«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 наурыз 2026 ж.

    «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының мөлшерлемелері туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 630-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 17560 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыстық мәслихаттың төрағасы

    Г. СҮЙІНТАЕВА

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.