Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның есептілікті ұсыну қағидаларын, тізбесін, нысандары мен оны ұсыну мерзімдерін бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 сәуір 2026 ж.

    Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның есептілікті ұсыну қағидаларын, тізбесін, нысандары мен оны ұсыну мерзімдерін бекіту туралы

    «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-8-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына және «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-4-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса беріліп отырған Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның есептілікті ұсыну қағидалары, тізбесі, нысандары мен оны ұсыну мерзімдері бекітілсін.

    2. Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы

    М. Абылкасымова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистика бюросы

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы нарығын

    реттеу және дамыту

    Агенттігінің Басқармасының

    2026 жылғы 3 сәуірдегі

    № 51 қаулысымен

    бекітілген

    Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның есептілікті ұсыну қағидалары, тізбесі, нысандары мен оны ұсыну мерзімдері

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның есептілікті ұсыну қағидалары, тізбесі, нысандары мен оны ұсыну мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-8-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына және «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-4-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептіліктің тізбесін, нысандары мен оны ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, есептілікті ұсыну тәртібін айқындайды.

    2-тарау. Нысандарды ұсыну тәртібі

    2. Есептілік уәкілетті органға электрондық түрде ұсынылады.

    3. Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның есептілік тізбесі Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген.

    4. Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесіне) дейін (қоса алғанда) уәкілетті органға:

    1) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі туралы есепті;

    2) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым органдарының дербес құрамы туралы есепті ұсынады.

    5. Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 25 (жиырма бесінші) ақпанына (қоса алғанда) дейін уәкілетті органға Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның кірістері мен шығыстары туралы есепті ұсынады.

    6. Егер есептілікті ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс емес күнге сәйкес келсе, онда мерзім келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

    7. Есепті кезеңде есептілікте көрсетілуге жататын мәліметтер болмаған кезде есепті ұсынатын тұлғалар бұл туралы уәкілетті органға осы есептерді ұсыну үшін белгіленген мерзімдерде жазбаша түрде хабарлайды.

    8. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын микроқаржылық қызметі саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның басшысы немесе есептерге қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.

    9. Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойған есептілік электрондық форматта сақталады.

    10. Есептілікті қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган оны назарға алады, ал анықталған ескертулер болған кезде микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымға және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымға жоғарыда көрсетілген есептілік уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оларды жою туралы хат жібереді.

    Микроқаржылық қызмет

    саласында өзін-өзі реттейтін

    ұйымның және коллекторлық

    қызмет саласында өзін-өзі

    реттейтін ұйымның есептілікті

    ұсыну қағидаларына, тізбесіне,

    нысандары мен оны

    ұсыну мерзімдеріне

    1-қосымша

    Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның есептілік тізбесі

    Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның есептілігі мыналардан тұрады:

    1) микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі туралы есеп;

    2) микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым органдарының дербес құрамы туралы есеп;

    3) микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның кірістері мен шығыстары туралы есеп.

    Микроқаржылық қызмет

    саласында өзін-өзі реттейтін

    ұйымның және коллекторлық

    қызмет саласында өзін-өзі

    реттейтін ұйымның есептілікті

    ұсыну қағидаларына,

    тізбесіне, нысандары мен

    оны ұсыну мерзімдеріне

    2-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік)

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm интернет-ресурсында орналастырылған

    Әкімшілік нысанның атауы: микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі туралы есеп

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: CRO-TD-Q-1

    Кезеңділігі: тоқсан сайын

    Есепті кезең: 20__ жылғы __-тоқсан

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымдар, коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымдар (бұдан әрі – өзін-өзі реттейтін ұйым)

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың (қоса алғанда) 25 (жиырма бесіне) дейін

    Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (БСН):______________

    Жинау әдісі: электрондық түрде

    Кесте 1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері туралы мәліметтер

