«Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға медициналық жәрдем көрсетуді одан әрі жақсарту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 15 қаңтардағы №41 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 наурыз 2026 ж.

    «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға медициналық жәрдем көрсетуді одан әрі жақсарту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 15 қаңтардағы №41 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға медициналық жәрдем көрсетуді одан әрі жақсарту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 15 қаңтардағы № 41 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1399 болып тіркелген).

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

    А. Альназарова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.