Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 31 наурыз 2026 ж.
«Жарқайың ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 ақпандағы № 8С-45/5 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Жарқайың ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Жарқайың аудандық мәслихатының 2025 жылғы 21 ақпандағы № 8С-45/5 шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
Жарқайың ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі көрсетілген жоспардың 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы 6-кестемен толықтырылсын:
«Кесте 6. Қайтарылған жер учаскелері туралы мәліметтер
|
Ауылдың, ауылдық округтің атауы
|
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін жер учаскелері, гектар
|
Жайылымды пайдаланушыларға жер пайдалануға берілуі мүмкін жайылымдар, гектар
|
|
Бірсуат ауылы
|
439,7
|
4266,1
|
|
Құмсуат ауылы
|
1487,0
|
-
|
|
Пригородный ауылы
|
-
|
574,4
|
|
Пятигор ауылы
|
16,0
|
-
|
|
Тассуат ауылы
|
-
|
145,4
|
|
Шойындыкөл ауылы
|
-
|
16381,3
|
|
Костычев ауылдық округі
|
26,0
|
-
».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудандық мәслихаттың төрағасы
А. Әлжанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.