«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 наурыз 2026 ж.

    «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2022 жылғы 21 маусымдағы № 29/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28566 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы»;

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Мыналар:

    1)осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары жаңа редакцияда жазылсын»;

    2)осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген, осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары жаңа редакцияда жазылсын;

    осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери-медициналық орталығы (департаменті) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

    Председатель Комитета национальной безопасности Республики Казахстан

    Е. Сагимбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық сақтау министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық қауіпсіздік

    комитеті Төрағасының

    2026 жылғы 31 наурыздағы

    № 14/қе бұйрығына

    1 қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық қауіпсіздік

    комитеті Төрағасының

    2022 жылғы 21 маусымдағы

    № 29/қе бұйрығына

    1-қосымша

    «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

    2. Объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметті халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

    3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

    1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;

    2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін куәландыратын құжат.

    2-тарау. Объектілерге мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

    4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі – объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен не «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы Осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген Объектілерге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып жүгінеді.

    5. Көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және тіркеу жүзеге асырылады, олардың қабылданған күні, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі берілген күні көрсетіле отырып, олардың қабылданғаны туралы ерікті нысанда қолхат беріледі және басшыға қарауға беріледі, ол 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды.

    Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін толық ұсынбаған және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

    6. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылдау мәртебесі туралы, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды электрондық құжат нысанында жібереді.

    7. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар жиынтығын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

    9. Құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының объектіге баруы туралы алдын ала хабардар ете отырып, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесінің құжаттарының талаптарына сәйкестігіне бару арқылы объектіні тексеруді жүзеге асырады. Оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде объектіні санитариялық-эпидемиологиялық зерттеу актісі ресімделеді.

    10. Объектіні тексеру жүргізілгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші оң қорытынды бойынша санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісінің негізінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24082 болып тіркелген) 290-қосымшаға сәйкес нысан бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді.

    11. Көрсетілетін қызметті беруші тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 66-бабында көзделген тәсілдердің бірімен алдын ала шешім туралы хабарлама жібереді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес объектілерге көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық білдіруге немесе ұсынуға мүмкіндігі болады.

    Тыңдау рәсімі ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

    Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

    12. Қағаз жеткізгіште ресімдеген кезде объектілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды, олар мөрмен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.

    13. Портал арқылы жүгінген жағдайда нәтижелер электрондық құжат нысанында ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен оларға қол қойылады және көрсетілетін қызметті алушыға оның порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі.

    14. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданысын қайта бастау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

    Көрсетілетін қызметті алушы объектілер бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданысын қайта бастау үшін тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұзушылықтарды жою туралы портал арқылы жүгінеді.

    Өтінішке объектілерге арналған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтардың жойылғанын растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

    Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті оны алған күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен бұзушылықтарды жою фактісін тексереді.

    Тексеру нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші:

    1)объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды;

    2)бұзушылықтарды жою расталмаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға уәжді бас тарту жібереді.

    Көрсетілетін қызметті беруші уәжді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 11-тармағында көзделген рәсімдерді жүзеге асырады.

    15. Көрсетілетін қызметті алушының ерікті өтініші бойынша тоқтатыла тұрған объектілерге арналған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданысын қайта бастау «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

    Көрсетілетін қызметті алушы объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау үшін көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы жүгінеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті оны алған күні тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

    16. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу объектіге тексеріп қарау жүргізбей:

    1)құжатта қателер (қате жазу) анықталған;

    2)өтініш беруші – дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

    3)өтініш беруші – заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) тұрған жері өзгерген;

    4)объектінің іс жүзінде орны ауыстырылмай тұрған жерінің мекенжайы өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.

    17. Осы Қағидалардың 16-тармағында көзделген жағдайларда объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуге негіз болған тиісті өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жүгінеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және объектілерге мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    Оң қорытынды болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдейді не теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімдерде объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

    18. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу объектілерге бұрын берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жүргізіледі.

    19. Көрсетілетін қызметті беруші тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуден бас тартады.

    20. Объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 20-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

    21. Көрсетілетін қызметті алушы жоғары эпидемиялық мәні бар объектідегі қызметті тоқтатқан не заңды тұлға таратылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушіге қызметті тоқтатуды не заңды тұлғаны таратуды растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жазбаша өтінішпен не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы жүгінеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны қабылданған шешім туралы хабардар ете отырып, объектілерге арналған санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылдайды.

    22. Объектілерге қағаз түрінде берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды жоғалған, бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен немесе осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын алу үшін жүгінеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде объектілерге оң жақ жоғарғы бұрышта «телнұсқа» деген жазуы бар және бастапқы берілген күнін және оларды қайта ресімдеу күнін көрсете отырып, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын береді.

    Егер объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды қағаз түрінде берілген болса, оны электрондық форматқа аудару және электрондық нысанды алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен немесе портал арқылы жүгінеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын немесе электрондық форматқа ауыстырып беруді «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырады.

    23. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде «цифрлық үкіметтің» операторын хабардар етеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші объектілерге мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын қосалқы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

    3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    24. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.

    Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде жағымды шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

    Көрсетілетін қызметті берушіге Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

