«Науырзым ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 8 маусымдағы № 76 қаулымының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасысының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Науырзым ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы» Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 8 маусымдағы № 76 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7903 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. «Науырзым ауданының экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жариялғаннан кейін оның Науырзым ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Науырзым ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
А. Тлеубергенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.