"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 наурыз 2026 ж.

    «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27659 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облысы әкімінің міндетін атқарушы

    А. Оралов

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2026 жылғы «__» ______

    № __

    қаулысына қосымша

    Маңғыстау облысының әкімдігінің

    2022 жылғы 12 сәуірдегі

    № 51 қаулысына

    2- қосымша

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері

    Елді мекеннің атауы
    Тәрбиеленушілер саны
    Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жасқа дейін (теңге)
    Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жастан бастап (теңге)
    Ақтау қаласы
    20412
    803
    930
    Жаңаөзен қаласы
    8411
    776
    965
    Бейнеу ауданы
    3232
    804
    907
    Қарақия ауданы
    2117
    889,08
    1106,2
    Маңғыстау ауданы
    2148
    844,46
    1069,42
    Мұнайлы ауданы
    11153
    778,37
    944,09
    Түпқараған ауданы
    2846
    852,62
    1030,27

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.