Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 наурыз 2026 ж.

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6-18-4 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4695 тіркелген);

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2018 жылғы 31 мамырдағы № 6-20-3 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6-18-4 «Айыртау ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4741 тіркелген);

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 6-41-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» № 6-18-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6232 тіркелген);

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2023 жылғы 12 мамырдағы № 8-3-2 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6-18-4 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7504-15 тіркелген).

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы

    Г. Әбілқайырова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.