Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 қазандағы № 21/11-VІІІ «Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 наурыз 2026 ж.

    Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 қазандағы № 21/11-VІІІ «Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27- бабының 2 тармағына сәйкес  Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 қазандағы № 21/11-VІІІ «Бесқарағай ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 352-18 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. «Абай облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Бесқарағай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Бесқарағай аудандық мәслихатының төрағасы

    М. Абылгазинова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.