    «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі

    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы: «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­ры­ның объ­ек­ті­ле­рін­де­гі эпи­де­ми­я­лық мәні жо­ға­ры объ­ек­ті­нің ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ге сәй­кест­і­гі ту­ра­лы са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды бе­ру».
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші түр­ле­рі­нің ата­уы:
    - са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның қол­да­ны­луын қай­та ба­стау;
    - са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны қай­та ре­сім­деу;
    - са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның қол­да­ны­луын тоқ­та­ту;
    - са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру
    1.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын ҰҚК құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі
    2.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) бе­ру тә­сіл­де­рі
    «Цифр­лық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі –пор­тал) ар­қы­лы не көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі ар­қы­лы
    3.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    1) Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны бер­ген кез­де: 13 (он үш) жұ­мыс кү­ні;
    2) Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның қол­да­ны­сы қай­та ба­стал­ған кез­де: 10 (он) жұ­мыс кү­ні.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ерік­ті өті­ні­ші бой­ын­ша тоқ­та­ты­ла тұр­ған са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның қол­да­ны­луы қай­та ба­стал­ған кез­де: 3 (үш) жұ­мыс кү­ні;
    3) Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның қол­да­ны­луын қай­та ре­сім­деу ке­зін­де: 4 (төрт) жұ­мыс кү­ні;
    4) Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның қол­да­ны­луы тоқ­та­ты­л­ған кез­де: 3 (үш) жұ­мыс кү­ні;
    5) Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның тел­нұс­қа­сын бер­ген кез­де: 2 (екі) жұ­мыс кү­ні
    4.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тi және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    элек­трон­дық (іші­на­ра цифр­лан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де
    5.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі
    Объ­ек­ті­нің сәй­кест­і­гі ту­ра­лы са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
    6.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет және оның кі­ші түр­ле­рі (бар бол­са) те­гін негіз­де көр­се­ті­ле­ді
    7.
    Жұ­мыс кесте­сі
    1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 13.00-ден 15.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 19.00-ге дей­ін.
    Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген күн­де­рі са­ғат 13.00-ден 15.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 19.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    2. Пор­тал­да: (жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да) тәу­лік бойы. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
    8.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мы­на­дай құ­жат­тар­ды ұсы­на­ды: көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге жү­гін­ген кез­де:
    1) қа­ғаз тү­рін­де са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды алу үшін:
    - осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    - осы Қа­ғи­да­лар­ға* 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны алу үшін қа­жет­ті зерт­ха­на­лық-ас­пап­тық зерт­те­улер­ге (сы­на­у­лар­ға) сәй­кес тәу­ел­сіз ак­кре­дит­тел­ген зерт­ха­на­лар жүр­гіз­ген объ­ек­ті­лер­ді зерт­ха­на­лық-ас­пап­тық зерт­те­улер (сы­на­у­лар) хат­та­ма­ла­ры­ның кө­шір­ме­сі;
    - объ­ек­ті­нің ка­дастр­лық пас­пор­ты (2023 жыл­дың 1 шіл­де­сіне дей­ін объ­ек­ті­нің тех­ни­ка­лық пас­пор­ты);
    2) пор­тал ар­қы­лы са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды алу үшін:
    - осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның бас­шы­сы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ніш;
    - осы Қа­ғи­да­лар­ға* 6-қо­сым­ша­ға сәй­кес са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды алу үшін қа­жет­ті зерт­ха­на­лық-ас­пап­тық зерт­те­улер­ге (сы­нақ­тар­ға) сәй­кес тәу­ел­сіз ак­кре­дит­тел­ген зерт­ха­на­лар жүр­гіз­ген зерт­те­улер (сы­нақ­тар) хат­та­ма­ла­ры­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    - объ­ек­ті­нің ка­дастр­лық пас­пор­ты (2023 жыл­дың 1 шіл­де­сіне дей­ін объ­ек­ті­нің тех­ни­ка­лық пас­пор­ты);
    3) са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның қол­да­ны­луын қай­та ба­стау үшін:
    - осы Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    - са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның қол­да­ны­луын тоқ­та­та тұ­ру­ға негіз болған бұ­зу­шы­лық­тар­дың жой­ы­л­ға­нын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі;
    4) са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны қай­та ре­сім­деу үшін:
    - осы Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    - са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны қай­та ре­сім­де­у­ге негіз болған ти­іс­ті өзге­рі­стер­ді рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі;
    5) са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның қол­да­ны­сын тоқ­та­ту үшін:
    - осы Қа­ғи­да­лар­ға 4-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    - заң­ды тұл­ға­ның қыз­ме­тін тоқ­та­ту­ды не та­ра­ты­луын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі;
    6) са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру үшін:
    - осы Қа­ғи­да­лар­ға 5-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың де­ректе­рі ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу), да­ра кә­сіп­кер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік цифр­лық жүй­е­лер­ден «цифр­лық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды
    9.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы
    10.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­т­ін­де» мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты, сон­дай-ақ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фон­да­ры ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар 1414, 8 800 080 7777
    Ескертпе:
    *Объектілерді зертханалық-аспаптық зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының қолданылу мерзімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-334/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22007 болып тіркелген) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу қағидаларының 20-тармағында айқындалған мерзімдерге сәйкес келуге тиіс.

    «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    ____________________________

    мемлекеттік органның атауы

    ____________________________

    басшысының тегі, аты,

    әкесінің аты (бар болса)

    ____________________________

    өтініш берушінің тегі, аты,

    әкесінің аты (бар болса)

    ___________________________

    жеке сәйкестендіру нөмірі/

    бизнес сәйкестендіру нөмірі

    ___________________________

    өтініш берушінің мекенжайы

    ____________________________

    өтініш берушінің байланыс телефоны

    Өтініш

    Сізден ________________________________________ (аудан, көше, үй, пәтер) ______________________________________________________ бойынша орналасқан __________________объектінің нысаналы мақсаты _______________ тексеруді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

    Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

    қолы, күні, айы, жылы

    Қосымша (құжаттардың көшірмелері):___________.

    «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Форма

    А4 Форматы

    Формат А4

    Санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп-қарау АКТІСІ / АКТ Санитарно-эпидемиологического обследования №__________

    Мен (Біз) (Мною /Нами)___________________________________________

    лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә.), (должность фамилия, имя, отчество (при его наличии) (далее – Ф.И.О.) ____________________________________________________________________. мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының атауы, (наименование органа государственного санитарно-эпидемиологического надзора), мыналардың: (с участием) ____________________________________________________________________.

    тексеруге қатысқан басқа мамандарды көрсетіңіз (указать других специалистов, участвовавших в обследовании) ________________________________________.

    қатысуымен мамандар болғанда:

    (в присутствии)

    лауазымды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлға

    (должность, Ф.И.О. должностного лица или индивидуального предпринимателя)

    ____________________________________________________________________. басшысының лауазымы, Т.А.Ә. немесе жеке тұлғаның, лауазымы, Т.А.Ә./

    (Ф.И.О. руководителя юридического лица или Ф.И.О. физического лица)

    ____________________________________________________________________.

    нысанның, заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауы

    (наименование объекта, юридического лица или индивидуального предпринимателя) ____________________________________________________ тексеру жүргізілді (проведено обследование).

    ____________________________________________________________________ тексеру түрін көрсету (указать вид обследования)

    (начато) 20___ жылғы (года) «__» _________ __ сағат (часов) __ минутта (минут) басталды.

    Тексеру кезінде мыналар анықталды (при обследовании установлено):

    ___________________________________________________________________

    Қорытынды

    (Заключение):___________________________________________________ санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтердің

    (указать пункты нарушения требований санитарных правил)

    ___________________________________________________________________. және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптары бұзылған тармақтарды

    көрсетіңіз/(указать пункты нарушения гигиенических нормативов и иных нормативных правовых актов)

    ___________________________________________________________________.

    Қолдары (подписи) __________________________________________________

    мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органының лауазымды тұлғасы (должностное лицо государственного органа санитарно-эпидемиологического надзора __________________________________________. басқа да қатысқан мамандар, куәгерлер/участвовавшие другие специалисты, свидетели)___________________________________________________________.

