«Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қазандағы № 590 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 сәуір 2026 ж.

    «Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қазандағы № 590 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 21 қазандағы № 590 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2538 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің көлік және автомобиль жолдары мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі

    Н. Сақтағанов

    Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

    2026 жылғы « 9 » сәуірдегі

    № 93 қаулысына

    қосымша

    Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

    2010 жылғы 21 қазандағы

    № 590 қаулысымен

    бекітілді

    Шығыс Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының ТІЗБЕСІ

    № р/с
    Ав­то­мо­биль жо­лы­ның ин­дек­сі
    Ав­то­мо­биль жо­лы­ның ата­уы
    Ұзынды­ғы, км
    1
    КF-16
    Өс­ке­мен-Та­у­лы Үл­бі-Се­вер­ное 16-60 км
    44
    2
    KF-9
    Өс­ке­мен-Тар­ғын-Са­мар 0-145 км
    145
    3
    KF-1
    Дмит­ри­ев­ка-Бо­ро­ду­ли­ха-Ше­мо­наи­ха 72-87 км
    15
    4
    KF-20
    Ал­тай­ка-Ча­па­е­во 0-36,1 км
    36,1
    5
    KF-21
    Ок­тябрь өт­ке­лі-Ал­тай­ка-Но­во-Хай­ру­зов­ка
    0-79,5 км
    79,5
    6
    KF-24
    Үл­кен На­рын-Күр­шім 0-135 км
    135
    7
    KF-25
    Күр­шім-Қал­жыр 0-129,3 км
    129,3
    8
    KF-26
    Мар­қа­көл-Урун­хай­ка-Төс­қай­ың 0-87,9 км
    87,9
    9
    KF-62
    «KF-25 Күр­шім-Қал­жыр»-Ақ­бұ­лақ-Қа­раой- «KAZ 16-03 P-26 Ом­бы-Май­қап­ша­ғай-Қал­жыр-Мар­қа­көл» 0-98,3 км
    98,3
    10
    KF-14
    Көк­пек­ті-Са­мар-Ва­си­льев­ка өт­ке­лі 40-169 км
    129
    11
    KF-423
    Бұқ­тыр­ма су қой­ма­сы ар­қы­лы өте­тін кө­пір өт­ке­ліне кі­ре бе­ріс жол 0-28 км
    28
    12
    KF-30
    Ақ­су­ат-Бә­кей-Қа­ра­су-Ақ­жар-«М-38 Омск-Май­қап­ша­ғай» 30-121 км
    91
    13
    KF-29
    Қа­ра­су-«М-38 Омск-Май­қап­ша­ғай» 0-11 км
    11
    14
    KF-2
    Ше­мо­наи­ха-Се­ки­сов­ка 0-56,1 км
    56,1
    15
    KF-158
    «М-38 Омск-Май­қап­ша­ғай»-Ші­лік­ті-Ақ­жар
    0-130,2 км
    130,2
    16
    KF-237
    Но­во-Тро­иц­кое ауы­лы­на кі­ре бе­ріс жол 0-21,5 км
    21,5
    17
    KF-49
    Өс­ке­мен-Боб­ров­ка 0-13,1 км
    13,1
    18
    KF-129
    Боб­ров­ка-Шаң­ғы ба­за­сы 0-8,4 км
    8,4
    19
    KF-50
    Өс­ке­мен-Тар­хан­ка 0-15 км
    15
    20
    KF-357
    Ве­се­лое ауы­лы­на кі­ре бе­ріс жол 0-3 км
    3
    21
    KF-138
    Тар­хан­ка-То­пи­ха 0-11,6 км
    11,6
    22
    KF-54
    Сре­ди­гор­ное-Но­во­по­ля­ков­ка-Ма­ло­на­рым­ка
    0-55,9 км
    55,9
    23
    KF-435
    Қай­ың­ды ауы­лы­на кі­ре бе­ріс жол 0-4,2 км
    4,2
    24
    KF-11
    Ма­май ба­тыр-Бо­зан­бай 0-33,4 км
    33,4
    25
    KF-12
    «KF-11 Ма­май ба­тыр–Бо­зан­бай»-Ал­ға­бас-Тар­ғын 0-35,5 км
    35,5
    26
    KF-39
    Ше­мо­наи­ха-Боль­шая реч­ка 0-35,4 км
    35,4
    27
    KF-40
    Ше­мо­наи­ха-Усть-Та­лов­ка кен­ті 0-9 км
    9
    28
    KF-418
    Құй­ған ауы­лы­на кі­ре бе­ріс жол 0-2,6 км
    2,6
    29
    KF-419
    Қа­ра­то­ғай ауы­лы­на кі­ре бе­ріс жол 0-1,8 км
    1,8
    30
    KF-60
    «Күр­шім-Қал­жыр»-Бу­ра­бай-Ма­рал­ды 0-75 км
    75
    31
    KF-61
    «Күр­шім-Қал­жыр»-Ақ­су­ат 0-47,6 км
    47,6
    32
    KF-163
    «Күр­шім-Қал­жыр»-Ма­рал­ды»-Те­ректі­бұ­лақ
    0-10,1 км
    10,1
    Жал­пы ұзынды­ғы
    1598,5 км

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.