«Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 47 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 наурыз 2026 ж.

    «Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 47 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 31 шiлдедегi № 47 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34857 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларында:

    1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік реттеу туралы заң) 15-19-бабының 5-тармағына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның – көрсетілетін қызметті берушінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен тәртібін айқындайды.

    Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде «цифрлық үкіметтің» цифрлық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.

    2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Мемлекеттік реттеу туралы заңда, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мағыналарда қолданылады.»;

    мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

    «2-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.»;

    3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторы қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты (бұдан әрі – оператор қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат) алу үшін заңды тұлға – көрсетілетін қызметті алушы (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органға Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) қоса бере отырып ұсынады.

    4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш оған қоса берілген құжаттармен бірге қағаз жеткізгіште тігілген түрде, беттері нөмірленіп, соңғы беті өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) куәландырылып, электрондық түрде www.egov.kz «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұсынылады.

    Уәкілетті орган өшіріп тазартылған, қосып жазылған не сызылған сөздері және оларда айтылмаған өзге де түзетулері бар құжаттарды қарауға қабылдамайды.»;

    9, 10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Комиссия 40 (қырық) жұмыс күні ішінде өтініш берушіні тексеруді, сәйкестік туралы актіні дайындауды және оған қол қоюды жүзеге асырады.

    Комиссия сәйкестік туралы актіні жасайды және тексерілетін өтініш берушінің өкіліне қол қоюға жібереді. Егер Комиссия мүшесі қабылданған шешіммен келіспесе және сәйкестік туралы актіге қол қоймаса, онда ол Комиссияға өзінің бас тарту себептері туралы жазбаша нысанда ақпарат береді, ол сәйкестік туралы актіге қоса беріледі.

    Сәйкестік туралы акт Комиссия мүшелерінің үштен екісінің қолы болған кезде жасалған болып есептеледі.

    Қол қойылған сәйкестік туралы актіні өтініш берушіден 5 (бес) жұмыс күні ішінде алмаған жағдайда, актіні алмау фактісі туралы тиісті белгі қойылады және Қағидалардың 12-тармағына сәйкес шешім қабылданады.

    10. Мемлекеттік реттеу туралы заңның 15-19-бабының 7-тармағында көзделген оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

    Тыңдау туралы хабарлама оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау оператордың қызметін жүзеге асыру құқығын беруден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

    11. Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішті қарау мерзімі уәкілетті орган басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл туралы өтініш берушіге Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 76-бабының үшінші бөлігіне сәйкес мерзім ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.»;

    13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «13. Оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат жобасына қол қойылғаннан не уәкілетті органның уәкілетті тұлғасы оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тартқаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш берушіге порталдағы жеке кабинетке сәйкестік туралы актіні қоса бере отырып, оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсатты не оператордың қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруден бас тарту туралы хабарламаны жібереді.»;

    1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Мына:

    осы қаулының 1-тармағы бесінші абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзацтың мынадай редакцияда қолданылатынын:

    «Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына орналастырылады, тиісті нормативтік құқықтық акті әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Бірыңғай байланыс орталығына жіберіледі.»;

    осы қаулының 1-тармағы алтыншы абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзацтың мынадай редакцияда қолданылатынын:

    «2. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Мемлекеттік реттеу туралы заңда, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген мағыналарда қолданылады.»;

    осы қаулының 1-тармағы он бірінші абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзацтың мынадай редакцияда қолданылатынын:

    «4. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш оған қоса берілген құжаттармен бірге қағаз жеткізгіште тігілген түрде, беттері нөмірленіп, соңғы беті өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) куәландырылып, электрондық түрде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұсынылады.»;

    осы қаулыға 1-қосымшаның 2-тармағының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақтың мынадай редакцияда қолданылатынын:

    «

    2
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
    «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі
    »;
    осы қаулыға 1-қосымшаның 8-тармағы 2) тармақшасының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл тармақшаның мынадай редакцияда қолданылатынын:
    «2) қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында құрылтай құжаттары болмаған немесе уәкілетті органның оларды «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуы мүмкін болмаған жағдайда, олардың нотариат куәландырған электрондық көшірмелері.»;
    осы қаулыға 2-қосымшаның он бесінші абзацының қолданылуы тоқтатыла тұрған кезеңде бұл абзацтың мынадай редакцияда қолданылатынын белгілей отырып, олардың қолданылуы 2026 жылғы 12 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын:
    «Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге және ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.».

    Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы

    М. Абылкасымова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    «Банктік және микроқаржы

    активтерін сататын электрондық

    сауда алаңы операторының

    қызметін жүзеге асыру құқығына

    рұқсат беру шарттары мен

    қағидаларын бекіту туралы»

    Қазақстан Республикасы Қаржы

    нарығын реттеу және дамыту

    агенттігі Басқармасының

    2024 жылғы 31 шілдедегі

    № 47

    қаулысына өзгерістер мен

    толықтыру енгізу туралы»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы нарығын реттеу және