    Тексеру кезінде болдым және актінің данасын алдым (при обследовании присутствовал и экземпляр акта получил)________________________________.

    заңды тұлға өкілінің немесе жеке кәсіпкердің немесе лауазымды тұлғаның лауазымы және Т.А.Ә. (должность и Ф.И.О. представителя юридического лица или должностного лица, или индивидуального предпринимателя) ___________________________________________________________________.

    Қол қоюдан бас тарту туралы белгі

    (отметка об отказе от подписи лица) _______________________________.

    (окончено) 20 __ жылғы (года) «___» ___________ ___ сағат (часов) ___ минутта (минут) аяқталды.

    Акт (акт составлен в) ___ данада жасалды (экземплярах) «__» ______ 20___жыл (год).

    «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    ____________________________

    мемлекеттік органның атауы

    ___________________________

    басшысының тегі, аты,

    әкесінің аты (бар болса)

    _________________________

    өтініш берушінің тегі, аты,

    әкесінің аты (бар болса)

    ____________________________

    бизнес сәйкестендіру нөмірі

    ____________________________

    өтініш иесінің мекенжайы

    ___________________________

    өтініш иесінің байланыс телефоны

    Өтініш

    Сізден ____________________________________ санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны жаңартуды, қайта ресімдеуді, оның қолданылуын тоқтатуды сұраймын (қажетінің астын сызу керек)

    ____________________________________________________________________

    (санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны берген органның атауы, берілген нөмірі, күні)

    ______________________________________________________________

    берілген объектінің атауы, орналасқан мекенжайы: аудан, көше, үй, пәтер, жобаның атауы

    Мынадай негізде (негіздерде)*:

    1) құжатта қателер (қате жазу) анықталған_____________;

    2) өтініш беруші – дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген_______________;

    3) өтініш беруші - заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) тұрған жері өзгерген______________;

    4) объектінің іс жүзінде орны ауыстырылмай тұрған жерінің мекенжайы өзгерген______________________________________________.

    Осы өтініш арқылы:

    1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылады және оларға рұқсат құжатын беру және бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін екендігі;

    2) қызметтің осы түрімен айналысуға өтініш беруге соттың сұрау салмағаны;

    3) барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетінін және дұрыс болып табылатыны;

    4) өтініш берушінің рұқсат құжатын алу кезінде цифрлық жүйелердегі «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабынының 4-тармағына сәйкес қорғалатын құпияларды құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіні расталады.

    Қолы, күні, айы, жылы.

    Қосымша (құжаттардың көшірмелері):_____________.

    * Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімделген жағдайда толтырылады.

    «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

    5-қосымша

    Нысан

    _______________________________

    мемлекеттік органның атауы

    ________________________

    басшысының тегі, аты,

    әкесінің аты (бар болса)

    ____________________________

    өтініш берушінің тегі, аты,

    әкесінің аты (бар болса)

    ___________________________

    жеке сәйкестендіру нөмірі/

    бизнес сәйкестендіру нөмірі

    ___________________________

    өтініш берушінің мекенжайы

    ____________________________

    өтініш берушінің байланыс телефоны

    Өтініш

    Сізден ___________________________ (аудан, көше, үй, пәтер) (объектінің атауы) ________________ бойынша орналасқан __________(себебін көрсету) __________ объект бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын, электрондық форматқа аударып (қажетінің астын сызу керек) беруіңізді өтінемін.

    Бұрын берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының № ____ 20__ жылғы ________.

    Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

    қолы, күні, айы, жылы

    Қосымша (құжаттардың көшірмелері):___________.

    «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

    6-қосымша

    Cанитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулер (сынақтар)

