Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 сәуір 2026 ж.

    Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңының 32-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 46-бабы 2-тармағының 4)-тармақшасына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Күші жойылды деп танылсын:

    1) «Ақтау және Баутино теңіз сауда порттарының акваторияларын қоса алғанда теңіз порттарының шекараларын айқындау туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 413 Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2971 болып тіркелген);

    2) «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты мен Баутино теңіз портының акваториясын қоса алғанда теңіз порттарының шекараларын айқындау туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 413 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 17 ақпандағы № 22 Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26947 болып тіркелген).

    2. «Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулының Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Манғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы

    А. Оралов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.