Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Мақтаарал ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің «Мырзакент-Қызмет» КММ және «Газ техникалық қызмет және тұрғын үй қатынастары» КММ қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 наурыз 2026 ж.

    Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Мақтаарал ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің «Мырзакент-Қызмет» КММ және «Газ техникалық қызмет және тұрғын үй қатынастары» КММ қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіппен және шарттарда жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Мақтаарал ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы» бөлімінің «Мырзакент-Қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Газ техникалық қызмет және тұрғын үй қатынастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысы 50% аспайтын көлемде белгіленсін.

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мақтаарал аудандық мәслихатының төрағасы

    Қ. Сарсекбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.