    р/с
    Есепті кезеңнің басында өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің тізіліміне енгізілген өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің атауы
    БСН
    Есепті кезеңде өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің тізіліміне енгізілген күні
    Есепті кезеңде өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің тізілімінен шығарылған күні
    Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелікті тоқтату нысаны
    Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің тізілімінен шығаруға шағымдануы туралы ақпарат
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Кестенің жалғасы
    Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің тізілімінен шығару туралы мәселені қайта қарау туралы ақпарат
    Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесін өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің тізілімінен шығаруға байланысты ақпарат пен материалдардың Агенттікке жіберілгені туралы құжаттың күні
    Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесін өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің тізілімінен шығаруға байланысты ақпарат пен материалдардың Агенттікке жіберілгені туралы құжаттың нөмірі
    8
    9
    10
    2-кесте. Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүліктік жауапкершілік төлемдері туралы мәліметтер
    р/с №
    Мү­лік­тік жа­у­ап­кер­ші­лік­ті қам­та­ма­сыз ету тә­сі­лі
    Мү­лік­тік жа­у­ап­кер­ші­лік­ті қам­та­ма­сыз ету­дің өзге тә­сі­лі ата­уы­ның то­лық жа­зы­луы
    Есеп­ті ке­зең­де­гі мү­лік­тік жа­у­ап­кер­ші­лік­ті тө­леу ту­ра­лы жол­да­ным­дар­дың са­ны
    (бір­лік)
    Есеп­ті ке­зең­де­гі алу та­лап еті­л­ген мү­лік­тік жа­у­ап­кер­ші­лік тө­лем­де­рі­нің со­ма­сы
    (мың тең­ге­мен)
    Есеп­ті ке­зең­де­гі жүр­гі­зі­л­ген мү­лік­тік жа­у­ап­кер­ші­лік тө­лем­де­рі­нің со­ма­сы
    (мың тең­ге­мен)
    Агент­тікке мү­лік­тік жа­у­ап­кер­ші­лік­ті тө­ле­у­ге бай­ла­ны­сты ақ­па­рат пен ма­те­ри­ал­дар­ды жі­бе­ру ту­ра­лы құ­жат­тың кү­ні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Кестенің жалғасы
    Агенттікке мүліктік жауапкершілікті төлеуге байланысты ақпарат пен материалдарды жіберу туралы құжаттың нөмірі
    8
    3-кесте. Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің міндетті жарналарды төлеуге қатысты берешегі туралы мәліметтер
    р/с №
    Жарнаның түрі
    Есепті кезеңнің басындағы жарна төлеу бойынша берешек сомасы
    (мың теңгемен)
    Есепті кезеңнің соңындағы жарна төлеу бойынша берешек сомасы
    (мың теңгемен)
    Жарналардың төленбегені үшін қабылданған ықпал ету шарасы
    Өзге де ықпал ету шарасының толық жазылуы
    Жарнаның төленбегені үшін шара қабылдау туралы құжаттың күні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Кестенің жалғасы
    Жарнаның төленбегені үшін шара қабылдау туралы құжаттың нөмірі
    Агенттікке жарналарды төлемеуге байланысты ақпарат пен материалдарды жіберу туралы құжаттың күні
    Агенттікке жарналарды төлемеуге байланысты ақпарат пен материалдарды жіберу туралы құжаттың нөмірі
    Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің жарналардың төленбегені үшін қолданылған ықпал ету шарасына шағымдануы туралы ақпарат
    Өзін-өзі реттейтін ұйымның жарналардың төленбегені үшін қолданылған ықпал ету шарасын қайта қарауы туралы ақпарат
    Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің жарналарды төлеу жөніндегі берешекті өтеуі туралы ақпарат
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    4-кесте. Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерін тексеруді жүзеге асыру, өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелеріне қатысты қолданылған ықпал ету шаралары туралы мәліметтер
    р/с №
    Өзін-өзі реттейтін ұйымның тексерілетін мүшесінің атауы
    БСН
    Тексерудің түрі
    Тексерудің нысаны
    Тексеру жүргізудің негізі
    Тексерудің басталған күні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Кестенің жалғасы
    Тексерудің аяқталған күні
    Тексерілетін кезеңнің басталған күні
    Тексерілетін кезеңнің аяқталған күні
    Тексеру нәтижелері бойынша қабылданған ықпал ету шарасы
    Өзге де ықпал ету шараларының толық жазылуы
    Ықпал ету шарасын қолдану туралы құжаттың күні
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    Кестенің жалғасы
    Ықпал ету шарасын қолдану туралы құжаттың күні
    Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің бұзушылықты жоюы туралы ақпарат
    Ықпал ету шарасына шағымдану туралы ақпарат
    Ықпал ету шарасын қайта қарау туралы ақпарат
    Агенттікке тексеру жүргізуге байланысты ақпарат пен материалдарды жіберу туралы құжаттың күні
    Агенттікке тексеру жүргізуге байланысты ақпарат пен материалдарды жіберу туралы құжаттың нөмірі
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    5-кесте. Келіп түскен жолданымдар мен оларды қарау нәтижелері туралы мәліметтер
    (бірлік)
    р/с №
    Заңды тұлғалардың есепті кезеңде келіп түскен жолданымдарының саны
    Жеке тұлғалардың есепті кезеңде келіп түскен жолданымдарының саны
    Негізді жолданымдардың саны
    Жолданымдарды қарау нәтижелері бойынша қабылданған ықпал ету шараларының саны
    1
    2
    3
    4
    5
    Өзін-өзі реттейтін ұйымның атауы: _______________________
    Мекенжайы____________________________________________________________
    Телефоны _________________________________________________________
    Электрондық поштаның мекенжайы__________________________________________
    Орындаушы _____________________________________________________
    (тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), қолы, телефоны)
    Басшы немесе есепке қол қою жөніндегі функция жүктелген тұлға
    ___________________________________________________________________
    (тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), қолы)
    Күні 20__ жылғы «____» ______________