    Зерт­те­улер (сы­нақ­тар) түр­ле­рі
    Өл­ше­улер неме­се сы­на­ма алу ор­ны
    1. Мек­теп­ке дей­ін­гі тәр­би­е­леу және оқы­ту объ­ек­ті­ле­рі
    Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық
    Бар­лық топ­тар­дың ки­і­ніп-ше­ші­не­тін ор­ны, ой­ын бөл­ме­сі, жа­тын бөл­ме­ле­рі, му­зы­ка­лық (спорт­тық) ка­би­нет­тер, ме­ди­ци­на­лық үй-жай­лар, изо­ля­тор, бас­сейн­дер (бар бол­са)
    Су­ды зерт­теу:
    1) ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де су құ­бы­ры жүй­е­сі­нен алы­на­тын су (бак­те­рио­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық зерт­те­улер)
    су та­ра­ту кран­да­ры – ғи­ма­рат­та, ас бло­гын­да (бө­лек бл­ок­та ор­на­лас­қан кез­де)
    2) ор­та­лық­тан­ды­рыл­ма­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де жер­гі­лік­ті су­мен жаб­дық­тау көз­де­рі­нен алы­на­тын ауыз су (бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық зерт­те­улер)
    құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар, бұ­лақ­тар, су та­ра­ту кран­да­ры
    3) бар болған жағ­дай­да жа­бық жү­зу бас­сейн­де­рі­нен және ван­на­лар­дан алы­на­тын су (бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­те­улер)
    екі жер­де – бас­сейн ван­на­сы­ның тай­ыз және те­рең бө­лік­те­рін­де су ай­ды­ны бе­ті­нен 25-30 сан­ти­метр (бұ­дан әрі – см) те­рең­дік­те, сүз­гі­ден кей­ін­гі су
    4) әке­лі­не­тін су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де­гі ауыз су
    су­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған ыдыс­тар
    Элек­тро­маг­нит­тік өрі­стің, элек­тро­ста­ти­ка­лық өрі­стің кер­не­улі­гі
    Ком­пью­тер­лік және муль­ти­ме­ди­я­лық сы­нып­тар (ка­би­нет­тер) (бар бол­са)
    Жа­сан­ды жа­рық­тан­ды­ру дең­гейі
    Ой­ын үй-жай­ла­ры, оқу ка­би­нет­те­рі, му­зы­ка, спорт за­лы, ме­ди­ци­на­лық үй-жай­лар
    1. Бі­лім бе­ру және тәр­би­е­леу объ­ек­ті­ле­рі, бі­лім алушы­лар мен тәр­би­е­ле­ну­ші­лер­дің тұ­ра­тын жер­ле­рі
    Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық
    Қа­был­дау бөл­ме­ле­рі, жа­тын бөл­ме­лер, оқу үй-жай­ла­ры, ше­бер­ха­на­лар, спорт және му­зы­ка зал­да­ры, ме­ди­ци­на­лық ка­би­нет­тер, де­ма­лу­ға және ұй­ық­та­у­ға ар­нал­ған үй-жай­лар, ком­пью­тер­лік сы­нып­тар
    Су­ды зерт­теу:
    1) ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де су құ­быр­ла­ры жүй­е­сі­нен алы­на­тын су (бак­те­рио­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық зерт­те­улер)
    су та­ра­ту кран­да­ры – ғи­ма­рат­та, ас бло­гын­да (бө­лек бл­ок­та ор­на­лас­қан кез­де)
    2) ор­та­лық­тан­ды­рыл­ма­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де жер­гі­лік­ті су­мен жаб­дық­тау көз­де­рі­нен алы­на­тын ауыз су (бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық зерт­те­улер)
    құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар, бұ­лақ­тар, су та­ра­ту кран­да­ры
    3) бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­те­улер­ге ар­нал­ған су
    жа­бық жү­зу бас­сейн­де­рі­нен және ван­на­лар­дан (бар бол­са)
    4) әке­лі­не­тін су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де­гі ауыз су
    су­ды сақ­та­у­ға ар­нал­ған ыдыс­тар
    Фи­зи­ка­лық фак­тор­лар­ды зерт­теу:
    1) элек­тро­маг­нит­тік және элек­тро­ста­ти­ка­лық өрі­стер­дің кер­не­уі, шу
    ком­пью­тер­лік және муль­ти­ме­ди­я­лық сы­нып­тар, ка­би­нет­тер (бар бол­са)
    2) жа­сан­ды жа­рық­тан­ды­ру дең­гейі
    оқу үй-жай­ла­ры, зерт­ха­на­лар, ше­бер­ха­на­лар, өзін-өзі дай­ын­дау бөл­ме­ле­рі, оқу за­лы, ме­ди­ци­на­лық ка­би­нет
    2. Са­уық­ты­ру және са­на­тор­лық объ­ек­ті­лер, ба­за­лар, де­ма­лыс орын­да­ры, ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік оңал­ту объ­ек­ті­ле­рі
    Бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге зерт­те­улер­ге жер­гі­лік­ті су­мен жаб­дық­тау көз­де­рі­нен (ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған, құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар) алы­на­тын ауыз су
    Ас бл­ок­та­ры
    Бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық, ви­ру­со­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге зерт­те­улер­ге ар­нал­ған су
    Жа­бық, ашық жү­зу бас­сейн­де­рі, ван­на­лар, жа­ға­жай­лар (бар бол­са)
    Па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық, бак­те­рио­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге (жыл­дың жы­лы мез­гі­лін­де)
    То­пы­рақ, құм (құм, жа­ға­жай бар бол­са)
    Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра (жы­лы­ту ке­зе­ңін­де), са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық
    Жа­тын бөл­ме­лер, оқу үй-жай­ла­ры, кі­та­п­ха­на, мә­де­ни-бұ­қа­ра­лық іс-ша­ра­лар мен де­ма­лу­ға ар­нал­ған үй-жай­лар, ком­пью­тер­лік сы­нып­тар, қыз­мет­тік-тұр­мыстық, кір жу­а­тын бөл­ме, кір жу­а­тын жер (кір жуу ор­ны), ас­ха­на за­лы, бу­фет, фи­зио­те­ра­пи­я­лық ка­би­нет, мас­саж ка­би­не­ті, ме­ди­ци­на­лық үй-жай, спорт­зал, сек­ци­я­лық са­бақ­тар өт­кізу­ге ар­нал­ған бөл­ме, ре­кре­а­ция, ве­сти­бюль, ки­і­ніп-ше­ші­не­тін орын, ас үй, спорт за­лы­ның ки­ім ауы­сты­ра­тын бөл­ме­сі, үй-жай­лар бас­сейн ван­на­сы­нан, се­без­гі (бар бол­са)
    Жа­сан­ды жа­рық­тан­ды­ру дең­гейі
    Оқу, ой­ын бөл­ме­ле­рі мен үй­ір­ме бөл­ме­ле­рі, жа­тын бөл­ме­ле­рі, дене шы­нық­ты­ру және бас­сейн за­лы, де­ма­лыс
