Астана қаласы мен Астана агломерациясында әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабы 2-1-тармағының 2) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Астана қаласы мен Астана агломерациясында әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының әкімі
Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
Астана қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 7 сәуірдегі
№ 503-1212
Қаулысына қосымша
Астана қаласы мен Астана агломерациясында әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Астана қаласында және Астана агломерациясында әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 2-1-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар маршруттар бойынша тасымалдарды орындау нәтижесінде пайда болған шығындар субсидиялауға жатады, тарифтерді Астана қаласының әкімдігі (әрі қарай – әкімдік) бекітеді.
2-тарау. Астана қаласы мен Астана агломерациясында әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау тәртібі
3. Егер әкімдік белгілеген жолаушыларды тасымалдау тарифі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды тұрақты маршруттар бойынша тасымалдау қызметтеріне тарифтерді есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес айқындалатын жолаушыларды тасымалдауға арналған тарифтен төмен болса, маршрут әлеуметтік маңызы бар маршруттар санатына жатады.
4. Заңның 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін Астана қаласының мәслихаты (бұдан әрі – мәслихат) айқындайды.
Әкімдік қалалық және қала маңы қатынастары маршруттарының құнын айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) отырыстарының хаттамалары негізінде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесіне қатысты ұсыныстарды қалыптастырады және оларды мәслихаттың қарауына енгізеді. Әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар мәслихаттың шешімімен енгізіледі.
5. Тасымалдаушы әкімдікке Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әдістемеге сәйкес айқындалған маршрут тарифінің экономикалық негізділігін растайтын есептік материалдарды қағаз немесе электрондық түрде ұсынады, ал маршрут бойынша тасымалдау құны автокөлік құралдарының маршруттағы жалпы жылдық жүрісіне (километрге) қарай айқындалған жағдайда, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маршрут құнының есебін ұсынады.
6. Комиссия тасымалдаушылар ұсынған есептерді қарайды және әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі бойынша ұсыныстар қалыптастырады.
7. Мәселе туындаған жағдайда тариф анықтаудың дұрыстығын растау үшін Комиссия тасымалдаушыдан Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін қалыптастырудың экономикалық-математикалық моделі шеңберінде тариф есептеуде қолданған құжаттар мен ақпаратты тек бір рет сұратады.
Отырыстың нәтижелері бойынша Комиссия тасымалдаушының шығындарын субсидиялау кезінде Астана қаласының атқарушы органдарымен орындалатын тарифтерді және (немесе) маршрут құнын айқындаудың дұрыстығын растайтын қағаз немесе электрондық нысанда хаттаманы қабылдайды, сондай-ақ Қағидалардың 5-тармағына сәйкес тасымалдаушыдан есептер келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде әлеуметтік маңызы бар қатынастар тізбесін жасайды.
Төтенше жағдай және карантиндік шектеулер кезеңінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау нақты тасымалданған жолаушыларды ескере отырып, Қағидалардың 5, 6, 7 және 8-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. Комиссия тариф анықтаудың дұрыстығын Қағидалардың 6-тармағына сәйкес тасымалдаушыдан төлемдер түскен күннен бастап және (немесе) бағдардың құны жеті жұмыс күні ішінде растайды.
Комиссияның тасымалдаушының ұсынған есептері бойынша ескертулері болған жағдайда, бұл есептеулер Комиссия отырысының хаттамасында барлық ескертулер көрсетіле отырып, пысықтауға жіберіледі. Ескертулерді жою мерзімі он бес жұмыс күнінен аспайды.
Есептеудің дұрыстығы комиссия отырысының хаттамасымен расталған бағдардың тарифіне және (немесе) құнына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде Қағидалардың 5-тармағына сәйкес бұдан бұрын есептерді әкімдікке ұсынған тасымалдаушыны тарта отырып, комиссия отырысы тағайындалады.
8. Комиссия шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады, ол құрылымның жалпы санынан үштен екісі болған кезде құқықты.
Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілген болса, Комиссия шешімі қабылданған болып саналады. Теңбе-тең дауыс берілген жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
9. Мәслихаттың шешімімен бекітілген субсидия сомасына сәйкес, аталған шешім заңды күшіне енген күннен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тасымалдаушы мен Астана қаласының көлік саласы бойынша атқарушы органы арасында әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарын субсидиялау жөнінде шарт Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 20 мамырдағы № 158 бұйрығымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялаудың үлгілік шартына сәйкес жасалады.
10. Тасымалдаушы есептік айдан кейінгі әр айдың 15 күніне дейінгі мерзімде әкімдікке Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы айлық ақпаратты (бұдан әрі – ай сайынғы есеп) жібереді.
Автокөлік құралдарының жылдық жалпы жүрісі негізінде тарифі анықталатын маршруттар бойынша тасымалдау жүргізілген кезде, тасымалдаушы атқарылған жұмыс туралы ақпаратты Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысанда ұсынады.
Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер тізбесіне жататын мемлекеттік қызметтер саласына кіреді. Бұл ретте, Қағидалар тек бюджеттік құқықтық қатынастар шеңберінде субсидиялар беру мәселелерін ғана реттейді.
Тасымалдаушы ұсынылатын құжаттарға жол жүру ақысын төлеудің электрондық жүйесі тасымалдаушының көлік құралдарында жүргізілген төлемдер/тіркеулер саны және бағдар (немесе бағдарлар) бойынша барлық тасымалдардың жалпы құны туралы анықтамасын қоса тіркейді.
11. Төтенше жағдай және (немесе) карантиндік шектеулер енгізуге байланысты әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша тасымалдауды мәжбүрлеп тоқтата тұру кезеңінде ағымдағы қаржы жылындағы ең төменгі жалақысына сәйкес тасымалдаушының жүргізушілерге және (немесе) кондукторларға еңбекақы төлеуге және әлеуметтік аударымдарға шығыстары субсидиялауға жатады.
12. Жылдың соңғы күнтізбелік айы үшін бюджеттік субсидиялар төлемі, субсидияланатын қатынастар бойынша алдын ала деректер негізінде дайындалған есеп 20 желтоқсанға дейін ұсынылған жағдайда жүзеге асырылады, кейіннен нақты деректер негізінде дайындалған есеп келесі жылдың 25 қаңтарына дейін ұсынылады.
____________________________
Астана қаласы мен Астана
агломерациясында әлеуметтік
маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
Нысан
Субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесі
|
Р/с №
|
Бағдар атауы және (немесе) нөмірі
|
Бағдар түрі
|
|
1
|
2
|
3
|
|
____________________________
|
Астана қаласы мен Астана
агломерациясында әлеуметтік
маңызы бар жолаушылар
тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
Нысан
Тұрақты бағдарлар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесіне сәйкес анықталған бағдардағы тариф есебі
Ұйымның атауы ___________________________
|
Маршрут атауы және (немесе) нөмірі
|
Маршрут түрі
|
Тұрақты бағдарлар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтерді есептеу әдістемеге сәйкес анықталған 1 жолаушыға арналған тариф, теңге
|
Болжалды тасымалдау көлемі жыл бойы жолаушылар
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
Ұйым басшысы
Бас бухгалтер
Мөрдің орны (бар болса) немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
____________________________
|
Астана қаласы мен Астана
агломерациясында әлеуметтік
маңызы бар жолаушылар
тасымалдауларын жүзеге
асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
Нысан
Маршрут құнының есебі
Ұйымның атауы _______________________
|
Маршрут атауы және (немесе) нөмірі
|
Маршрут түрі
|
Ұзындығы маршрут, км
|
Бағасы маршрут, теңге
|
Болжалды тасымалдау көлемі жыл бойы жолаушылар, адам
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
Ұйым басшысы
Бас бухгалтер
Мөрдің орны (бар болса) немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
____________________________
|
Астана қаласы мен Астана
агломерациясында әлеуметтік
маңызы бар жолаушылар
тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан
Ұсынылады: Астана қаласының әкімдігі
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: Әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): С6
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: 20 ____ жылғы __ (ай)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: тасымалдаушылар (жеңіл автокөлік құралдарын қоспағанда, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарына иелік ететін, жолаушыларды, багажды, жүктерді және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға).
