Алдабергенов ауылдық округіне қарасты елді мекендерінің көшелерінің атауларын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37 бабы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-ХІІ Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2023 жылы 11 мамырдағы Жетісу облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Алдабергенов ауылдық округі әкімінің м.а. ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы, Алдабергенов ауылдық округіне қарасты, Алдабергенов, Жаңалық ауылдарындағы көшелердің атаулары төмендегідей өзгертілсін:
Алдабергенов ауылы бойынша:
1) Ленин көшесі «Көшкінбай Жанатұлы» көшесіне;
Жаңалық ауылы бойынша:
1) Молодежный көшесі «Жастар» көшесіне;
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алдабергенов ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Б. Татиевқа жүктелсін.
3. 2023 жылғы 12 маусымдағы Алдабергенов ауылдық округі әкімінің № 5 шешімнің күші жойылсын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алдабергенов ауылдық округі әкімінің м.а.
А. Татиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.