибранте
    Fibrante
    52.
    Греция
    Glecia
    53.
    Глиана
    Gliana
    54.
    Марселло
    Marcello
    55.
    Маркант
    Markant
    56.
    Сильвана
    Silvana
    Жаңа Зеландия
    57.
    Анка
    Anka
    Жапония
    58.
    Тошигиширо
    Tochigishiro
    59.
    Нашинойде 15
    Nashinoide 15
    Италия Республикасы
    60.
    Карма
    Carma
    61.
    Карманьола селеционата
    Carmagnola selezionata
    62.
    Кармалеонте
    Carmaleonte
    63.
    Моноика
    Monoica
    64.
    Карманьола Селект
    Carmagnola Select
    Канада
    65.
    A1 HCFX
    A1 HCFX
    66.
    А1 МАКМОНО
    A1 MACMONO
    67.
    Аотеароа 1
    Aotearoa 1
    68.
    Бялобжеске
    Bountiful
    69.
    Канда
    Canda
    70.
    CFX-1
    CFX-1
    71.
    CFX-2
    CFX-2
    72.
    CRS-1
    CRS-1
    73.
    Эрлина 8 FC
    Earlina 8 FC
    74.
    Катани
    Katani
    75.
    Комполти Саргасзару
    Kompolti Sargaszaru
    76.
    Джурассик
    Jurassic
    77.
    Мама Мария
    Mama Maria
    78.
    Мари
    Marie
    79.
    Марина
    Marina
    80.
    Марта
    Martha
    81.
    Морин
    Maureen
    82.
    NWG 4000
    NWG 4000
    83.
    Пейнтед Лэди
    Painted Lady
    84.
    Ригель
    Rigel
    85.
    Силезия
    Silesia
    86.
    Вега
    Vega
    87.
    Висока
    Visoka
    88.
    X-59 (Хемп Нат)
    X-59 (Hemp Nut)
    89.
    Золотоноша 15
    Zolotonosha 15
    Қытай Халық Республикасы
    90.
    Юнма 1
    Yunma 1
    91.
    Юнма 2
    Yunma 2
    92.
    Юнма 3
    Yunma 3
    93.
    Юнма 4
    Yunma 4
    94.
    Юнма 5
    Yunma 5
    95.
    Юнма 7
    Yunma 7
    96.
    Лунма 1
    Longma 1
    97.
    Лунма 2
    Longma 2
    98.
    Лунма 3
    Longma 3
    99.
    Бама 4
    Bama 4
    100.
    Юма 1
    Yuma 1
    101.
    Юма 2
    Yuma 2
    102.
    Юма 3
    Yuma 3
    103.
    Юма 4
    Yuma 4
    Латвия Республикасы
    104.
    Анка
    Anka
    105.
    Адзелвеси
    Adzelviesi
    106.
    Ассо
    Asso
    107.
    Ауста SK
    Austa SK
    Мажарстан Республикасы
    108.
    Ютта
    Jutta
    109.
    Катани
    Katani
    110.
    Комполти
    Kompolti
    111.
    Комполти Гибрид ТС
    Kompolti Hibrid TC
    112.
    Куида
    Quida
    113.
    USO 31
    USO 31
    114.
    Комполти
    Kompolti
    115.
    Диоика 88
    Dioica 88
    116.
    Эпсилон 68
    Epsilon 68
    117.
    Феримон
    Ferimon
    118.
    Фиброл
    Fibrol
    119.
    Фиброл 79
    Fibror 79
    120.
    Айвори
    Ivory
    121.
    КС Бонус
    KC Bonusz
    122.
    Комполти
    Kompolti
    123.
    Комполти гибрид ТС
    Kompolti hibrid TC
    124.
    Сарваши
    Szarvasi
    125.
    Тиборсаллаши
    Tiborszallasi
    126.
    Тисса
    Tisza
    127.
    Тиборсаллаши
    Tiborszállási
    128.
    Мона 16
    Mona 16
    Мексика
    129.
