«Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8C16-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 наурыз 2026 ж.

    «Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8C16-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8C16-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692-03 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімге 1-қосымшада:

    2-тараудың 11-тармағы 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын;

    «дүлей зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір мезгілде 100 ( бір жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;

    2-тараудың 11-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

    «әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктері, адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы) бар адамдарға жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы

    Қ. Шынтеміров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.