Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешiмдерiнің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда облыстық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Қызылорда облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 188 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6261 болып тіркелген);
2) «Қызылорда облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы № 160 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31289 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы
М. Тлеумбетов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.