    Мик­ро­био­ло­ги­я­лық, фи­зи­ка-хи­ми­я­лық, ток­си­ко­ло­ги­я­лық, ра­дио­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­тер
    Ем­дік бал­шық (бар бол­са)
    3.Қо­ғам­дық та­мақ­та­ну объ­ек­ті­ле­рі, борт­тық та­мақ­та­ну объ­ек­ті­ле­рі, кө­лік­те­гі (те­мір­жол, әуе, су және ав­то­мо­биль) қо­ғам­дық та­мақ­та­ну объ­ек­ті­ле­рі
    Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық, ауа қоз­ға­лы­сы­ның жыл­дамды­ғы (жыл­дың сал­қын ке­зе­ңін­де)
    Өн­ді­рі­стік үй-жай­лар, қой­ма үй-жай­ла­ры
    Су­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге зерт­теу
    Су та­ра­ту кран­да­ры – ғи­ма­рат­та, құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар бұ­лақ­тар, су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­рыл­ма­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де)
    То­ңа­зыт­қыш және тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тар жұ­мыс іс­те­ген кез­де жел­де­ту жабды­ғы­нан бо­ла­тын шу (тұр­ғын үй­лер­дің кі­рік­ті­рі­ліп-жап­сар­лас са­лын­ған үй-жай­ла­рын­да)
    Жел­де­ту қон­дыр­ғы­ла­ры, жаб­дық­та­ры ор­на­лас­қан жер­лер­де
    Жа­рық­тан­ды­ру­ды өл­шеу
    Өн­ді­рі­стік үй-жай­лар, қой­ма үй-жай­ла­ры, ке­лу­ші­лер­ге ар­нал­ған зал
    5. Та­мақ өнім­де­рін өн­ді­ру, өң­деу объ­ек­ті­ле­рі
    Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық, ауа қоз­ға­лы­сы­ның жыл­дамды­ғы (жыл­дың суық ке­зе­ңін­де)
    Өн­ді­рі­стік үй-жай­лар, қой­ма үй-жай­ла­ры
    Су­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге зерт­теу
    Су та­ра­ту кран­да­ры – ғи­ма­рат­та (ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де); құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар және бұ­лақ­тар, су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­рыл­ма­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де)
    То­ңа­зыт­қыш және тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тың жұ­мысы ке­зін­де жел­де­ту жабды­ғы­нан шу (тұр­ғын ғи­ма­рат­тар­да, кі­рік­ті­рі­л­ген-жап­сар­лас үй-жай­лар­да)
    Жел­де­ту қон­дыр­ғы­ла­рын, жаб­дық­тар­ды ор­на­ла­сты­ру орын­да­ры
    6. Ден­са­улық сақ­тау объ­ек­ті­ле­рі
    Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық
    Ерекше ре­жим­де­гі үй-жай­лар: опе­ра­ци­я­лық, ем­ша­ра бөл­ме­сі, ма­ни­пу­ля­ци­я­лық, сте­рил­деу бө­лім­ше­ле­рі, жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­ге ар­нал­ған па­ла­та­лар, босан­ды­ру­дан кей­ін­гі па­ла­та­лар, бокстар, ре­ани­ма­ция зал­да­ры, қар­қын­ды те­ра­пия па­ла­та­ла­ры
    Су­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге зерт­теу
    Ғи­ма­рат­қа кір­ген және шық­қан кез­де­гі су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де); құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар, бұ­лақ­тар, су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­рыл­ма­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де)
    Жа­рық­тан­ды­ру­ды өл­шеу
    Ерекше ре­жим­де­гі үй-жай­лар: опе­ра­ци­я­лық, ем­ша­ра, ма­ни­пу­ля­ци­я­лық, бей­ін­ді ма­ман­дар­дың қа­был­дау ка­би­нет­те­рі (оф­таль­мо­лог, хи­рург, аку­шер-ги­не­ко­лог, трав­ма­то­лог, сто­ма­то­лог), жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­лер­ге ар­нал­ған па­ла­та­лар, ре­ани­ма­ция зал­да­ры, қар­қын­ды те­ра­пия па­ла­та­лар, қан дай­ын­дау үй-жай­ла­ры
    Шу дең­гейі
    Опе­ра­ци­я­лық үй-жай­лар
    Элек­тр­лік және маг­нит­тік өрі­стер­ді өл­шеу
    Фи­зио­те­ра­пи­я­лық, ди­а­гно­сти­ка­лық ка­би­нет­тер­де­гі жұ­мыс орын­да­рын­да
    До­зи­мет­ри­я­лық өл­ше­улер
    Ион­да­у­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рі­мен жұ­мыс іс­теу ке­зін­де жұ­мыс орын­да­ры, ара­лас үй-жай­лар мен аумақ
    7. Дә­рі­лік заттар­ды дай­ын­дау объ­ек­ті­ле­рі
    Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық, ауа ал­ма­су жи­і­лі­гі
    Ас­си­стент­тік, дә­рі­ха­на­лық ыдыс­ты сте­рил­деу, ди­стил­ля­ци­я­лау, өл­шеп-орау орын­да­ры, асеп­ти­ка­лық жағ­дай­лар­да дә­рі­лік ны­сан­дар­ды дай­ын­дау үй-жай­ла­ры, сақ­тау үй-жай­ла­ры
    Су­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге зерт­теу
    Ғи­ма­рат­қа кір­ген және шық­қан кез­де­гі су та­ра­ту кран­да­ры
    Жа­рық­тан­ды­ру­ды өл­шеу
    Ас­си­стент­тік, дә­рі­ха­на­лық ыдыс­ты сте­рил­деу, ди­стил­ля­ци­я­лау, өл­шеп-орау орын­да­ры, асеп­ти­ка­лық жағ­дай­лар­да дә­рі­лік ны­сан­дар­ды дай­ын­дау үй-жай­ла­ры, сақ­тау үй-жай­ла­ры, қыз­мет көр­се­ту за­лы
    8. Өн­ді­рі­стік объ­ек­ті­лер
    Мик­ро­кли­мат па­ра­метр­ле­рін зерт­теу
    Жұ­мыс орын­да­ры
    Фи­зи­ка­лық фак­тор­лар және ион­дал­ма­ған сәу­ле­ле­ну па­ра­метр­ле­рін зерт­теу
    Фи­зи­ка­лық фак­тор­лар кө­зі болған кез­де жұ­мыс орын­да­ры
    До­зи­мет­ри­я­лық өл­ше­улер
    Ион­да­у­шы сәу­ле­ле­ну көз­де­рі­мен жұ­мыс іс­те­ген кез­де жұ­мыс орын­да­ры
    Жұ­мыс ай­ма­ғы ауа­сы­ның па­ра­метр­ле­рін зерт­теу
    Жұ­мыс орын­да­ры (зи­ян­ды хи­ми­я­лық заттар­дың көз­де­рі болған кез­де)
    9. Ра­дио­тех­ни­ка­лық объ­ек­ті­лер
    Элек­тро­маг­нит­тік өрі­стер дең­гейі
    Өн­ді­рі­стік үй-жай­лар, са­ни­та­ри­я­лық- қор­ға­ныш ай­ма­ғы­ның ше­ка­ра­сы, құ­ры­лы­сты шек­теу ай­ма­ғы
    10. Ра­ди­а­ци­я­лық қа­уіп­ті объ­ек­ті­лер
    Фи­зи­ка­лық фак­тор­лар және ион­дал­ма­ған сәу­ле­ле­ну па­ра­метр­ле­рін зерт­теу
