«Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 704 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 сәуір 2026 ж.

    «Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 704 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Мыналардың:

    1) «Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 704 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12413 болып тіркелген);

    2) «Құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 704 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 7 ақпандағы № 44 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35712 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.