Биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 наурыз 2026 ж.

    Биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы

    «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Биржалық тауарлар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауданы дамыту департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда жіберу;

    2) осы бұйрықты қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің хабарламасы;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы

    А. Бижанова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Бәсекелестікті қорғау

    және дамыту агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Энергетика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Сауда және интеграция министрінің

    міндетін атқарушы

    2026 жылғы ___ наурыздағы

    № ___ Бұйрығына қосымша

    Биржалық тауарлардың тізбесі

    Топ
    Та­у­ар
    Та­у­ар­лар­дың ата­уы
    ЕА­ЭО СЭҚ ТН ко­ды*
    Та­у­ар­лар­ды жет­кі­зу пар­ти­я­сы­ның ең тө­мен мөл­ше­рі, ол тең болған неме­се одан асып кет­кен кез­де, олар­ды өт­кі­зу та­у­ар бир­жа­сы ар­қы­лы ға­на жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
    Та­у­ар бир­жа­ла­ры ар­қы­лы мін­дет­ті түр­де өт­кізу­ге жа­та­тын та­у­ар­дың ең тө­мен­гі үле­сі және атал­ған мін­дет қол­да­ны­ла­тын субъ­ек­ті­лер­дің са­нат­та­ры
    1
    Энер­гия та­сығ­ы­штар
    Кө­мір
    Тас кө­мір; тас кө­мір­ден алын­ған бри­кет­тер, ше­кем­та­стар және қат­ты отын­ның ұқсас түр­ле­рі**
    2701
    Ке­ле­сі өн­ді­рі­стік жы­л­ға іш­кі на­рық­қа ай сай­ын бө­лу жос­пар­лан­ған ком­му­нал­дық-тұр­мыстық кө­мір­дің жал­пы жыл­дық кө­ле­мі­нің 52%. Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға (кө­мір ке­сін­ді­сі, кө­мір шах­та­сы) және (неме­се) кө­мір­ді қай­та өң­де­у­ге (бай­ы­ту­ға) ар­нал­ған ке­лі­сім­шар­тқа сәй­кес өн­ді­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­тын кө­мір өн­ді­ру­ші.
    Га­гат­тан бас­қа, аг­ло­ме­ра­ци­я­лан­ған неме­се аг­ло­ме­ра­ци­я­лан­ба­ған лиг­нит неме­се қо­ңыр кө­мір**
    2702
    Ке­ле­сі өн­ді­рі­стік жы­л­ға іш­кі на­рық­қа ай сай­ын бө­лу жос­пар­лан­ған ком­му­нал­дық-тұр­мыстық кө­мір­дің жал­пы жыл­дық кө­ле­мі­нің 50%.
    Жер қой­на­уын пай­да­ла­ну­ға (кө­мір ке­сін­ді­сі, кө­мір шах­та­сы) және (неме­се) кө­мір­ді қай­та өң­де­у­ге (бай­ы­ту­ға) ар­нал­ған ке­лі­сім­шар­тқа сәй­кес өн­ді­ру­ді жү­зе­ге асы­ра­тын кө­мір өн­ді­ру­ші.
    2
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі
    Би­дай және меслин
    Би­дай және меслин
    1001 19 000 0, 1001 91 900 0, 1001 99 000 0
    Ал­дың­ғы ай­да бир­жа­дан тыс са­уда ала­ңын­да өт­кі­зі­л­ген би­дай­дың нақ­ты са­ны­ның 5%. Астық­ты экс­порт­тай­тын астық на­ры­ғы­ның субъ­ек­ті­сі. Астық­ты іш­кі на­рық­та өт­кі­зе­тін астық на­ры­ғы­ның субъ­ек­ті­сі (ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­ні қо­с­па­ған­да).
    Қант
    Қант
    1701
    60 тон­на
    Ар­па
    Ар­па
    1003 10 000 0, 1003 90 000 0