    дамыту агенттігі Басқармасының

    2026 жылғы 31 наурыздағы

    № 40 қаулысына

    1-қосымша

    Банктік және микроқаржы активтерін

    сататын электрондық сауда алаңы

    операторының қызметін жүзеге

    асыру құқығына рұқсат беру

    шарттары мен қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы
    Банк­тік және мик­ро­қар­жы ак­тив­те­рі са­ты­ла­тын элек­трон­дық са­уда ала­ңы­ның опе­ра­то­ры қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на рұқ­сат бе­ру
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы на­ры­ғын рет­теу және да­мы­ту агент­ті­гі
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
    «Цифр­лық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал); көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    Өті­ніш бе­ру­ші құ­жат­тар­ды бер­ген күн­нен ба­стап 70 (жет­піс) жұ­мыс кү­ні ішін­де
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің нәти­же­сі
    1) банк­тік және мик­ро­қар­жы ак­тив­те­рін са­та­тын элек­трон­дық са­уда ала­ңы опе­ра­то­ры­ның қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на рұқ­сат бе­ру не опе­ра­тор қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на рұқ­сат бе­ру­ден бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма;
    2) Қа­ғи­да­лар­ға 3-қо­сым­ша­ға сәй­кес сәй­кест­ік ту­ра­лы ак­ті­ні қо­са бе­ре оты­рып, Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша банк­тік және мик­ро­қар­жы ак­тив­те­рін са­та­тын элек­трон­дық са­уда ала­ңы опе­ра­то­ры­ның қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на рұқ­сат.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
    те­гін
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на (бұ­дан әрі – Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы заң) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес;
    2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған соң, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және Ме­ре­ке­лер ту­ра­лы заң­ға сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    8
    Банк­тік және мик­ро­қар­жы ак­тив­те­рін са­та­тын опе­ра­тор қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на рұқ­сат алу­ға қа­жет­ті құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш бе­ру­ші­нің элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат тү­рін­де­гі өті­ніш (мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну про­це­сін ав­то­мат­тан­ды­ру ке­зін­де).
    2) қар­жы­лық есеп­ті­лік де­по­зи­та­рий­і­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да құ­ры­л­тай құ­жат­та­ры бол­ма­ған неме­се уәкі­лет­ті ор­ган­ның олар­ды «цифр­лық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы ар­қы­лы алуы мүм­кін бол­ма­ған жағ­дай­да, олар­дың но­та­ри­ат ку­әлан­дыр­ған элек­трон­дық кө­шір­ме­ле­рі.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту­ға негіз­дер
    Уәкі­лет­ті ор­ган опе­ра­тор қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на рұқ­сат бе­ру­ден кез кел­ген мы­на­дай негіз­дер бой­ын­ша бас тар­та­ды:
    1) өті­ніш бе­ру­ші­нің «Қар­жы на­ры­ғы мен қар­жы ұй­ым­да­рын мем­ле­кет­тік рет­теу, ба­қы­лау және қа­да­ға­лау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на (бұ­дан әрі – Заң) сәй­кес тый­ым са­лын­ған қыз­мет тү­рін жү­зе­ге асы­руы;
    2) өті­ніш бе­ру­ші­нің Заң­ның 15-18, 15-19-бап­та­рын­да және нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) өті­ніш бе­ру­ші­ге қа­ты­сты өті­ніш бе­ру­ші­ге опе­ра­тор қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға тый­ым са­ла­тын заң­ды кү­шіне ен­ген сот ше­ші­мі бо­ла­тын бол­са;
    4) уәкі­лет­ті ор­ган­ның ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар бой­ын­ша ес­кер­ту­лер­ді бел­гі­лен­ген мер­зім­де жой­мауы.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ор­ны­ның ме­кен­жайы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет», сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ре­сми ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777, 1414.

    «Банктік және микроқаржы

    активтерін сататын электрондық

    сауда алаңы операторының

    қызметін жүзеге асыру құқығына

    рұқсат беру шарттары мен

    қағидаларын бекіту туралы»

    Қазақстан Республикасы Қаржы

    нарығын реттеу және дамыту

    агенттігі Басқармасының

    2024 жылғы 31 шілдедегі

    № 47

    қаулысына өзгерістер мен

    толықтыру енгізу туралы»

    Қазақстан Республикасы Қаржы

    нарығын реттеу және

    дамыту агенттігі Басқармасының

    2026 жылғы 31 наурыздағы

    № 40 қаулысына

    2-қосымша

    Банктік және микроқаржы

    активтерін сататын электрондық

    сауда алаңы операторының

    қызметін жүзеге асыру

    құқығына рұқсат беру

    шарттары мен қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    «Қазақстан Республикасының

    Қаржы нарығын реттеу және

    дамыту агенттігі» республикалық

    мемлекеттік мекемесі

    (БСН 191240019852)

    Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру туралы өтініш

    __________________________________________________________________ (өтініш беруші-заңды тұлғаның толық атауы)

    банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беруді сұрайды.

    Өтініш беруші туралы мәліметтер:

    1. Өтініш берушінің орналасқан жері (нақты мекенжайы)

    ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (индекс, облыс, қала, аудан, көше, үй нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефон нөмірі, факс)

    2. Өтініш берушінің бірінші басшысы және бас бухгалтері туралы мәліметтер

    ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні және жылы, байланыс телефондарының нөмірлері, жеке сәйкестендіру нөмірі

    3. Толық төлемді растайтын құжаттардың деректемелерін көрсете отырып, жарғылық капитал мөлшері: төлем тапсырмалары, кіріс кассалық ордерлер (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда)

    ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________

    4. Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірі және күні (акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар үшін)

    ___________________________________________________________________

    Өтініш беруші өзінің «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-18-бабының 4-тармағында және 15-19-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайды.

    ________________________________________________________________ ________________________________________________________________

    Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының ішкі қағидалары туралы ақпарат

    ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (өтініш берушінің бірінші басшысының немесе уәкілетті органы шешімінің нөмірі, күні және атауы)

    Жіберілетін құжаттардың тізбесі, олардың әрқайсысы бойынша даналар мен парақтар саны

    _________________________________________________________ _________________________________________________________

    Өтініш беруші өтінішке қоса беріліп отырған құжаттардың (ақпараттың) дәйектілігін толығымен растайды.

    Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру үшін қажетті дербес деректерді жинау мен өңдеуге және цифрлық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

    20___ жылғы «____» ___________

    Өтініш беруші өтініш беруге уәкілеттік берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы

    _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ (қолы)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.