    Ловрин 110
    Lovrin 110
    130.
    Мадре Сейс
    Madre Seis
    Нидерланд Корольдігі
    131.
    Остара 9
    Ostara 9
    Польша Республикасы
    132.
    Белобжеские
    Bialobrzeskie
    133.
    Сантьям
    Santiam
    134.
    УСО 14
    USO 14
    135.
    А1 Монопурп
    A1 Monopurp
    136.
    Бэнико
    Beniko
    137.
    Белобжеские
    Bialobrzeskie
    138.
    Липко
    Lipko
    139.
    Сукцессив
    Succesiv
    140.
    Тигра
    Tygra
    141.
    Великопольские
    Wielkopolskie
    142.
    Войко
    Wojko
    143.
    Белобжеские
    Bialobrzeskie
    144.
    Хенола
    Henola
    Ресей Федерациясы
    145.
    Гляна
    Glyana/Hlyana
    146.
    МИК
    MIK
    147.
    Вера
    Vera
    148.
    Виктория
    Victoria
    149.
    Екатеринодарская
    Ekaterinodarskaya
    150.
    Кубанка
    Kubanka
    151.
    Омегадар-1
    Omegadar-1
    152.
    Омегадар-2
    Omegadar-2
    153.
    Мария
    Mariya
    154.
    Южанка
    Yuzhanka
    155.
    Надежда
    Nadezhda
    Румыния
    156.
    Лаура Секорд
    Laura Secord
    157.
    Арманка
    Armanca
    158.
    Дакия Секуйени
    Dacia Secuieni
    159.
    Ловрин 110
    Lovrin 110
    160.
    Секуйени Юбилеу
    Secuieni Jubileu
    Словакия Республикасы
    161.
    КС Дора
    KC Dora
    162.
    КС Виртус
    KC Virtus
    163.
    КС Зузана
    KC Zuzana
    164.
    КСА Борана
    KCA Borana
    Украина
    165.
    USO-31
    USO-31
    166.
    USO-14
    USO-14
    167.
    Гляна
    Hliana
    168.
    Глесия
    Hlesiia
    169.
    Артемида
    Artemida
    170.
    Гармония
    Harmoniia
    171.
    Глухивски 51
    Hlukhivski 51
    172.
    Глухивски 85
    Hlukhivski 85
    173.
    Миколайчик
    Mykolaichyk
    174.
    Вик 2020
    Vik 2020
    175.
    Виктория
    Victoria
    176.
    Глера
    Hlera
    177.
    Зоряна
    Zoryana
    178.
    Золотониски 11
    Zolotonis’ki 11
    179.
    Золотониски 15
    Zolotonis’ki 15
    180.
    Золотоноша 11
    Zolotonosha 11
    181.
    Золотоноша 15
    Zolotonosha 15
    182.
    Лирына
    Liryna
    183.
    Медана
    Medana
    184.
    Афина
    Afina
    185.
    Деметра
    Demetra
    186.
    Ника
    Nika
    Финляндия Республикасы
    187.
    Финола
    Finola
    188.
    Финола 2
    Finola 2
    Франция Республикасы
    189.
    Альтаир
    Altair
    190.
    Алисса
    Alyssa
    191.
    CS
    CS
    192.
    Федрина 74
    Fedrina 74
    193.
    Федора 17
    Fedora 17
    194.
    Феримон 12
    Ferimon 12
    195.
    Футура 75
    Futura 75
    196.
    Федора 17
    Fedora 17
    197.
    Фелина 32
    Felina 32
    198.
    Сантика 23
    Santhica 23
    199.
    Сантика 27
    Santhica 27
    200.
    Сантика 70
    Santhica 70
    201.
    Федора 17
    Fedora 17
    Чех Республикасы
    202.
    Денизе
    Denise
    203.
    Раян
    Rajan
    204.
    Ратца
    Ratza
    205.
    Зенит
    Zenit
    Эстония
    206.
    Эстика
    Estica
    ___________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.