Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 наурыз 2026 ж.

    Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

    2. «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жамбыл облысының әкімі

    Е. Карашукеев

    Жамбыл облысы әкімдігінің

    2026 жылғы 31 наурыздағы № 61

    қаулысына қосымша

    Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

    1. «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 328 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2060 болып тіркелген).

    2. «Облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы № 328 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 тамыздағы № 164 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4313 болып тіркелген).

    3. «Облыстық коммуналдық меншіктегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлемін белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 171 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4693 болып тіркелген).

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.