    Әкімшілік деректерді

    өтеусіз негізде жинауға арналған

    «Микроқаржылық қызмет саласында

    өзін-өзі реттейтін ұйымның

    және коллекторлық қызмет саласында

    өзін-өзі реттейтін ұйымның

    қызметі туралы есеп» нысанына

    қосымша

    Әкімшілік деректер нысанын өтеусіз негізде толтыру бойынша түсіндірме Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі туралы есеп (индексі – CRO-TD-Q-1, кезеңділігі – тоқсан сайын)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме «Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) өтеусіз негізде толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысан «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-8-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына және «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-4-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.

    3. Нысанды микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым (бұдан әрі – өзін-өзі реттейтін ұйым) тоқсан сайын толтырады.

    4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    5. 1-кесте «Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері туралы мәліметтер»:

    1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі;

    2 және 3-бағандарда өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің тізіліміне енгізілген өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің толық атауы және оның бизнес - сәйкестендіру нөмірі (БСН) көрсетіледі;

    4 және 5-бағандарда өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесін өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің тізіліміне қосу күні және одан шығару күні көрсетіледі;

    6-бағанда мынадай кодификацияға сәйкес өзін өзі реттейтін ұйымға мүшелікті тоқтату нысаны көрсетіледі:

    «1» коды – басқа өзін-өзі реттейтін ұйымға ауысуына байланысты өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің шешімі бойынша ерікті түрде;

    «2» коды – лицензияны ерікті түрде тапсыруға байланысты өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің шешімі бойынша ерікті түрде;

    «3» коды – өзін-өзі реттейтін ұйымның шешімі бойынша мәжбүрлі түрде;

    «4» коды – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) лицензиядан айыруына байланысты мәжбүрлі түрде;

    7-бағанда өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің өзін-өзі реттейтін ұйымның өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің тізілімінен шығару туралы шешіміне шағымдануы туралы ақпарат мынадай кодификацияға сәйкес көрсетіледі:

    «1» коды – шағымданды;

    «2» коды – шағымданған жоқ;

    8-бағанда өзін өзі реттейтін ұйымның мүшені өзін өзі реттейтін ұйым мүшелерінің тізілімінен шығару туралы шешімді қайта қарауы туралы ақпарат мынадай кодификацияға сәйкес көрсетіледі:

    «1» коды – қайта қаралды;

    «2» коды – күшінде қалдырылды;

    9 және 10-бағандарда Агенттікке мүшені өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің тізілімінен шығаруға байланысты ақпарат және материалдарды жіберу туралы құжаттың күні мен нөмірі көрсетіледі.

    6. 2-кесте: «Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүліктік жауапкершілігін төлеу туралы мәліметтер»:

    1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі;

    2-бағанда өзін-өзі реттейтін ұйымның мүліктік жауапкершілігін және оның мүшелерінің қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар алдындағы, борышкерлер алдындағы мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз ету тәсілі мынадай кодификацияға сәйкес көрсетіледі:

    «1» коды – өзін-өзі реттейтін ұйымның және оның мүшелерінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

    «2» коды – өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерін мүліктік жауапкершілікке тарту;

    «3» коды – 3-бағандағы мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етудің өзге тәсілінің атауын ашып көрсете отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мүліктік жауапкершілікті қамтамасыз етудің өзге де тәсілдерін қолдану;

    4, 5 және 6-бағандарда есепті кезеңде мүліктік жауапкершілікті төлеуге жолданымдардың саны (бірлік), есепті кезеңде алуға талап етілген мүліктік жауапкершілік төлемдерінің сомасы (мың теңгемен), сондай-ақ есепті кезеңде жүргізілген мүліктік жауапкершілік төлемдерінің сомасы (мың теңгемен).

