2026 жылға Қазалы ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 наурыз 2026 ж.

    2026 жылға Қазалы ауданы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 19-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32987 тіркелген) сәйкес, Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы Қазалы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қарашадағы №201 қаулысы жойылды деп танылсын.

    3. «Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылдасын.

    4. Қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазалы ауданының әкімі

    А.Есмаханов

    Қазалы ауданы әкімдігінің

    2026 жылғы «27» наурыздағы

    № 52 қаулысына қосымша

    Арнаулы әлеуметтік қызметтерді бір қызмет алушыға көрсетуге арналған тарифтер

    Мекемелердің түрлері
    Күніне бір қызмет алушының тарифі, теңге
    1.
    Жартылай стационар жағдайда (18 жасқа толмаған тұлғаларға арналған)
    10787,86 теңге (8 сағат)
    2.
    Үйден қызметтер көрсету жағдайында
    4381,90 тенге (бір қызмет алушыға)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.