    Фи­зи­ка­лық фак­тор­лар кө­зі болған кез­де жұ­мыс орын­да­ры
    До­зи­мет­ри­я­лық өл­ше­улер
    Жұ­мыс орын­да­ры, жап­сар­лас үй-жай­лар, ұй­ым­ның ау­ма­ғы
    11. Жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­да­уды жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар мен кө­лік құ­рал­да­ры (те­мір­жол, су, әуе)
    Мик­ро­кли­мат па­ра­метр­ле­рін зерт­теу (тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық, ауа қоз­ға­лы­сы­ның жыл­дамды­ғы)
    Жұ­мыс және жо­ла­у­шы­лар орын­да­ры
    Су­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге зерт­теу
    Кон­струк­ци­я­сын­да су­мен жаб­дық­тау жүй­е­сі көз­дел­ген кө­лік құ­рал­да­ры үшін
    Фи­зи­ка­лық фак­тор­лар­дың па­ра­метр­ле­рін (шу, ді­ріл) және ион­да­у­шы емес сәу­ле­ле­ну­ді зерт­теу
    Жұ­мыс және жо­ла­у­шы­лар орын­да­ры
    Кө­лік құ­рал­да­ры үй-жай­ла­ры­ның ауа­сын­да­ғы зи­ян­ды заттар­ды зерт­теу, сон­дай-ақ шаң­ды­лық
    Жұ­мыс және жо­ла­у­шы­лар орын­да­ры
    12. Ша­ру­а­шы­лық ауыз су­мен жаб­дық­тау объ­ек­ті­ле­рі
    Су­ды зерт­теу: бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық зерт­те­улер
    Су алу нүк­те­ле­рі
    Жер үсті көз­де­ріне ар­нал­ған па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге су­ды зерт­теу
    Су алу нүк­те­ле­рі
    Су­ды ра­дио­ло­ги­я­лық зерт­теу
    Су­мен жаб­дық­та­удың жа­ңа көз­де­рі үшін
    13. Су объ­ек­ті­ле­рі (мә­де­ни-тұр­мыстық мақ­сат­та­ғы), де­ма­лыс орын­да­ры
    Су­ды зерт­теу: бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­те­улер
    Пай­да­ла­ну орын­да­ры
    То­пы­рақ­ты па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­те­улер
    Жа­ға­жай­лар (бар бол­са)
    14. Та­мақ өнім­де­рін кө­тер­ме сақ­тау және (неме­се) өт­кі­зу объ­ек­ті­ле­рі, хи­ми­я­лық заттар мен өнім­дер­ді, аг­ро­хи­ми­кат­тар мен пе­сти­цид­тер­ді (улы хи­ми­кат­тар­ды) сақ­та­у­ға ар­нал­ған қой­ма­лар, вак­ци­на­лар мен им­му­но­ло­ги­я­лық (им­мун­дық-био­ло­ги­я­лық) дә­рі­лік пре­па­рат­тар­ды сақ­тау және та­сы­мал­дау объ­ек­ті­ле­рі
    Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық
    Қой­ма үй-жай­ла­ры, жұ­мыс орын­да­ры
    Жа­рық­тан­ды­ру­ды өл­шеу
    Жұ­мыс орын­да­ры
    Тұр­ғын ғи­ма­рат­тар­да және өзге мақ­сат­та­ғы ғи­ма­рат­тар­да ор­на­лас­қан объ­ек­ті­лер үшін шу мен ді­ріл­ді өл­шеу
    Жұ­мыс іс­теп тұр­ған жаб­дық­тан, оның ішін­де жел­дет­кіш жаб­дық­тан
    Элек­тро­маг­нит­тік және сәу­ле­ле­ну­дің өзге де түр­ле­рін зерт­теу
    Фи­зи­ка­лық фак­тор­лар кө­зі болған кез­де жұ­мыс орын­да­ры
    Зи­ян­ды заттар­дың құ­ра­мы­на жұ­мыс ай­ма­ғы­ның ауа­сын зерт­теу (өнер­к­ә­сіп­тік үл­гі­де­гі то­ңа­зыт­қыш жаб­дық­та­рын пай­да­ла­на­тын объ­ек­ті­лер үшін)
    Жұ­мыс орын­да­ры
    15. Па­то­ген­ді­гі I-IV топ­тар­да­ғы па­то­ген­ді био­ло­ги­я­лық агент­тер­мен жұ­мыс іс­тей­тін зерт­ха­на­лар
    Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық
    Зерт­те­у­ге ар­нал­ған үй-жай­лар, жұ­мыс орын­да­ры
    Жа­рық­тан­ды­ру­ды өл­шеу
    Жұ­мыс орын­да­ры
    Шу мен ді­ріл­ді өл­шеу
    Жұ­мыс іс­теп тұр­ған жаб­дық­тан, оның ішін­де жел­дет­кіш жаб­дық­тан
    16. Спорт­тық-са­уық­ты­ру мақ­са­тын­да­ғы объ­ек­ті­лер, бас­сейн­дер, мон­ша­лар, сау­на­лар
    Су­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық және са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық көр­сет­кіш­тер­ге зерт­теу
    Су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­ры­л­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де); құ­дық­тар, ұң­ғы­ма­лар, кап­таж­дар, бұ­лақ­тар, су та­ра­ту кран­да­ры (ор­та­лық­тан­ды­рыл­ма­ған су­мен жаб­дық­тау ке­зін­де)
    Су­ды бак­те­рио­ло­ги­я­лық, са­ни­та­ри­я­лық-хи­ми­я­лық, па­ра­зи­то­ло­ги­я­лық зерт­теу
    Жа­бық жү­зу бас­сейн­де­рі­нен және ван­на­лар­дан (бар бол­са)
    Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық, ауа қоз­ға­лы­сы­ның жыл­дамды­ғы, 1 са­ғат­тық ауа ал­ма­су жи­і­лі­гі
    Ве­сти­бюль, ки­ім іле­тін орын, ки­і­ніп-ше­ші­не­тін бөл­ме, жуы­на­тын бөл­ме, се­без­гі, бу­лау бөл­ме­сі, қыз­мет­кер­лер­ге ар­нал­ған тұр­мыстық үй-жай­лар
    17. Дез­ин­фек­ци­я­лау, дезин­сек­ци­я­лау, де­ра­ти­за­ци­я­лау құ­рал­да­рын және (неме­се) пре­па­рат­та­рын сақ­тау объ­ек­ті­ле­рі, сон­дай-ақ дез­ин­фек­ци­я­лау, дезин­сек­ци­я­лау, де­ра­ти­за­ци­я­лау құ­рал­да­рын және (неме­се) пре­па­рат­та­рын пай­да­ла­на оты­рып, жем­дер­ді, тұ­з­ақ­тар­ды, жұ­мыс ері­т­ін­ді­ле­рін дай­ын­дау және (неме­се) буып-түю жө­нін­де­гі жұ­мыс жү­зе­ге асы­ры­ла­тын объ­ек­ті­лер
    Мик­ро­кли­мат­ты зерт­теу: тем­пе­ра­ту­ра, са­лы­стыр­ма­лы ылғал­ды­лық
    Қой­ма үй-жай­ла­ры, жұ­мыс орын­да­ры
    Жа­рық­тан­ды­ру­ды өл­шеу
    Жұ­мыс орын­да­ры
    Тұр­ғын ғи­ма­рат­тар­да және өзге мақ­сат­та­ғы ғи­ма­рат­тар­да ор­на­лас­қан объ­ек­ті­лер үшін шу мен ді­ріл­ді өл­шеу
    жұ­мыс іс­теп тұр­ған жаб­дық­тан, оның ішін­де жел­дет­кіш жаб­дық­тан
    Элек­тро­маг­нит­тік және сәу­ле­ле­ну­дің өзге де түр­ле­рін зерт­теу
    фи­зи­ка­лық фак­тор­лар­дың кө­зі болған жағ­дай­да жұ­мыс орын­да­ры
    Зи­ян­ды заттар­дың құ­ра­мы­на жұ­мыс ай­ма­ғы­ның ауа­сын зерт­теу (өнер­к­ә­сіп­тік үл­гі­де­гі то­ңа­зыт­қыш жаб­дық­та­рын пай­да­ла­на­тын объ­ек­ті­лер үшін)
    жұ­мыс орын­да­ры

