«Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 наурыз 2026 ж.

    «Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34383 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    ««Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 508-122) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

    2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    « 2-тарау. Ауыл шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу тәртібі

    1-параграф. Өсімдік шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу тәртібі»;

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Өтінімдерді қабылдау табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жүзеге асырылады.

    Хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:

    1) орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық почта мекенжайы көрсетілген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының атауы;

    2) құжаттарды қабылдаудың басталған және аяқталған күні мен уақыты;

    3) осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі;

    4) өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссия отырысының өткізілген күні, уақыты және орны.»;

    16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «16. Ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктері мен тұқым қоймаларын зерттеп-қарау қорытындылары бойынша өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және өсімдік шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесін қалыптастырады және жұмыс органына жібереді.

    Комиссия өтеу туралы шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және өсімдік шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке немесе заңды тұлғалардың тізбесі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның жергілікті атқарушы органының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

    17. Жұмыс органы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және өсімдік шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың жиынтық тізбесін (бұдан әрі – өсімдік шаруашылығы саласындағы жиынтық тізбе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның жергілікті атқарушы органының бірінші басшысының қолын қойдырып, қалыптастырады.»;

    3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2-параграф. Мал шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу тәртібі»;

    23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «23. Өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін, сондай-ақ бүлінген инкубациялық жұмыртқалар үшін келтірілген залалды өтеу туралы өтінімдерді қабылдау табиғи сипаттағы төтенше жағдай туындаған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүргізіледі.»;

    32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «32. Жұмыс органы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және мал шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке немесе заңды тұлғалардың жиынтық тізбесін (бұдан әрі – мал шаруашылығы саласындағы жиынтық тізбе) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының бірінші басшысының қолын қойдырып, қалыптастырады.

    33. Жұмыс органы бекітілген мал шаруашылығы саласындағы жиынтық тізбені қаражат бөлу туралы шешім қабылдау үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, жергілікті атқарушы органына жолдайды.»;

    көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымша лар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік және Мал шаруашылығы департаменттері заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау

    және реформалар агенттiгiнің

    Ұлттық статистика бюросы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Су ресурстары және

    ирригация министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Төтенше жағдайлар министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ішкі істер министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Экология және табиғи

    ресурстар министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2026 жылғы 20 наурыздағы

    № 94 бұйрығына

    1-қосымша

    Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    __________________________

    (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының толық атауы)

    _____________________ атынан

    (жеке тұлғаның не заңды тұлға басшысының не өкілеттігін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі))

    Өсімдік шаруашылығындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеуге арналған өтінім

    Маған өсімдік шаруашылығы саласындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан келтірілген шығынды өтеп беруіңізді сұраймын.

    1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

    заңды тұлға үшін:

    атауы ________________________________________________________

    бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ______________________

    басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________

    мекенжайы: ____________________________________________________

    телефон нөмері, электрондық почтасы: _____________________________

    жеке тұлға үшін:

    аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________________

    жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _______________________

    жеке басын куәландыратын құжат:

    нөмірі _________________________________________________________

    берген орган ____________________________________________________

    берілген күні __________________________________________________

    мекенжайы: ____________________________________________________

    телефон нөмірі, электрондық почтасы: ______________________________

    Дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:

    орналасқан жері _________________________________________________

    хабарлама берілген күн ___________________________________________

    2. Жер учаскесі туралы мәліметтер:

    Р/с №
    Кадастрлық нөмірі
    Жалпы алаңы, гектар
    оның ішінде, егістік жерлер
    Зардап шеккен ауыл шаруашылығы дақылының атауын көрсете отырып, ауыл шаруашылығы дақылдары жойылған, дақылдар өсірілетін алаң
    Жер учаскесінің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының атауы
    тәлімі
    суармалы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    кестенің жалғасы
    Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың түрі
    Тұқым сақтау орнының нөмірі
    Ауыл шаруашылығы дақылының түрі
    Репродукция
    Бүлінген тұқымның көлемі, тонна
    7
    8
    9
    10
    11
    3. Құжаттар туралы мәліметтер:
    тұқымның сорттық және егістік сапасын растайтын құжат:
    құжаттың атауы ________________________________________________
    құжат нөмірі ___________________________________________________
    берілген күні ___________________________________________________
    кім берген _____________________________________________________
    тұқым сапасын сараптау жөніндегі аккредиттелген зертхана берген кондициялылығы туралы куәлік (түйнекті талдау актісі, тұқымдық талдау нәтижесі):
    құжат нөмірі ___________________________________________________
    берілген күні __________________________________________________
    кім берген ______________________________________________________
    Қазақстанда өндірілген тұқымдар бойынша егістерді сынақтан өткізу актілері:
    құжат нөмірі ___________________________________________________
    берілген күні _________________________________________________
    кім берген ______________________________________________________
    4. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы шоты туралы мәліметтер:
    ЖСН/БСН ______________________________________________________
    банктің деректемелері: ___________________________________________
    банктің атауы: ________________________________________________
    банктік сәйкестендіру коды _______________________________________
    жеке сәйкестендіру коды _________________________________________
    БСН ___________________________________________________________
    бенефициар коды _______________________________________________
    Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.

