«Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 573 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 381-НҚ бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомстваның ӘМ-де мем. тіркелуге жатпайтын бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 наурыз 2026 ж.

    «Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 573 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 381-НҚ бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 573 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 381-НҚ бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесінде:

    реттік нөмірлері 14, 15 және 16-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:

    «

    14.
    Электр тіз­бек­те­рін­де­гі кер­не­уді неме­се электр қоз­ғау­шы кү­ш­ті өл­шеу
    0 В-тан ар­тық 1000 В-ға дей­ін
    ± (1%+3 крб)
    15.
    Ток кү­шін өл­шеу
    0 А-ден ар­тық 10 А-ға дей­ін
    ± (1%+3 крб)
    16.
    Элек­тр­лік бел­сен­ді (ом­дық) ке­дер­гі­лер­ді өл­шеу
    0 Ом-нан ар­тық 20 МОм-ға дей­ін
    ± (5% + 3 крб)
    »;
    реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    22.
    Су құ­бы­рын­да­ғы су­дың тем­пе­ра­ту­ра­сын өл­шеу
    0 °С-тан ар­тық 100 °С-қа дей­ін
    ± 1 °С
    »;
    реттік нөмірлері 25 және 26-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    25.
    Ста­ти­ка­лық со­зы­лу кү­ш­те­рін өл­шеу
    20 Н-нан ар­тық 200 Н-ға дей­ін
    дәл­дік то­бы 2-ден тө­мен емес
    26.
    Сал­мақ­ты (мас­са­ны) өл­шеу
    150 кг-ға дей­ін
    ± 0,15 кг
    »;
    реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    28.
    Ды­быс дең­гей­ін өл­шеу
    30 дБ-ден ар­тық 130 дБ-ға дей­ін
    1,5 дБ
    »;
    реттік нөмірі 29-жол алып тасталсын;
    реттік нөмірлері 30 және 31-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    30.
    Ки­не­ма­ти­ка­лық тұт­қыр­лық­ты өл­шеу
    20 мм2/с-тан ар­тық 100 мм2/с-қа дей­ін
    5% ар­тық емес
    31.
    Тү­тін­ге қар­сы жел­де­ту жүй­е­сі­нің от­қа тө­зім­ді құ­быр­ла­ры­ның от­қа тө­зім­ді жа­бы­ны­ның қа­лыңды­ғын өл­шеу
    2 мм-ден ар­тық 150 мм-ға дей­ін
    2,5% ар­тық емес
    »;
    реттік нөмірлері 33 және 34-жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
    «
    33.
    Бас­пал­дақ тор­ла­рын­да, лифт шах­та­ла­рын­да, там­бур-шлюз­дер­де және лифт зал­да­рын­да қы­сым­ның тө­мен­де­уін өл­шеу
    0,01 кПа-дан ар­тық 0,16 кПа-ға дей­ін
    дәл­дік то­бы 1,0-ден тө­мен емес
    34.
    Тал­шық­ты-оп­ти­ка­лық бай­ла­ныс же­лі­ле­рі­нің ыды­ра­уын өл­шеу
    -50 дБм-тан ар­тық 5 дБм-ға дей­ін
    ± 0,1 дБм
    »;
    Ескертпеде:
    «Гц – герц;» деген сөздер «крб – кіші разряд бірлігі;» деген сөздермен ауыстырылсын;
    «МПа*с – мегапаскаль-секунд;» деген сөздер «мм2/с – секундына шаршы миллиметр;» деген сөздермен ауыстырылсын.
    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
    1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
    2) осы бірлескен бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдау.
    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    ____________ Ш. Әрінов

    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

    ____________ А. Шаққалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.