Ақтөбе облысы Қобда ауданы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы Қобда ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 1 және 2024 жылғы 28 наурыздағы № 1 шешімдерінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына 33-бабы, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қобда ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының кезектен тыс отырысының 2026 жылғы 18 наурызындағы № 1 хаттамасына сәйкес, Қобда ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қобда ауданы әкімінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 1 «Ақтөбе облысы Қобда ауданы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 179078 болып тіркелген) және 2024 жылғы 28 наурыздағы № 1 «Ақтөбе облысы Қобда ауданы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 194866 болып тіркелген) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
І. Тынымгереев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.