2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодекісінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген «Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру ережелері мен әдістемесіне» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
А.Карсыбаев
Шардара ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 2 сәуірдегі
№ 193 қаулысына қосымша
2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері
|
№
|
Атауы
|
Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)
|
|
1
|
Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
|
50529,19
|
|
2
|
Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету
|
366891
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.