    7. 3-кесте «Міндетті жарналарды төлеу бойынша өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің берешегі туралы мәліметтер»:

    1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі;

    2-бағанда мынадай кодификацияға сәйкес жарнаның түрі көрсетіледі:

    «1» коды – кіру жарналары;

    «2» коды – мүшелік жарналар;

    3 және 4-бағандарда есепті кезеңнің басындағы және соңындағы жағдай бойынша жарна төлеу бойынша өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің берешегінің сомалары (мың теңгемен) көрсетіледі;

    5-бағанда есепті кезеңде жарнаны төлемегені үшін өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне қатысты қабылданған ықпал ету шарасы мынадай кодификацияға сәйкес жеке көрсетіледі:

    «1» коды – анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде міндетті түрде жою туралы талап қою (бұдан әрі – ұйғарым);

    «2» коды – жазбаша нысанда ескерту (бұдан әрі – ескерту) шығару;

    «3» коды – өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген мөлшерде айыппұл салу (бұдан әрі-айыппұл);

    «4» коды – өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің тізілімінен шығару;

    «5» коды – 6-бағандағы өзге де ықпал ету шараларының атауын ашып көрсете отырып, өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген өзге де ықпал ету шаралары

    7, 8, 9 және 10-бағандарда жарнаны төлемегені үшін ықпал ету шарасын қолдану туралы құжаттың күні мен нөмірі, жарналарды төлемеуге байланысты ақпарат және материалдарды Агенттікке жіберу туралы құжаттың күні мен нөмірі көрсетіледі;

    11-бағанда өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің жарналарды төлемегені үшін қолданылған ықпал ету шарасына шағымдануы туралы мынадай кодификацияға сәйкес ақпарат көрсетіледі:

    «1» коды – шағымданды;

    «2» коды – шағымданған жоқ;

    12-бағанда өзін-өзі реттейтін ұйымның жарналарды төлемеу үшін қолданылған ықпал ету шарасын қайта қарау туралы мынадай кодификацияға сәйкес ақпарат көрсетіледі:

    «1» коды – қайта қаралды;

    «2» коды – күшінде қалдырылды.

    Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне қатысты бірнеше ықпал ету шарасы қабылданған кезде 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-бағандарда көрсетілуге жататын мәліметтер жеке жолдарда көрсетіледі;

    13-бағанда өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің жарналарды төлеу бойынша берешегін өтеуі туралы ақпарат мынадай кодтар жіктеуішімен көрсетіледі:

    «1» коды – иә;

    «2» коды – жоқ.

    8. 4-кесте «Өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерін тексеруді жүзеге асыру, өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелеріне қатысты қолданылған ықпал ету шаралары туралы мәліметтер»:

    1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі;

    2-бағанда оған қатысты тексеру жүзеге асырылған өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің атауы көрсетіледі;

    2 және 3-бағандарда оған қатысты тексеру жүзеге асырылған өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің толық атауы және БСН көрсетіледі;

    4- бағанда мынадай кодификацияға сәйкес тексеру түрі көрсетіледі:

    «1» коды – жоспарлы;

    «2» коды – жоспардан тыс;

    5-бағанда мынадай кодификацияға сәйкес тексеру нысаны көрсетіледі:

    «1» коды – өзін-өзі реттейтін ұйымның тексерілетін мүшесіне барып;

    «2» коды – қашықтан;

    6-бағанда мынадай кодификацияға сәйкес тексеру негізі көрсетіледі:

    «1» коды – өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік шарттарын, сондай-ақ ережелер мен стандарттарды сақтауын бақылау;

    «2» коды– шағымның түсуі;

    «3» коды – Агенттіктің тапсырмасы;

    7, 8, 9 және 10-бағандарда тексерудің басталу және аяқталу күні, сондай-ақ тексерілетін кезеңнің басталу және аяқталу күні көрсетіледі;

    11-бағанда мынадай кодификацияға сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйымның тексерілетін мүшесіне қатысты қабылданған ықпал ету шарасы көрсетіледі:

    «1» коды – ұйғарым;

    «2» коды – ескерту;

    «3» коды – айыппұл;

    «4» коды – 12-бағандағы өзге де ықпал ету шараларының атауын ашып көрсете отырып, өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында белгіленген өзге де ықпал ету шаралары;

    13 және 14-бағандарда ықпал ету шарасын қолдану туралы құжаттың күні мен нөмірі көрсетіледі;

    15-бағанда өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің мынадай кодификацияға сәйкес бұзушылықты жоюы туралы ақпарат көрсетіледі:

    «1» коды – жойылды;

    «2» коды – жойылған жоқ.

    16-бағанда өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің тексеру бойынша мынадай кодификацияға сәйкес қабылданған ықпал ету шарасына шағымдануы туралы ақпарат көрсетіледі:

    «1» коды – шағымданды;

    «2» коды – қайта шағымданған жоқ;

    17-бағанда өзін-өзі реттейтін ұйымның мынадай кодификацияға сәйкес тексеру нәтижелері бойынша қолданылған ықпал ету шарасын қайта қарауы туралы ақпарат көрсетіледі:

    «1» коды – қайта қаралды;

    «2» коды – күшінде қалды.

