№4 бағыт бойынша Қарабұлақ – Байысов - Алдаберген Жастар – Бақтыбай – Елтай - Өтенай ауылдық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2, 2-1-тармақтарына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. №4 бағыт бойынша Қарабұлақ – Байысов – Алдаберген - Жастар Бақтыбай – Елтай - Өтенай ауылдық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф - 600 (алты жүз) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Абылкасымовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Е. Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.