Ертіс ауданы Аманкелді ауылдық округі Амангелді ауылы аумағында қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан Ертіс ауданы Аманкелді ауылдық округі Амангелді ауылы аумағында қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аманкелді ауылдық округінің әкімі
А. Шарманова
Ертіс ауданы Аманкелді
ауылдық округі әкімінің
2026 жылғы 09 сәуір
№ 1-03-02 шешіміне
қосымша
|
№
|
пайдаланушы
|
ауданы, гектар
|
нысаналы
мақсаты
|
пайдалану
мерзімі
(жыл)
|
жер телімінің орналасқан
жері
|
|
1
|
«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті» РММ
|
0,0232
|
«Амангелді» шекара бөлімшесіне су құбырын салу үшін
|
5
|
Ертіс ауданы
Аманкелді ауылдық округінің Амангелді ауылының аумағында
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.