    Ал­дың­ғы ай­да бир­жа­дан тыс са­уда ала­ңын­да өт­кі­зі­л­ген би­дай­дың нақ­ты са­ны­ның 5%. Астық­ты экс­порт­тай­тын астық на­ры­ғы­ның субъ­ек­ті­сі. Астық­ты іш­кі на­рық­та өт­кі­зе­тін астық на­ры­ғы­ның субъ­ек­ті­сі (ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы та­у­а­рын өн­ді­ру­ші­ні қо­с­па­ған­да).
    Өзге кар­топ, жа­ңа піс­кен неме­се сал­қын­да­ты­л­ған
    0701 90 900 0
    1000 тон­на
    Кард­тық неме­се та­рақ­пен та­ра­у­ға ұшы­ра­ған мақ­та тал­шы­ғы
    5203 00 000 0
    600 тон­на
    3
    Ми­не­рал­ды өнім­дер
    Бо­ял­ма­ған неме­се бо­я­л­ған, дай­ын неме­се күй­ді­рі­л­ген це­мент та­сы ны­са­нын­да порт­ланд­це­мент, гли­но­зем­дік це­мент, қож це­мент, су­пер­суль­фат­ты це­мент және ұқсас гид­рав­ли­ка­лық це­мент­тер
    2523
    60 тон­на
    4
    Мұ­най өнім­де­рі
    би­тум
    мұ­най би­ту­мы
    2713 20 000 0
    Ағым­да­ғы өн­ді­рі­стік жыл­дың іш­кі на­ры­ғы­на жет­кізу­ге жос­пар­лан­ған би­тум­ның жал­пы жыл­дық кө­ле­мі­нің 10%-ы. Өзіне мен­шік құқы­ғы­мен ти­е­сі­лі кө­мір­су­тек ши­кі­за­ты­нан өн­ді­рі­л­ген би­тум­ды өн­ді­ру­ші, би­тум­ның мен­шік ие­сі.
    ав­то­мо­биль бен­зи­ні***
    ок­тан са­ны 92 неме­се одан көп (зерт­теу әді­сі бой­ын­ша)
    2710 12 413 0
    ав­то­мо­биль бен­зи­ні***
    ок­тан са­ны 95 неме­се одан көп, бі­рақ 98 аз (зерт­теу әді­сі бой­ын­ша)
    2710 12 450 0
    ав­то­мо­биль бен­зи­ні***
    ок­тан са­ны 98 неме­се одан көп (зерт­теу әді­сі бой­ын­ша)
    2710 12 490 0
    ре­ак­тив­ті қоз­ғалт­қы­штар­ға ар­нал­ған отын***
    ре­ак­тив­ті қоз­ғалт­қы­штар­ға ар­нал­ған отын
    2710 19 210 0
    ди­зель оты­ны***
    жаз­ғы ди­зель оты­ны
    2710 19 421 0
    ди­зель оты­ны***
    қы­сқы ди­зель оты­ны
    2710 19 422 0
    ди­зель оты­ны***
    арк­ти­ка­лық ди­зель оты­ны
    2710 19 423 0
    ди­зель оты­ны***
    мау­сы­ма­ра­лық ди­зель оты­ны
    2710 19 424 0
    ди­зель оты­ны***
    өзге ди­зель оты­ны
    2710 19 425 0
    5
    Кө­мір­тек бір­лік­те­рі
    кө­мір­те­гі кво­та­сы­ның бір­лі­гі****
    2811 21 000 0
    оф­се­ті­нің бір­лі­гі*****
    2811 21 000 0
    Ескертпе:
    * – ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;
    ** – көрсетілген міндет көмір өндіретін компаниялардың коммуналдық-тұрмыстық көмірді жергілікті атқарушы органдар айқындайтын операторларға олардың кейіннен халыққа жеке пайдалануы үшін өткізуіне қолданылады;
    *** – тауар биржалары арқылы өткізілетін автомобиль бензинін, дизель отынын және реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды өткізу көлемін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 7-тармағына сәйкес мұнай өнімдерін беру жоспарының шеңберінде белгілейді.
    **** - тауар биржалары арқылы өткізілуге жататын көміртегі квоталарының көлемін Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 289-бабының 9-тармағына сәйкес квоталау субъектісі айқындайды.
    ***** - тауар биржалары арқылы өткізілуге жататын офсеттік бірліктердің көлемін жобаның өтініш берушісі Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 298-бабының 7-тармағына сәйкес айқындайды.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.