    Басшы ____________________ __________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

    Күні: 20__ жылғы «____» __________

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2026 жылғы 20 наурыздағы

    № 94 бұйрығына

    2-қосымша

    Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    Табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде зардап шеккен ауыл шаруашылығы дақылдарының егістерін және тұқым сақау орындарын зерттеп-қарау актісі

    _____________________________________________________________

    Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) атауы

    Заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның (дара кәсіпкердің) аты, әкесінің аты (бар болса), тегі: _________________________________________

    __________________________________________________________________

    Тәлімі/суармалы жер учаскесінің орналасқан жері: _________________

    __________________________________________________________________

    20__ жылғы №___________, ____________________ негізінде құрылған мынадай құрамдағы комиссия:

    1._________________________________

    2._________________________________

    табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы дақылдарының егістерін және тұқым сақтау орындарын зерттеп-қарау негізінде мыналарды анықтады: ___________________________

    __________________________________________________________________

    Табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде мынадай ауыл шаруашылығы дақылдары жойылды:

    Ауыл шаруашылығы дақылының атауы
    Шаруашылықтағы ауыл шаруашылығы дақылының алаңы
    Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың түрі
    Жойылған алаң
    Кадастрлық нөмірі
    1
    2
    3
    4
    5
    Табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде мынадай ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары бүлінді:
    Тұқым сақтау орнының нөмірі
    Ауыл шаруашылығы дақылының түрі
    Репродукция
    Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың түрі
    Көлемі, тонна
    1
    2
    3
    4
    5
    Комиссия мүшелері:
    ___________________________________
    _____________
    (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
    (қолы)
    __________________________________
    _____________
    (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің немесе
    оның өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
    (қолы)

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2026 жылғы 20 наурыздағы

    № 94 бұйрығына

    3-қосымша

    Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларына

    3-қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз

    негізде жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарына

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

    Әкімшілік нысанның атауы: Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және өсімдік шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-ӨТЖ нысаны

    Кезеңділігі: қажет болған кезде

    Есепті кезең: 20___ жылғы __ _______

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының, ішкі істер органдарының (келісу бойынша) қоғамдық ұйымдардың және Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатарынан құрылған комиссия

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктері мен тұқым сақтау орындарын зерттеп-қарау қорытындылары бойынша

    Жеке сәйкестендіру нөмірі/
    Бизнес сәйкестендіру нөмірі

    Жинау әдісі: қағаз тасығышта және электрондық түрде

    1. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын аумақты көрсетіңіз

    Облыс ________________________________________________________

    Әкімшілік-аумақтық бірлестіктер сыныптауышы бойынша коды ________

    1-кесте. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістері

    Р/с №
    Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы
    Ауыл шаруашылығы дақылының атауы
    Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың түрі
    Залал келтірілген алаң, гектар
    1 гектарға жұмсалған шығындар, теңге
    Қаражат көлемі, теңге
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    2-кесте. Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары
    Р/с №
    Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы
    Ауыл шаруашылығы дақылының атауы
    Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың түрі
    Бүлінген тұқымдардың көлемі, тонна
    Бағасы,тоннасына теңге
    Қаражат көлемі, теңге
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Атауы ______________________________________________________________
    Мекенжайы _________________________________________________________
    Телефоны ___________________________________________________________
    Электрондық почта мекенжайы _________________________________________

    Орындаушы _________________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/ электрондық цифрлық қолтаңбасы

    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _____________________________

    ____________________________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/ электрондық цифрлық қолтаңбасы

    Ескертпе: әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және өсімдік шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және өсімдік шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанына қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және өсімдік шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: №1-ӨТЖ нысан, кезеңділігі: қажет болған кезде)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және өсімдік шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысанға орындаушы және басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

    3. Нысанды:

    ауыл шаруашылығы дақылдары егістіктері мен тұқым сақтау орындарын зерттеп-қарау қорытындылары бойынша өсімдік шаруашылығы саласындағы комиссия облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарына береді.

    4. Нысан қазақ және орыс тілерінде толтырылады.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    5. Нысанның 1-кестесінің 2-бағанында жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

    6. Нысанның 1-кестесінің 3-бағанында ауыл шаруашылығы дақылының атауы көрсетіледі.

    7. 1-формадағы 1-кестенің 4-бағанында төтенше жағдайдың табиғи сипаттағы түрі көрсетіледі: тасқындар, су басулар, қуаңшылық, табиғи өрттер, және басқа да жағдайлар.

    8. Нысанның 1-кестесінің 4-бағанында залал келтірілген алаң гектарда көрсетіледі.

    9. Нысанның 1-кестесінің 5-бағанында 1 гектарға жұмсалған шығындар теңгемен көрсетіледі.

    10. Нысанның 1-кестесінің 6-бағанында қаражат көлемі теңгемен көрсетіледі (7-баған 5-баған мен 6-бағанның көбейтіндісіне тең).

    11. Нысанның 2-кестесінің 2-бағанында жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

    12. Нысанның 2-кестесінің 3-бағанында ауыл шаруашылығы дақылының атауы көрсетіледі.

