Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі, Атамекен елді мекенінің шекарасын өзгерту және белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округінің Атамекен елді мекенінің шекараларына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 39,22 гектар жерлерді қосу арқылы, Дербісек ауылдық округінің Атамекен елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы көлемі 111,83 гектар шекарасында белгіленсін.
2. Осы бірлескен Сарыағаш ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сарыағаш аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Сарыағаш ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сарыағаш аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының әкімі
А. Абдуллаев
Аудандық мәслихат төрағасы
Р. Асылбекұлы
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.