Атырау облысының аумағында ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 26-бабының 2-тармағына сәйкес, Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облысының аумағында ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері төмендегідей бекітілсін:
1) ауыз суды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін:
- 2026 жылғы 1 сәуірге дейін - 50 теңге;
- 2026 жылғы 1 сәуірден кейін – 110 теңге;
2) ауыз суды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін:
- 2026 жылғы 1 сәуірге дейін - 60 теңге;
- 2026 жылғы 1 сәуірден кейін – 130 теңге.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
М. Хайруллиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.