Семей қаласы бойынша 2026 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 наурыз 2026 ж.

    Семей қаласы бойынша 2026 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 347 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, Абай облысы Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Семей қаласы бойынша 2026 жылға шетелдіктер үшін туристік жарнаның ставкасы қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнының 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Семей қаласы мәслихатының төрағасы

    Е. Сагандыков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.