    бұйрығына 2 қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық қауіпсіздік

    комитеті Төрағасының

    2022 жылғы 21 маусымдағы

    № 29/қе бұйрығына

    2-қосымша

    «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

    2. Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

    2-тарау. Жобаларға мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

    3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды (бұдан әрі – жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен не «цифрлық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшада көзделген Жобаларға мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып жүгінеді.

    4. Көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және тіркеу жүзеге асырылады, олардың қабылданған күні, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі берілген күні көрсетіле отырып, олардың қабылданғаны туралы ерікті нысанда қолхат беріледі және басшыға қарауға беріледі, ол 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерді айқындайды.

    Көрсетілетін қызметті алушы жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

    5. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды электрондық құжат нысанында жібереді.

    6. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар жиынтығын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.

    8. Құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері объектіге бармай-ақ 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне құжаттарға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізеді.

    9. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізгеннен кейін тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың оң қорытындысы болған кезде 2 (екі) жұмыс күні ішінде «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) 290-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді.

    10. Көрсетілетін қызметті беруші тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 66-бабында көзделген тәсілдердің бірімен алдын ала шешім туралы хабарлама жібереді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық білдіруге немесе ұсынуға мүмкіндігі болады.

    Тыңдау рәсімі ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.

    Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.

    11. Қағаз жеткізгіште ресімдеген кезде жобаларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды, олар мөрмен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберіледі.

    12. Портал арқылы жүгінген жағдайда нәтижелер электрондық құжат нысанында ресімделеді, көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен оларға қол қойылады және көрсетілетін қызметті алушыға оның порталдағы «жеке кабинетіне» жіберіледі.

    13. Жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу:

    1) құжатта қателер (қате жазу) анықталған;

    2) өтініш беруші – дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;

    3) өтініш беруші - заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) тұрған жері өзгерген;

    4) объектінің іс жүзінде орны ауыстырылмай тұрған жерінің мекенжайы өзгерген жағдайларда жүзеге асырылады.

    14. Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайларда жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуге негіз болған тиісті өзгерістерді растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жүгінеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    Оң қорытынды болған кезде көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдейді не теріс қорытынды болған кезде көрсетілген мерзімдерде жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуден дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.

    15. Жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу объектілерге бұрын берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып жүргізіледі.

    16. Көрсетілетін қызметті беруші тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуден бас тартады.

    17. Жобаларға қағаз түрінде берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды жоғалған, бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша портал арқылы жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын алу үшін жүгінеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші өтініш берілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде объектілерге оң жақ жоғарғы бұрышта «телнұсқа» деген жазуы бар және бастапқы берілген күнін және оларды қайта ресімдеу күнін көрсете отырып, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын береді.

    Егер жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды қағаз түрінде берілген болса, оны электрондық форматқа аудару және электрондық нысанды алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша өтінішпен немесе портал арқылы жүгінеді.

    18. Цифрлық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде «цифрлық үкіметтің» операторын хабардар етеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші жобаларға мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын қосалқы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

    3-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Шағым шешімі, әрекеті (әрекетсіздігі) шағымданатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.

    Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде жағымды шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

    Көрсетілетін қызметті берушіге Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

    Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі

    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ата­уы: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ор­ган­да­ры­ның объ­ек­ті­ле­рін­де­гі адам­ға әсер ете­тін фи­зи­ка­лық фак­тор­лар­дың көз­де­рі, са­ни­та­ри­я­лық қор­ғау ай­мақ­та­рын бел­гі­леу, пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген объ­ек­ті­лер­дің бел­гі­лен­ген са­ни­та­ри­я­лық-қор­ға­ныш ай­мақ­та­рын өзгер­ту бой­ын­ша нор­ма­тив­тік құ­жат­та­ма жо­ба­ла­ры­ның ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ге сәй­кест­і­гі ту­ра­лы са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды бе­ру.
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші түр­ле­рі­нің ата­уы:
    -адам­ға әсер ете­тін фи­зи­ка­лық фак­тор­лар­дың көз­де­рі бой­ын­ша, са­ни­та­ри­я­лық қор­ғау ай­мақ­та­рын бел­гі­леу бой­ын­ша, нор­ма­тив­тік құ­жат­та­ма­ның жо­ба­ла­ры­на са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды алу;
    -пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген объ­ек­ті­лер­дің бел­гі­лен­ген са­ни­та­ри­я­лық-қор­ға­ныш ай­мақ­та­рын өзгер­ту бой­ын­ша жо­ба­ла­ры­на са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды алу;
    -са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны қай­та ре­сім­деу;
    са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру
    1.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ра­тын ҰҚК құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сі
    2.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) бе­ру тә­сіл­де­рі
    «Цифр­лық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі –
    пор­тал) ар­қы­лы не көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі ар­қы­лы
    3.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту мер­зі­мі
    1) Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны бер­ген кез­де: 12 (он екі) жұ­мыс кү­ні;
    2) Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның қол­да­ны­луын қай­та ре­сім­деу ке­зін­де: 4 (төрт) жұ­мыс кү­ні;
    3) Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның тел­нұс­қа­сын бер­ген кез­де: 2 (екі) жұ­мыс кү­ні
    4.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­тi және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ны­са­ны
    элек­трон­дық (іші­на­ра цифр­лан­ды­ры­л­ған)/
    қа­ғаз тү­рін­де
    5.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту нәти­же­сі
    Жо­ба­лар­дың сәй­кест­і­гі ту­ра­лы са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды не мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап
    6.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­ле­ма­қы мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет және оның кі­ші түр­ле­рі (бар бол­са) те­гін негіз­де көр­се­ті­ле­ді
    7.
    Жұ­мыс кесте­сі
    1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 13.00-ден 15.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 19.00-ге дей­ін.
    Өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген күн­де­рі са­ғат 13.00-ден 15.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 19.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    2. Пор­тал­да: (жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­мен бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да) тәу­лік бойы. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды
    8.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Кі­ші түр­ле­рі бой­ын­ша рұқ­сат бе­ру үшін:
    1) адам­ға әсер ете­тін фи­зи­ка­лық фак­тор­лар­дың көз­де­рі бой­ын­ша, са­ни­та­ри­я­лық қор­ғау ай­мақ­та­рын бел­гі­леу бой­ын­ша, нор­ма­тив­тік құ­жат­та­ма­ның жо­ба­ла­ры­на са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды алу үшін:
    -осы Қа­ғи­да­лар­дың 2-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    -қор­ша­ған ор­та­ға зи­ян­ды заттар­дың, фи­зи­ка­лық фак­тор­лар­дың шек­ті жол бе­рі­ле­тін шы­ға­рын­ды­ла­ры, шек­ті жол бе­рі­ле­тін тө­гін­ді­ле­рі бой­ын­ша нор­ма­тив­тік құ­жат­та­ма жо­ба­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    2) пай­да­ла­ну­ға бе­рі­л­ген объ­ек­ті­лер­дің бел­гі­лен­ген са­ни­та­ри­я­лық-қор­ға­ныш ай­мақ­та­рын өзгер­ту бой­ын­ша жо­ба­ла­ры­на са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды алу үшін:
    - осы Қа­ғи­да­лар­дың 2-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    - са­ни­та­ри­я­лық кү­зет ай­ма­ғы­ның, са­ни­та­ри­я­лық-қор­ғау ай­мақ­та­ры­ның нор­ма­тив­тік құ­жат­та­ма­сы жо­ба­сы­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (есеп­тік (ал­дын ала), бел­гі­леу үшін);
    - (бел­гі­лен­ген (түп­кі­лік­ті) үшін) шы­найы зерт­те­улер мен өл­шем­дер­дің жыл­дық цик­лі­нің хат­та­ма­сы;
    3) са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны қай­та ре­сім­деу үшін:
    - осы Қа­ғи­да­лар­дың 3-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш;
    - са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ны қай­та ре­сім­де­у­ге негіз болған ти­іс­ті өзге­рі­стер­ді рас­тай­тын құ­жат­тар­дың кө­шір­ме­ле­рі;
    4) са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның тел­нұс­қа­сын бе­ру үшін:
    - осы Қа­ғи­да­лар­дың 4-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес ны­сан бой­ын­ша өті­ніш.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың де­ректе­рі ту­ра­лы, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу), да­ра кә­сіп­кер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік цифр­лық жүй­е­лер­ден «цифр­лық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды
    9.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­ле­рін­де бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты оның қыз­ме­тіне неме­се мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ды та­лап ете­тін же­ке­ле­ген қыз­мет түр­ле­ріне тый­ым са­лу ту­ра­лы сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің (үкі­мі­нің) бо­луы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­найы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы бой­ын­ша;
    5) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы
    10.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті және оның кі­ші түр­ле­рін (бар бол­са) көр­се­ту, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып, қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба болған жағ­дай­да пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­т­ін­де» мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті қа­шық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты, сон­дай-ақ көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер мә­се­ле­ле­рі жө­нін­де­гі бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның те­ле­фон­да­ры ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар 1414, 8 800 080 7777

