«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 441 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 сәуір 2026 ж.

    «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 441 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормаларын және ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 441 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормалары көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі сатып алу және Министрліктің активтері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы

    Е. Біржанов

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    міндетін атқарушының

    2026 жылғы «02» сәуірдегі

    № 218 бұйрығына

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2025 жылғы 12 тамыздағы

    № 441 бұйрығына

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының арнайы автокөлігінің тиесілік заттай нормалары

    Ата­уы
    Әр­бір заң­ды тұл­ға­ға ар­нал­ған ар­найы ав­то­кө­лік­тің заттай нор­ма­ла­ры
    Жү­ру ли­ми­ті ай­ы­на 1 ав­то­мо­биль­дің (ки­ло­метр)
    са­лық­тық тек­се­ру­лер үшін
    ке­ден­дік ба­қы­лау үшін
    же­ңіл ав­то негі­зін­де
    жүк ав­то­мо­биль­де­рі­нің және жо­ла­у­шы­лар ав­то­бу­ста­ры мен ша­ғын ав­то­бу­ста­ры­ның шас­си­іне
    же­ңіл ав­то негі­зін­де
    жүк ав­то­мо­биль­де­рі­нің және жо­ла­у­шы­лар ав­то­бу­ста­ры мен ша­ғын ав­то­бу­ста­ры­ның шас­си­іне
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    1.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті
    3
    0
    3
    0
    2500
    2.
    Об­лы­стар, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар және аста­на бой­ын­ша мем­ле­кет­тік кі­рі­стер де­пар­та­мент­те­рі
    4
    0
    3*
    1
    2500
    3.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Мем­ле­кет­тік кі­ріс ко­ми­те­ті­нің Бас дис­пет­чер­лік бас­қар­ма­сы
    0
    0
    2
    1
    2500
    4.
    Ке­ден бе­кет­те­рі
    0
    0
    2
    0
    2500
    5.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті­нің ма­ман­дан­ды­ры­л­ған мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­ле­рі
    0
    0
    2
    1
    2500
    Ескертпе:
    арнайы автокөлік – салық заңнамасының және кедендік реттеудің сақталуын, Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) елдерімен шекара арқылы шетелдік тауарларды заңсыз әкелуді бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, ЕАЭО елдерімен шекаралас аймақтарда көлік құралдарын тоқтату, кедендік бақылау және тексеру жүргізу құқығымен мобильді топтарды енгізуге арналған жеңіл не жүк автомобилі, автобус, шағын автобус;
    жеңіл автомобильдер базасында қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден аспауы тиіс;
    жүк автомобильдерінің және жолаушылар автобустары мен шағын автобустарының шассиіндегі қозғалтқыш көлемі автомобиль моделіне байланысты.
    * – Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шектесетін өңірлердегі мемлекеттік кірістер департаменттері үшін мынадай қосымша заттай нормалар белгіленсін:
    Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 1 бірлік;
    Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 2 бірлік;
    Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 1 бірлік;
    Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 1 бірлік;
    Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 3 бірлік;
    Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 2 бірлік;
    Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 2 бірлік;
    Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 2 бірлік;
    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті – 1 бірлік.

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    міндетін атқарушының

    2026 жылғы «02» сәуірдегі

    № 218 бұйрығына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрінің

    2025 жылғы 12 тамыздағы

    № 441 бұйрығына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ведомстволарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдарының заттай нормалары

    Үй-жайлардың атауы
    Өлшем бірлігі
    Үй-жайдың алаңы
    1
    2
    3
    4
    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер органдарының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы:
    1.
    Көкшетау, Ақтөбе, Талдықорған, Атырау, Өскемен, Тараз, Орал, Қызылорда, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Петропавл қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары
    шаршы метр
    900
    Степногорск, Қапшағай, Текелі, Жезқазған, Сарань, Теміртау, Шахтинск, Балхаш, Приозерск, Қаражал, Сәтпаев, Лисаковск, Рудный, Арқалық, Жаңаөзен, Арыс, Кентау, Түркістан, Ақсу, Екібастұз, Риддер, Курчатов, Семей қалалары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары
    шаршы метр
    200
    Қалалардағы аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары
    шаршы метр
    500
    Аудандар бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары
    шаршы метр
    100
    Мемлекеттік қазынашылық органдарына арналған ерекше үй-жайлар
    2.
    Мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған зал:
    Аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармалары
    шаршы метр
    30
    Қалалық мемлекеттік қазынашылық басқармалары
    шаршы метр
    45
    Облыстар бойынша мемлекеттік қазынашылық департаменттері
    шаршы метр
    60
    Республикалық манызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік қазынашылық департаменттері
    шаршы метр
    90

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.