    Өзін-өзі реттейтін ұйымның тексерілетін мүшесіне қатысты бірнеше ықпал ету шарасы қабылданған кезде 11, 12, 13, 14, 15, 16 және 17-бағандарда көрсетілуге жататын мәліметтер жеке жолдарда көрсетіледі;

    18 және 19-бағандарда тексеру жүргізуге байланысты ақпарат пен материалдарды Агенттіктің жіберу туралы құжаттың күні мен нөмірі көрсетіледі.

    Есепті кезеңде өзін-өзі реттейтін ұйымның бір мүшесіне қатысты бірнеше тексерулер жүргізілген жағдайда, мұндай тексерулер бойынша ақпарат жекелеген жолдарда көрсетіледі.

    9. «Келіп түскен жолданымдар және оларды қарау нәтижелері туралы мәліметтер» 5-кесте:

    1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі;

    2 және 3-бағандарда есепті кезеңде келіп түскен заңды және жеке тұлғалар жолданымдарының саны көрсетіледі;

    4-бағанда заңды және жеке тұлғалардың негізделген жолданымдарының саны көрсетіледі;

    5-бағанда заңды және жеке тұлғалардың жолданымдарын қарау қорытындысы бойынша өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесіне қатысты қолданылған ықпал ету шараларының саны көрсетіледі.

    2, 3, 4 және 5-бағандардағы мәліметтер бірліктермен көрсетіледі.

    Микроқаржылық қызмет

    саласында өзін-өзі реттейтін

    ұйымның және коллекторлық

    қызмет саласында өзін-өзі

    реттейтін ұйымның есептілікті

    ұсыну қағидаларына,

    тізбесіне, нысандары мен

    оны ұсыну мерзімдеріне

    3-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm интернет-ресурсында орналастырылған

    Әкімшілік нысанның атауы: микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі туралы есеп

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: CRO-PC-Q-2

    Кезеңділігі: тоқсан сайын

    Есепті кезең: 20__ жылғы __-тоқсан

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымдар, коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымдар (бұдан әрі – өзін-өзі реттейтін ұйым)

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың (қоса алғанда) 25 (жиырма бесіне) дейін

    Бизнес - сәйкестендіру нөмірі (БСН):______________

    Жинау әдісі: электрондық түрде

    I бө­лім. Өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым мү­ше­ле­рі­нің ере­же­лер мен стан­дарт­тар та­лап­та­рын сақ­та­уын ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ал­қа­лы бас­қа­ру ор­га­ны­ның, ат­қа­ру­шы ор­ган­ның, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ор­ган­ның, өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым­ның мү­ше­ле­ріне қа­ты­сты ық­пал ету ша­ра­ла­рын қол­да­ну ту­ра­лы іс­тер­ді қа­рау жө­нін­де­гі ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ор­ган­ның және өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым­ның өзге де ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ор­ган­да­ры­ның мү­ше­ле­рі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    р/с №
    Ор­ган ко­ды
    Өзге ор­ган­ның то­лық жа­зы­луы
    Те­гі
    Аты
    Әке­сі­нің аты
    Ла­у­а­зы­мы­ның ата­уы
    Ла­у­а­зым­ға та­ғай­ын­дал­ған (сай­лан­ған) кү­ні
    Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы­нан боса­ты­л­ған кү­ні
    Өзін-өзі рет­тей­тін құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­де ла­у­а­зы­мы­ның ата­уы
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    Кестенің жалғасы
    II бө­лім. Өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым мү­ше­ле­рі­нің қа­ғи­да­лар мен стан­дарт­тар та­лап­та­рын өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым­да, өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым­ның мү­ше­ле­ріне қа­ты­сты ық­пал ету ша­ра­ла­рын қол­да­ну ту­ра­лы іс­тер­ді қа­рау жө­нін­де­гі ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ор­ган­да және өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым­ның өзге де ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ор­ган­да­рын­да өзге ұй­ым­дар­да сақ­та­уын ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ал­қа­лы бас­қа­ру ор­га­ны­ның, ат­қа­ру­шы ор­ган­ның, ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ор­ган­ның бас­шы­сы, оның орын­ба­са­ры неме­се мү­ше­сі ат­қа­ра­тын өзге де ла­у­а­зым­дар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Өзін-өзі рет­тей­тін құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ата­уы
    Та­ғай­ын­дау (сай­лау) кү­ні
    Ла­у­а­зы­мы­нан боса­ты­л­ған кү­ні
    Ұй­ым­ның ата­уы
    БСН
    Ла­у­а­зы­мы­ның ата­уы
    Ла­у­а­зым­ға та­ғай­ын­дал­ған кү­ні
    Ла­у­а­зым­нан боса­ты­л­ған кү­ні
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    Атауы ___________________________________________________
    Мекенжайы___________________________________________________________
    Телефоны ________________________________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________
    Орындаушы ________________________________ ____________________
    тегі, аты және әкесінің аты (егер жеке басын растайтын құжатта көрсетілсе), қолы, телефоны
    Басшы немесе есепке қол қоюға функция жүктелген адам
    ___________________________________________ ____________________
    тегі, аты және әкесінің аты (егер жеке басын растайтын құжатта көрсетілсе), қолы
    Күні 20__ жылғы «____» ______________

