«Панфилов ауданының елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 5-15-105 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Панфилов ауданының елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 12 сәуірдегі № 5-15-105 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2351 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Панфилов аудандық мәслихатының төрағасы
Е. Шокпаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.