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі әрбір айдың 15-күніне дейін.
|
ЖСН/БСН
|
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште және электронды түрде.
|
Маршрут атауы және (немесе) нөмірі
|
Маршрут түрі
|
1 жолаушыға бекітілген тариф, теңге
|
Есептік ай ішінде тасымалданған жолаушылар, адам саны
|
Жолаушылар тасымалынан түскен қаражат, теңге
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
Ұйым атауы ____________________________________
Ұйым мекенжайы___________________________________________
Телефон организации _________________________________________
Ұйымның электрондық почта мекенжайы __________________________
Ұйымның орындаушысы
____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефон
Ұйымның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам
________________________________________ ___________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы
Бас бухгалтер
Мөрдің орны (бар болса) немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
|
«Әлеуметтік маңызы бар
автомобиль қатынастары
бойынша нақты тасымалданған
жолаушылар туралы ақпарат»
әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша
«Әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (индекс – С6 айлық кезеңділік)
Нысанның 1-бағанында маршруттың атауы және (немесе) нөмірі көрсетіледі.
Нысанның 2-бағанында маршрут түрінің атауы көрсетіледі.
Нысанның 3-бағанында 1 жолаушыға бекітілген тариф, теңге көрсетіледі.
Нысанның 4-бағанында есептік ай ішінде тасымалданған жолаушылар, адам саны көрсетіледі.
Нысанның 5-бағанында жолаушылар тасымалынан түскен қаражат, теңге көрсетіледі.
____________________________
Астана қаласы мен Астана
агломерациясында әлеуметтік
маңызы бар жолаушылар
тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан
Ұсынылады: Астана қаласының әкімдігі
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz.
Әкімшілік нысанның атауы: орындалған жұмыс туралы ақпарат
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): С7
Кезеңділік: ай сайын
Есепті кезең: 20 ___ жылғы ___ (ай)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: тасымалдаушылар, уәкілетті ұйымдар.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі:
тасымалдаушы әр айдың 10-шы күніне дейінгі мерзімде уәкілетті ұйымға ай сайынғы ақпаратты жібереді;
уәкілетті ұйым әр айдың 15-күніне дейінгі мерзімде Астана қаласы әкімдігіне ақпаратты ұсынады;
|
ЖСН/БСН
|
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды).
Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште және электронды түрде.
|
р/с №
|
Тасымалдаушының атауы
|
Маршруттар саны, бірлік
|
Орындалған тасымал көлемі, километр
|
Жалпы
маршрут құны, теңге
|
Жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаражат, теңге
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
|
Ұйым атауы _________________________________
Ұйым мекенжайы________________________________________
Ұйым телефоны ______________________________________
Ұйымның электрондық почта мекенжайы _______________________
Ұйымның орындаушысы __________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы, телефон
Ұйымның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам
_____________________________________ ____________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы
Бас бухгалтер
Мөрдің орны (бар болса) немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы
|
«Орындалған жұмыс
туралы ақпарат» әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша
«Орындалған жұмыс туралы ақпарат» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индексі - С7, кезеңділігі айлық)
Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Нысанның 2-бағанында тасымалдаушының атауы көрсетіледі.
Нысанның 3-бағанында маршруттар саны, бірлік көрсетіледі.
Нысанның 4-бағанында орындалған тасымал көлемі, километр көрсетіледі.
Нысанның 5-бағанында маршруттың жалпы құны, теңге көрсетіледі.
Нысанның 6-бағанында жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаражат, теңге көрсетіледі.
____________________________
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.