Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын Ақмола облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 наурыз 2026 ж.

    Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын Ақмола облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабының 2-тармағына, «Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36700 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын Ақмола облысының сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне келесі төлемақы мөлшері бекітілсін:

    1) тұтынушылар (халық) үшін тәулігіне бір адамға су тұтыну нормативтері 140 (жүз қырық) литр көлемі шегінде – қосылған құн салығын қоса алғанда 120 (жүз жиырма) теңге;

    2) тұтынушылар (халық) үшін тәулігіне бір адамға су тұтыну нормативтері 140 (жүз қырық) литр көлемінен асқан жағдайда – қосылған құн салығын қоса алғанда 156 (жүз елу алты) теңге.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы

    Б. Жүсіпов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Ақмола облысының

    энергетика және тұрғын үй-коммуналдық

    шаруашылық басқармасы» мемлекеттік

    мекемесінің басшысы

    __________________ Б. Жапаев

    2026 жылғы «_31_» наурыз

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.