    «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    ____________________________

    мемлекеттік органның атауы

    ____________________________

    басшысының тегі, аты,

    әкесінің аты (бар болса)

    _________________________

    өтініш берушінің тегі, аты,

    әкесінің аты (бар болса)

    ____________________________

    жеке сәйкестендіру нөмірі/

    бизнес сәйкестендіру нөмірі

    ____________________________

    өтініш иесінің мекенжайы

    ___________________________

    өтініш иесінің байланыс телефоны

    Өтініш

    Сізден _________________________________________________________ (жобаның атауы)

    жобалық құжаттамаға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізуді және санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беруді сұраймын.

    Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

    Қосымша (құжаттардың көшірмелері): ___________.

    Қолы, күні, айы, жылы.

    «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    ____________________________

    мемлекеттік органның атауы

    ____________________________

    басшысының тегі, аты,

    әкесінің аты (бар болса)

    _________________________

    өтініш берушінің тегі, аты,

    әкесінің аты (бар болса)

    ____________________________

    жеке сәйкестендіру нөмірі/

    бизнес сәйкестендіру нөмірі

    ____________________________

    өтініш иесінің мекенжайы

    ___________________________

    өтініш иесінің байланыс телефоны

    Өтініш

    Сізден__________________________________________________________ санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеуді сұраймын

    ____________________________________________________________________ (санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны берген органның атауы, нөмірі, берілген күні)

    Мынадай негізде (негіздерде):

    1) құжатта қателер (қате жазу) анықталған__________________________;

    2) өтініш беруші – дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген__________________________;

    3) өтініш беруші - заңды тұлғаның, өнімді дайындаушының атауы және (немесе) тұрған жері өзгерген________________;

    4) объектінің іс жүзінде орны ауыстырылмай тұрған жерінің мекенжайы өзгерген____________________________.

    Осы өтініш арқылы:

    1) барлық көрсетілген деректер ресми байланыс болып табылады және оларға рұқсат құжатын беру және бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін екендігі;

    2) қызметтің осы түрімен айналысуға өтініш беруге соттың сұрау салмағаны;

    3) барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келетінін және дұрыс болып табылатыны;

    4) өтініш берушінің рұқсат құжатын алу кезінде цифрлық жүйелердегі «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабынының 4-тармағына сәйкес қорғалатын құпияларды құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіні расталады.

    Қолы, күні, айы, жылы.

    Қосымша (құжаттардың көшірмелері):__________.

    «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілеріндегі адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздері, санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу, пайдалануға берілген объектілердің белгіленген санитариялық-қорғаныш аймақтарын өзгерту бойынша нормативтік құжаттама жобаларының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    ____________________________

    басшысының тегі, аты,

    әкесінің аты (бар болса)

    ___________________________

    мемлекеттік органның атауы

    ____________________________

    өтініш берушінің тегі, аты,

    әкесінің аты (бар болса)

    ___________________________

    жеке сәйкестендіру нөмірі/

    бизнес сәйкестендіру нөмірі

    ___________________________

    өтініш берушінің мекенжайы

    ____________________________

    өтініш берушінің байланыс телефоны

    Өтініш

    Сізден ___________________________ (аудан, көше, үй, пәтер) (объектінің атауы) ________________ бойынша орналасқан __________(себебін көрсету) __________ жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының телнұсқасын, электрондық форматқа аударып беруіңізді өтінемін (қажетінің астын сызу керек).

    (қажетінің астын сызу керек).

    Бұрын берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының № ____ 20__ жылғы ________.

    Цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

    қолы, күні, айы, жылы

    Қосымша (құжаттардың көшірмелері):___________.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.