    Әкімшілік деректерді

    өтеусіз негізде жинауға арналған

    «Микроқаржылық қызмет саласында

    өзін-өзі реттейтін ұйым және

    коллекторлық қызмет

    саласында өзін-өзі реттейтін ұйым

    органдарының дербес құрамы туралы

    есеп» нысанына

    қосымша

    Әкімшілік деректер нысанын өтеусіз негізде толтыру бойынша түсіндірме Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым органдарының дербес құрамы туралы есеп (индексі – CRO-PC-Q-2, кезеңділігі – тоқсан сайын)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме «Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым органдарының дербес құрамы туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) өтеусіз негізде толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысан «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-8-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына және «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-4-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.

    3. Нысанды микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым тоқсан сайын (бұдан әрі – өзін-өзі реттейтін ұйым) тоқсан сайын толтырады.

    4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    5. Нысанды өзін-өзі реттейтін ұйым онда көзделген көрсеткіштерді толтыру арқылы жасайды:

    өзін-өзі реттейтін ұйымда, өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне қатысты ықпал ету шараларын қолдану туралы істерді қарау жөніндегі мамандандырылған органда және өзін-өзі реттейтін ұйымның өзге де мамандандырылған органдарында (бұдан әрі – орган) өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің қағидалар мен стандарттар талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыратын алқалы басқару органының, атқарушы органның, мамандандырылған органның әрбір басшысы, оның орынбасары және мүшелері бойынша.

    6. Нысанның I бөлімінде:

    1-бағанда реті бойынша нөмір көрсетіледі;

    2-бағанда мынадай кодификацияға сәйкес органның коды көрсетіледі:

    «1» коды – басқару органы;

    «2» коды – атқарушы орган;

    «3» коды – өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің қағидалар мен стандарттар талаптарын сақтауын бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған орган;

    «4» коды – өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің ықпал ету шараларын сақтауын бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған орган және өзін-өзі реттейтін ұйымның өзге де мамандандырылған органдары;

    «5» коды – 3-бағанда осы органның атауын көрсете отырып, өзін-өзі реттейтін ұйымның өзге де мамандандырылған органы;

    4, 5 және 6-бағандарда басшы, оның орынбасары немесе орган мүшесі болып табылатын адамның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсетіледі;

    7-бағанда органда жұмыс атқаратын 4, 5 және 6-бағандарда көрсетілген тұлға лауазымының толық атауы көрсетіледі;

    8 және 9-бағандарда тағайындалған (сайланған) күні және 4, 5 және 6-бағандарда көрсетілген адамның 7-бағанында көрсетілген атқаратын лауазымынан босатылған күні көрсетіледі;

    10 және 11-бағандарда 4, 5 және 6-бағандарда көрсетілген тұлға атқаратын лауазымның толық атауы және өзін-өзі реттейтін ұйымның құрылымдық бөлімшесінің атауы көрсетіледі;

    12 және 13-бағандарда тағайындалған (сайланған) күні және 4, 5 және 6-бағандарда көрсетілген адамның 10-бағанда көрсетілген атқаратын лауазымынан босатылған күні көрсетіледі.

    Өзін-өзі реттейтін ұйымның органдарында және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінде екі және одан да көп лауазымдарға орналасу кезінде 7, 8, 9, 10, 11, 12 және 13-бағандарда көрсетілуге жататын мәліметтер жеке жолдарда көрсетіледі.

    7. Нысанның II бөлімінің 14, 15, 16, 17 және 18-бағандарында ұйымның атауы, оның бизнес - сәйкестендіру нөмірі (БСН), лауазымның атауы, 4, 5 және 6-бағандарда көрсетілген тұлғаның есепті кезеңде өзін-өзі реттейтін ұйымды қоспағанда, өзге ұйымдарда лауазымға тағайындалған күні, сондай-ақ атқарған лауазымынан босатылған күні көрсетіледі.