    13. 2-кестенің 4-бағанында төтенше жағдайдың табиғи сипаттағы түрі көрсетіледі: тасқындар, су басулар, қуаңшылық, табиғи өрттер және басқа да жағдайлар.

    14. Нысанның 2-кестесінің 4-бағанында бүлінген тұқымдардың көлемі тоннамен көрсетіледі.

    15. Нысанның 2-кестесінің 5-бағанында тоннасына бағасы теңгемен көрсетіледі.

    16. 2 -кестенің 6-бағанында қаражат көлемі теңгемен көрсетіледі (7-баған 5-баған мен 6-бағанның көбейтіндісіне тең).

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2026 жылғы 20 наурыздағы

    № 94 бұйрығына

    4-қосымша

    Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    Өлген ауыл шаруашылығы жануарлары үшін және бүлінген инкубациялық жұмыртқалар үшін келтірілген залалды өтеу туралы өтінім

    Маған табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде:

    1) жануардың жеке нөмірін (бар болса) көрсете отырып, өлген ауыл

    шаруашылығы жануарлары үшін:_______________________________________

    _______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

    2) бүлінген инкубациялық жұмыртқалар үшін келтірілген залалды өтеуді сұраймын.

    1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

    заңды тұлға үшін:

    атауы __________________________________________________________

    бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)_______________________

    басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ________________________

    мекенжайы: ____________________________________________________

    телефон нөмірі, электрондық почтасы: ______________________________

    жеке тұлға үшін:

    аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________________

    жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) ________________________

    жеке басын куәландыратын құжат:

    нөмірі _________________________________________________________

    кім берді _______________________________________________________

    берілген күні ___________________________________________________

    мекенжайы: ___________________________________________________

    телефон нөмірі, электрондық почтасы: ____________________________

    2. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің екінші деңгейдегі банктегі

    ағымдағы шоты туралы мәліметтер:

    ЖСН/БСН ____________________________________________________

    банктің деректемелері: ________________________________________

    банктің атауы: _______________________________________________

    банктік сәйкестендіру коды _____________________________________

    жеке сәйкестендіру коды _______________________________________

    БСН _________________________________________________________

    бенефициар коды ______________________________________________

    Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:

    ______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

    ______________________________________________________________

    _______________________________________________________________

    ______________________________________________________________

    Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сондай-ақ деректерді бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беруге келісім беремін.

    Өтініш беруші ______________ ________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

    Күні: 20__ жылғы «____» __________

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2026 жылғы 20 наурыздағы

    № 94 бұйрығына

    5-қосымша

    Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларына

    5-қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз

    түрде жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарына

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

    Әкімшілік нысанның атауы: Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және мал шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № 1-МТЖ нысан

    Кезеңділігі: қажет болған кезде

    Есепті кезең: 20___ жылғы ___ тоқсан

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының, ішкі істер органдарының (келісу бойынша), қоғамдық ұйымдардың және Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатарынан құрылған комиссия

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: _________________________________________________________

    Жеке сәйкестендіру нөмірі/
    Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

    Жинау әдісі: қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде

    1. Ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру аумағын көрсетіңіз

    Облыс ________________________________________________________

    Әкімшілік-аумақтық бірлестіктер сыныптауышы бойынша коды _______

    _______________________________________________________________

    Р/с №
    Жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы
    Жануарлар мен құстардың жыныстық жас топтарының, инкубациялық жұмыртқалардың атауы
    Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың түрі
    Жануарлар саны, бас
    Келтірілген материалдық залалдың сомасы, теңге
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    Комиссия мүшелері:___________________________________________

    ____________________________________________ ____________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)

    Атауы _______________________________________________________

    Мекенжайы____________________________________________________

    Телефоны_______________________________________________________

    Электрондық почтасының мекенжайы_______________________________

    Орындаушы __________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы

    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _____________________

    ___________________________________________________________ аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы

    Ескертпе: әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және мал шаруашылығы саласында зиян келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанын толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және мал шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанына қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және мал шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: №1- МТЖ нысан, кезеңділігі: қажет болған кезде)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайдан зардап шеккен және мал шаруашылығы саласында залал келтірілген жеке және заңды тұлғалардың тізбесі» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысанға орындаушы және басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

    3. Нысанды мал шаруашылығы саласындағы комиссия жұмыс қорытындысы бойынша береді.

    4. Нысан қазақ және орыс тілерінде толтырылады.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    5. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

    6. Нысанның 2-бағанында жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

    7. Формадағы 3-бағанында төтенше жағдайдың табиғи сипаттағы түрі көрсетіледі: тасқындар, су басулар, қуаңшылық, табиғи өрттер және басқа да жағдайлар.

    7. Нысанның 4-бағанында жануарлар мен құстардың жыныстық жас топтарының, инкубациялық жұмыртқалардың атауы көрсетіледі.

    8. Нысанның 5-бағанында (қаза тапқан) жануарлар саны, баспен көрсетіледі.

    9. Нысанның 6-бағанында келтірілген материалдық залалдың сомасы, теңгемен көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.