«Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 сәуір 2026 ж.

    «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20335 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларында:

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің және көрсетілетін қызметті берушінің атауларын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мерзімін, нысанын және нәтижесін, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және цифрлық объектілердің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптарды қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.»;

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті «цифрлық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.»;

    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және оны Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.»;

    3-қосымшада:

    реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның және цифр­лық объ­ек­ті­лер­дің жұ­мыс гра­фи­гі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 09.00-ден 18.30-ға дей­ін.
    »;
    көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымша лар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
    2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
    3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Деректердің сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы

    М. Турлубаев

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау

    және реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистика

    бюросының басшысы

    2026 жылғы 2 сәуірдегі

    № 7

    бұйрығына 1-қосымша

    «Ресми статистикалық

    ақпаратты тарату кестесінде

    көзделмеген статистикалық

    ақпаратты беру»

    мемлекеттік

    көрсетілетін қызметті

    көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    ______________________

    ______________________

    (көрсетілетін қызметті

    берушінің толық атауы

    кімнен________________

    ______________________

    (жеке тұлғаның тегі, аты,

    әкесінің аты (болған

    жағдайда) толық)

    Жеке тұлғаларға арналған өтініш

    Осы өтінішке қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште нақты мекенжайға немесе қағаз жеткізгіштің электрондық көшірмесін электрондық мекенжайға (керегінің астын сызу) жолдау арқылы ___________________________________

    (статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезеңі, кезеңділігі көрсетілсін)

    ___________________________________________________________________________________ үшін статистикалық ақпаратты беруді сұраймын.

    Қосымша ______ парақта.

    Жеке тұлғаның деректемелері:

    Жеке сәйкестендіру нөмірі________________________________________

    Нақты мекенжайы_______________________________________________

    Ұялы байланыстың және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірлері____________________________________________________________

    Электрондық мекенжайы__________________________________________

    _______________________________________________________________ (қолы, күні) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесімен және www.stat.gov.kz ресми интернет-ресурсында қолжетімді ресми статистикалық ақпаратпен танысқанымды өз қолыммен растаймын.

    Мен көрсеткен нақты мекенжайдың, ұялы және (немесе) телефон байланысы абоненттік нөмірлерінің, электрондық мекенжайдың дұрыс екендігін, ал электрондық мекенжайға жіберілген хабарламалардың және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген мәтіндік хабарламаның тиісті және жеткілікті деп есептелетіні мен танысқанымды өз қолыммен растаймын.

    20__жылғы «______» __________

    _________________ қолы

    Өтінішке қосымша

    р/с №
    Ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­тың ата­уы
    Аумақ­тық бө­лі­ніс
    Ке­зең

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау

    және реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистика

    бюросының басшысы

    2026 жылғы 2 сәуірдегі

    № 7

    бұйрығына 2-қосымша

    «Ресми статистикалық

    ақпаратты тарату кестесінде

    көзделмеген статистикалық

    ақпаратты беру»

    мемлекеттік

    көрсетілетін қызметті

    көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    ______________________

    ______________________

    (көрсетілетін қызметті

    берушінің толық атауы

    кімнен________________

    ______________________

    (жеке тұлғаның тегі, аты,

    әкесінің аты (болған

    жағдайда) толық)

    Заңды тұлғалар үшін өтініш

    Осы өтінішке қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште нақты мекенжайға немесе қағаз жеткізгіштің электрондық көшірмесін электрондық мекенжайға (керегінің астын сызу) жолдау арқылы ___________________________________

    (статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезеңі, кезеңділігі көрсетілсін)

    ________________________________________________________________________________

    ________________________ үшін статистикалық ақпаратты беруді сұраймын.

    Қосымша: ______ парақта.

    Заңды тұлғаның деректемелері:

    Бизнес сәйкестендіру нөмірі ______________________________________

    Заңды мекенжайы _______________________________________________

    Нақты мекенжайы _______________________________________________

    Ұялы байланыстың және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірлері____________________________________________________________

    Электрондық мекенжайы__________________________________________

    Басшы______________________________________________________ (қолы, күні) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Орындаушы: _______________________ (Тегі, аты-жөні)

    Телефон: _________________

    Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

    Мен көрсеткен нақты мекенжайдың, ұялы және (немесе) телефон байланысы абоненттік нөмірлерінің, электрондық мекенжайдың дұрыс екендігін, ал электрондық мекенжайға жіберілген хабарламалардың және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне жіберілген мәтіндік хабарламаның тиісті және жеткілікті деп есептелетінімен танысқанымды өз қолыммен растаймын.

    20__жылғы «______» ____________

    _________________ басшының қолы

    Өтінішке қосымша

    р/с №
    Ста­ти­сти­ка­лық ақ­па­рат­тың ата­уы
    Аумақ­тық бө­лі­ніс
    Ке­зең

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.