«Отырар ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» Отырар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 213 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Отырар ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің кейбір мәселелері туралы» Отырар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 18 қарашадағы № 213 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Қ. Жолдыбай
2026 жылғы «19» наурыздағы
№ 68 қаулыға қосымша
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі) аудан көлемінде ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
4. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
6. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160700, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Мұхтар Әуезов көшесі, №2А үй, индекс 160700.
10. Осы Ереже Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13.Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің оның барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша, сондай-ақ тараптардың құқықтардың мирас қоры болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
14. Міндеттері:
1) аудан көлемінде агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды тұрақты экономикалық және әлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
15. Өкілеттіктері:
құқықтары:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
3) сотта талапкер және жауапкер болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
міндеттері:
1) агроөнеркәсіп кешені өнімі өндірісінің тұрақты өсуі негізінде ауданның азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) агроөнеркәсіп кешені салаларында индустриалдық-инновациялық бағдарламаны жүзеге асыру;
3) агроөнеркәсіп секторына реформаларды жүргізу, саланы қаржылай сауықтыру, ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық өсуін жылдамдату және экспорттық потенциалын арттыру үшін инвестиция тарту;
4) агроөнеркәсіп кешені салаларының осы заманғы инфрақұрылымын дамыту және техникалық жабдықтауды жоғарылату;
5) мал шаруашылығы дамуының мониторингін іске асыру;
6) ауыл шаруашылық малдарын асылдандыру саласына ықпал жасау;
7) қайта өңдеу өндірісін тұрақты дамыту және қолдау, ауыл шаруашылық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға тұқым шаруашылығы жөнінде жұмыстар жүргізуге жәрдем көрсету;
9) дақылдардың орналасуына, жерді тиімді пайдалану, сондай-ақ тұқым шаруашылығының мәселелеріне талдау жасау, ауыл шаруашылығы туралы мәлімет дайындау;
10) ауыл шаруашылық техникаларына, ауыл шаруашылығы жұмыстарына жанар-жағар май (ЖЖМ) мөлшерінің жұмсалуына талдау жасау, қосалқы бөлшектермен жабдықтандыру, лизингтік қатынастарды енгізу мен кеңейтуге ықпал жасау;
11) ауыл шаруашылық техникаларының есебін жүргізу;
12) машина-трактор паркі мен техникалардың жаңалануына мониторинг және сараптама жүргізу
13) Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпарат ұсынуға міндетті;
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген құзыреті шеңберінде басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) ауданның агроөнеркәсіптік кешенінің әлеуметтік-экономикалық өcyiнің стратегиялық жоспарларын дайындап, оның icкe асуын қамтамасыз ету;
2) ауыл шаруашылығы саясатын жүргізу үшін ауылдың стратегиялық жоспарларын және аймақтық бағдарламаларын әзірлеу;
3) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн осы Заңға, осы саладағы мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламаларға және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
4) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштар, тұқым улағыштар мен гербицидтер алуға бағытталған субсидиялау бағдарламаларын іске асыру;
5) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ауыл шаруашылығына бағытталған инвестицилық жобалар мен басқада қаржы көздері туралы ақпаратты ұсыну.
6) асыл тұқымды мал зауыты, асыл тұқымды мал шаруашылығы, асыл тұқымды мал орталығы, дистрибьютерлiк орталық, асыл тұқымдық репродуктор және iрi қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палата беретiн асыл тұқымдық куәлiктердiң есебiн жүргiзу;
7) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерден асыл тұқымды мал туралы деректер жинауды жүзеге асырады;
8) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерден және асыл тұқымды малы бар жеке және заңды тұлғалардан бекiтiлген нысандар бойынша есептер қабылдайды;
9) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды жүргізеді;
10) субсидияға бөлінген тұқымның нысаналы пайдалануын бақылауды жүзеге асыру;
11) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектiлерi көрсететiн қызметтердiң сапасын тексеру;
12) тұқымды өндiрудi, дайындауды, сақтауды, өткiзудi, тасымалдауды және пайдалануды бақылау;
13) тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік стандарттарды, нұсқаулықтарды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша техникалық реттеу аймағындағы уәкілетті органға ұсыныстарды енгізеді;
14) сорттық және тұқымдық бақылау;
15) аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханалардың тұқымдардың сорттық және себу сапасына сараптама жүргiзуiн, олардың тұқым шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттарды сақтау;
16) техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетеді;
17) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;
18) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу;
19) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;
20) тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігіненжүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;
21) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
22) тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру;
23) жылыжай шаруашылығы, қойма шаруашылықтары бойынша мониторнинг жүргізу;
24) өңіраралық кооперацияны дамыту мақсатында және ауыл шаруашылғы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша ауылшаруашылығы жәрмеңкелері мен көрмелерін ұйымдастыру;
25) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асырады.
26) Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;
27) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы хабарлауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;
28) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады;
29) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
17. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
3) заңнамада белгіленген тәртіпте Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін ұсынады;
5) заңнамада белгіленген тәртіпте Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
6) өз құзыреті шегінде Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
7) белгіленген еңбекақы төлеу қоры және жұмыскерлердің штат санының лимиті шегінде Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымын, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
8) Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің балансында бекітілген мүліктің тиімді пайдаланылуы және оның сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
9) азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген мерзімдерде қарайды, олар бойынша қажетті шаралар қабылдайды;
10) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
22. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көрсетілген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
25. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.