    Өзге ұйымдарда екі және одан да көп лауазымға орналасу кезінде 14, 15, 16, 17 және 18-бағандарда көрсетілуге жататын мәліметтер жеке жолдарда көрсетіледі.

    Микроқаржылық қызмет саласында

    өзін-өзі реттейтін ұйымның және

    коллекторлық қызмет

    саласында өзін-өзі

    реттейтін ұйымның есептілікті

    ұсыну қағидаларына,

    тізбесіне, нысандары мен

    оны ұсыну мерзімдеріне

    4-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm интернет-ресурсында орналастырылған

    Әкімшілік нысанның атауы:микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның кірістері мен шығыстары туралы есеп

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: CRO-DR-Y-3

    Кезеңділігі: жылдық

    Есепті кезең: 20__ жыл

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымдар және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымдар

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылғы 25 (жиырма бесінші) ақпанға дейін (қоса алғанда)

    Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН):______________

    Жинау әдісі: электронды түрде

    (мың теңгемен)

    I бө­лім. Кі­рі­стер
    р/с№
    Өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым мү­ше­ле­рі­нің мін­дет­ті жар­на­ла­ры
    Ерік­ті мү­лік­тік жар­на­лар мен қай­ы­рым­ды­лық ақ­ша­сы
    Бі­лім бе­ру қыз­мет­те­рін көр­се­ту­ден алын­ған кі­рі­стер
    Ақ­па­рат­тық ма­те­ри­ал­дар­ды са­ту­дан алын­ған кі­рі­стер
    Екін­ші дең­гей­де­гі банк­тер­де ақ­ша қа­ра­жа­тын ор­на­ла­сты­ру­дан алын­ған кі­рі­стер
    Өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым мү­ше­ле­рі тө­ле­ген ай­ып­пұл­дар тү­рін­де­гі тү­сім­дер
    Кі­ру жар­на­ла­ры
    Мү­ше­лік жар­на­лар
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    Кестенің жалғасы
    II бө­лім. Шы­ғы­стар
    III бө­лім. Қар­жы­лық нәти­же
    Өзге де тү­сім­дер 
    Кі­рі­стер­дің жиы­ны
    Ең­бе­ка­қы тө­ле­у­ге ар­нал­ған шы­ғы­стар
    Ба­қы­лау, рет­те­у­ші-құқық­тық функ­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру­ға бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар
    Өзін-өзі рет­тей­тін ұй­ым­ның қыз­ме­тін қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған шы­ғы­стар
    Өзге шы­ғы­стар
    Шы­ғы­стар жиы­ны
    Кі­рі­стер мен шы­ғы­стар саль­до­сы
    Есеп­ті жыл­дың ба­сын­да­ғы ақ­ша қа­ра­жа­ты­ның қал­ды­ғы
    Есеп­ті жыл­дың со­ңын­да­ғы ақ­ша қа­ра­жа­ты­ның қал­ды­ғы
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    Атауы ___________________________________________________
    Мекенжайы___________________________________________________________
    Телефоны ________________________________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы _________________________________________
    Орындаушы ________________________________ ____________________
    (тегі, аты және әкесінің аты (егер жеке басын растайтын құжатта көрсетілсе), қолы, телефоны)
    Басшы немесе есепке қол қоюға функция жүктелген адам
    ___________________________________________ ____________________
    (тегі, аты және әкесінің аты (егер жеке басын растайтын құжатта көрсетілсе), қолы)
    Күні 20__ жылғы «____» ______________

    Әкімшілік деректерді

    өтеусіз негізде жинауға арналған

    «Микроқаржылық қызмет

    саласында өзін-өзі реттейтін

    ұйымның және

    коллекторлық қызмет саласында

    өзін-өзі реттейтін ұйымның

    кірістері мен шығыстары туралы

    есеп» нысанына қосымша

    Әкімшілік деректер нысанын өтеусіз негізде толтыру бойынша түсіндірме Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның кірістері мен шығыстары туралы есеп (индексі – CRO-DR-Y-3, кезеңділігі – жыл сайын)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме «Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның кірістері және шығыстары туралы есеп» әкімшілік деректер нысанын (бұдан әрі – Нысан) өтеусіз негізде толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысан «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-8-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына және «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-4-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді.

