«Меркі ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 21-3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 наурыз 2026 ж.

    «Меркі ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 21-3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Меркі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Меркі ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету туралы» Меркі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 21-3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5178-08 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім 2026 жылы 1 қаңтардан бастап қолданылысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Меркі аудандық мәслихатының төрағасы

    М. Көкрекбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.