«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 наурыз 2026 ж.

    «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақта:

    162-4) тармақша алып тасталсын;

    мынадай мазмұндағы 162-10) тармақшамен толықтырылсын:

    «16-10) бірыңғай есепке алу жүйесіне, бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға, сондай-ақ ол төлем ұйымының қызметтерін көрсету үшін тартатын заңды тұлғаға құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген тұлғалардың тізіміне үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз етеді;»;

    мынадай мазмұндағы 185-19) және 185-20) тармақшалармен толықтырылсын:

    «185-19) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтайды және өз құзыреті шегінде оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды;

    185-20) өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, құқық қорғау органдарында есепте тұрған жастарды қоса алғанда, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тарту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.