    3. Нысанды микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйым (бұдан әрі – өзін-өзі реттейтін ұйым) жыл сайын толтырады. Нысанда деректер тың теңгемен толтырылады. 500 (бес жүз) теңгеден кем сома 0 (нөлге) дейін дөңгелектенеді, ал 500 (бес жүз) теңгеге тең және одан жоғары сома 1000 (мың) теңгеге дейін дөңгелектенеді.

    4. Нысанға басшы немесе есепке қол қою міндеті жүктелген адам және орындаушы қол қояды.

    2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

    5. Нысанды өзін-өзі реттейтін ұйым есепті жылдан кейінгі жылғы бірінші қаңтардағы жағдай бойынша жасайды.

    6. Нысанда өзін-өзі реттейтін ұйымның кірістері, шығыстары, қаржылық нәтижелері (кірістер мен шығыстар сальдосы) туралы мәліметтер көрсетіледі.

    Нысан көрсеткіштерінің мәндері өзін-өзі реттейтін ұйымның бухгалтерлік есебінде қамтылған өзін-өзі реттейтін ұйымның бухгалтерлік есебінің деректері негізінде көрсетіледі.

    7. Нысанның I бөлімінде:

    1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі;

    2 және 3-бағандарда өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің есептік жылы келіп түскен кіру және мүшелік жарналарының сомасы көрсетіледі;

    4, 5, 6, 7 және 8-бағандарда ерікті мүліктік жарналардың және қайырымдылықтардың, өзін-өзі реттейтін ұйымдар мүшелерінің кәсіпкерлік қызметімен, коммерциялық немесе кәсіптік мүдделерімен байланысты білім беру қызметтерін көрсетуден, өзін-өзі реттейтін ұйымдар мүшелерінің кәсіпкерлік қызметімен, коммерциялық немесе кәсіптік мүдделерімен байланысты ақпараттық материалдарды сатудан, өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелері айыппұл түрінде төлеген ақшаны банктік шот және банктік салым шарттарының талаптарында орналастырудан алынған кірістердің сомалары көрсетіледі.

    9-бағанда 4, 5, 6, 7 және 8-бағандарда көрсетілмеген, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер сомасы көрсетіледі;

    10-бағанда 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9-бағанда көрсетілген кірістердің жалпы сомасы көрсетіледі.

    8. Нысанның II бөлімінде:

    11-бағанда өзін-өзі реттейтін ұйымның барлық қызметтерінің еңбекақы төлеуге арналған шығыстар сомасы көрсетіледі;

    12-бағанда іссапар шығындарының, сыртқы ақпараттық-анықтамалық жүйелерге ақы төлеу, мәліметтердің конфиденциалдылығын қамтамасыз етуге, ақпаратты алу, пайдалану, өңдеу және сақтау кезінде қорғау іс-шараларын жүзеге асыруға, қағидалар мен стандарттарды әзірлеуге, өзін-өзі реттейтін ұйымдар мүшелерінің тізілімін жүргізуге, білім беру материалдарын әзірлеуге және өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелері үшін білім беру іс-шаралары мен конференцияларын өткізуге арналған шығыстар және өзін-өзі реттейтін ұйымдардың «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-7-бабы 1-тармағында немесе «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-3-бабы 1-тармағында белгіленген функцияларды жүзеге асырумен байланысты өзге де шығыстар сомасы көрсетіледі;

    13-бағанда үй-жайларды жалға алуға және коммуналдық төлемдерге, негізгі құралдарды және тауар-материалдық құндылықтарды иеленуге, бағдарламалық қамтылымды сатып алуға (пайдалануға жазылымды немесе лицензияны сатып алу), әзірлеуге және оған қызмет көрсетуге, мүлікті күтіп ұстауға, мүлікті жөндеуге, байланыс қызметтеріне (телефон, интернет) ақы төлеуге, пошта қызметтеріне ақы төлеуге, өзін-өзі реттейтін ұйымның ресми интернет-ресурсына қолдау көрсетуге (пысықтауға), бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-талдамалық материалдарға жариялануға, екінші деңгейдегі банк қызметтеріне, нотариус қызметтеріне арналған шығыстар, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін қамтамасыз етумен байланысты өзге де шығыстар сомасы көрсетіледі;

    14-бағанда 11, 12, 13-бағандарға енгізілмеген өзін-өзі реттейтін ұйымның өзге де шығыстарының сомасы көрсетіледі.

    9. Нысанның III бөлімінде:

    16-бағанда 10 және 15-бағандарда көрсетілген сомалар арасындағы айырмашылыққа сәйкес мән көрсетіледі;

    17-бағанда есептік жылдың басындағы ақша қаражаты қалдығының сомасы көрсетіледі;

    18-бағанда есептік жыл соңында пайдаланылмаған ақша қаражатының сомасы көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.